Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В04104-Қаржы Пән циклы атауы және коды



бет16/43
Дата30.03.2022
өлшемі245,29 Kb.
#29305
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
Байланысты:
Силлабус ДОТ МИКРОМАКРО 1ФК во 19-20

Тақырыбы: Экономикалық өсудің типтері мен факторлары

Сағат саны: 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1. Ұзақ мерзімді кезеңдегі экономикалық өсу

2. Р.Солоудың неоклассикалық моделі

3.Капитал қорлануының «Алтын ережесі»



Дәріс тезисі:

Экономикалық өсу - бұл нақты жалпы ішкі өнімнің артуының ұзақ мерзімді тенденциясы. Сонымен қоса, экономикалық өсу ұзақ мерзімді кезеңді сипаттайтын көрсеткіш болғандықтан әңгіме потенциалды ЖІӨ-нің артуы, экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінің артуы жөнінде болып отыр. Сонымен, экономикалық өсу дегеніміз – экономикадағы нақты табыстың артуы, сонымен қатар жан басына шаққандағы нақты өндіріс көлемінің өсуі.

Экономикалық өсудің басты мақсаты - ұлттық байлықты арттыру және халықтың әл-аухатын көтеру. Елдің өндірістік потенциалы артық және экономикалық өсудің қарқыны жоғары болған сайын өмір сүру сапасы мен деңгейі соғұрлым жоғары болады.

Егер экономикалық өсу қосымша ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылса және қоғамдағы орташа еңбек өнімділігін өзгертпесе, ол экстенсивті экономикалық өсу деп аталады. Ал, интенсивті өсу жетілдірілген өндіріс факторлары мен өндіріс технологиясын қолданумен байланысты, яғни ресурстар нарығының көлемін арттыру есебінен емес, олардың қайтарымдылығын арттыру есебінен жүзеге асады. Интенсивті өсу халықтың әл-аухатының көтерілуіне негіз болады.

Нақты өмірде экономикалық өсудің бұл түрлері «таза» түрінде кездеспейді. Олар аралас түрде болады. Аралас өсу - өндіріс қуаттылықтарының қолданылатын өндіріс факторларының санын арттыру және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде артуы.

Экономикалық өсу теорияларының бірқатары нарықтық бағыттың негізін қалаушы, классик Ж.Б.Сэйдің, неоклассикалық мектептің өкілі Дж.Б.Кларктің теориясына және макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнстік теориясына негізделеді. Неоклассикалық бағыттың жақтаушылары экономиканы өндіріс факторларын ұтымды қолданатын, өздігінен реттелетін механизм деп түсіндіреді. Қазіргі экономикалық теория кері пікірге тоқталады, яғни бұл теория бойынша экономикада тепе-теңдік сақтала бермейді. Бұл теорияларға төмендегілер жатады:

а) Дж.Кейнстің қысқа мерзімдегі экономикалық теңдестік моделі;

ә) Харрод-Домардың динамикалық теңдестік моделі;

б) Кобб-Дугластың екі факторлық моделі;

в) Р.Солоудың моделі.

Р.Солоу өз моделінде америка экономисі Э.Фелпс ұсынған жинақтаудың «алтын ережесін» қолданды. Алтын ереженің мәні мынада: әрбір ұрпақ өзінің болашақ ұрпағы үшін алдыңғы ұрпақтарынан алып қалған табысының бөлігін жинақтауы тиіс. Басқаша айтқанда, пайыздық ставка халықтың өсу қарқынына тең болуы тиіс.

Р.Солоу моделі қазіргі экономикалық өсу теориясындағы үздік модель болып табылады. Алайда, оның кемшіліктері де жоқ емес. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:


  • модельдің тек ұзақ мерзім үшін қолданылуы;

  • модельдеу барысында өсуді шектейтін кейбір ресурстық, экономикалық, әлеуметтік шығындардың ескерілмеуі;

- өндіріс фактоларының капитал мен еңбектен басқа факторларының ескерілмеуі.

Әдебиет

  1. Мэнкью Грегори Н, Тейлор Марк. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 848 б.

  2. Макроэкономика. Учебник. Агапова Т.А., Серегина С.Ф./переизд. и доп. – М.:Маркет ДС., 2013. - 416 с.

  3. Сборникбизнес-кейсов. – Алматы: Almaty Management University, 2015. – 149 с.

  4. Серегина С.Ф. Макроэкономика. Сборник задач и упражнений. Учебное пособие для академическогобакалавриата. / 2-изд.-М.:Юрайт, 2015. -174с.

  5. Леусский А.Н., Тарасевич Л.С., Гребенников П.И., Макроэкономика. Учебник и практикум для академическогобакалавриата.-М.:Юрайт, 2015. -527с.

Өткізу форматы: цифрлық технологияларды қолдану (бейнеконференция, вебинар, Интернет желісін және т.б. қолдану).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет