ЖІӨ-ді шығындар бойынша есептегенде төмендегілер қосылады:
а) коммерциялық емес үйымның ақырғы тұтыну шығындары.
ә) инвестициялық шығындар құрамында өндірістік немесе тұтыну мақсатында емес, құнын сақтау мақсатында қызмет ететін заттар – бағалы металл, асыл тастар, антиквариат, коллекция, зергерлікзаттар.
ЖІӨ-ге өткен жылдары өндірілген өнімдер және аралық өнімдерді сатып алу шығындары кірмейді.
Жалпы ішкі өнімнің құрамына төмендегі шығындар енгізілмейді:
зейтетақы, жәрдемақы, стипендия, әлеуметтік сақтандыру сомасы тәрізді өнім өндіруге байланысты емес төлемдерден тұратын мемлекеттік трансферттік төлемдер;
қор нарығында айналыста жүрген бағалы қағаздар құны;
бұрын қолданыста болған тауарларды қайта сатудан түсетін түсім.
Үшінші әдіс бойынша төмендегі табыстар қосылады:
халықтың жалақы түрінде алған және дербес қызметінен алған табыстары
корпорация табысы
рента немесе арендалық төлем түріндегі табыс
жинақтау бойынша пайыздық ставка
кәсіпкерлік қызметке салынатын салық (мемлекет табысы)
амортизациялық аударым.
Номиналды ЖІӨ ағымдық жыл бағасымен есептелінеді. Ал нақты ЖІӨ базистік жыл бағасымен есептелінеді
нақты ЖІӨ =номиналдық / баға индексі
Баға индексі инфляция қарқынының өзгерісін бағалау үшін қажет.
Тұтыну бағаларының индексі тауар мен қызметтер қоржынының орташа баға деңгейінің өзгерісін көрсетеді.
ТБИ-сін Ласпейрес, Пааше, Фишер индекстері арқылы анықтауға болады.
;;
Ріо – тауар мен қызметтің базистік жылғы бағасы,
Ріt- тауар мен қызметтің ағымдық жылғы бағасы,
Qіо – тауар мен қызметтің базистік жылғы көлемі,
Qіt – – тауар мен қызметтің ағымдық жылғы көлемі.
ЖІӨ дефляторы = номиналды ЖІӨ / нақты ЖІӨ.
Таза ішкі өнім (ТІӨ)= ЖІӨ - амортизация
Достарыңызбен бөлісу: |