Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 7М01701 -Қазақ тілі мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет10/26
Дата15.10.2023
өлшемі130,75 Kb.
#115250
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
Силлаб Абай әлемі. Магистратура

Дәріс тезисі
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.  Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді. Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында “… адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз. 
Бекіту сұрақтары:
Абай ойшыл, философ ақын
2.Әл-Фараби және Абай
Әдебиет
1.Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. Алматы, “Жазушы”, 1995
2.Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Абай туралы зерттеулері. 18-19-т. Алматы, “Жазушы”, 1985
3.Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, “Рауан”, 1993
4.Ердембеков Б. Абайтану. Астана, «Фолиант», 2012
5.Абай және қазіргі заман (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлары). Алматы, “Ғылым”, 1994
6.Есім Ғ. Хакім Абай. Алматы, “Атамұра – Қазақстан”, 1994
7.“Абайдың дүниетанымы мен философиясы”. Алматы, “Ғылым”, 1995


Тақырыбы 12 Абайдың мораль философиясы
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Абай шығармаларындағы мораль философиясы
2. Абай шығармаларындағы “адам болу шарттары”.
Дәріс тезисі
Адамзаттың Абайына айналған Абай Құнанбайұлының ойлары, мұралары жөнінде айтылар ой, жазылар сөз таусылмас, сірә! Абайдың жұмбағы екі ғасырға жуық уақыт өтсе де әлі шешілер емес. Мағжанның ең алғаш «хәкім» деп баға берген Абайдың бір ұлылығы осында жатыр.
Оның эстетиклық ойлары, фәлсапасы, толғанысы, суретшілігі, сыршылдығы бәрі-бәрі өлеңдерінен, қара сөздерінен көрінеді. Осыған орай Абай фәлсапасының философиямен байланысын бағамдау әр ұрпақтың міндеті. Сол себепті бұл мақаламызда Абайдың мораль философиясына қатысын қал-қадырымызша анықтап көрдік.
Жалпы мораль философиясында жақсылық пен жамандық, әділет пен әділетсіздік, мейірімділік пен қатігездік, адалдық пен қиянатшылдық секілді ұғымдар қарастырылады. Бұл ұғымдар, әрине, Абай шығармашылығында үлкен орын алады.
Осы орайда гуманист ақын өз замандастарын адамгершілік биігінен көргісі келді. «Түзетпек едім заманды» деп өзі өмір сүрген қоғамдағы әрбір адамды, жастарды адамгершілікке, әділеттілікке, махаббатқа, жан құмарын қандырмаққа баулыды, тәрбиеледі. Осы ойын алғаш «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде шығыс ғалымы Ғұламаһи Дауаниге сілтеме жасай отырып көрсетеді.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз, -деп нағыз, толық адам болудың алғышарттарын атын атап, түсін түстеп көрсетіп береді. Бес асыл іске талап, еңбек, терең ой, қанағат және рахымды жатқызып, осы бес нәрсенің етегінен ұстауымыз керек екенін, өмірлік ұстанымымызға айналдыру қажет екенін айтады. Міне, Абайдағы «адам болу» осы «Адам болам десеңіз» тезисінен желілеп тарқатылып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет