Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 7М01701 -Қазақ тілі мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет8/26
Дата15.10.2023
өлшемі130,75 Kb.
#115250
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
Силлаб Абай әлемі. Магистратура

Бекіту сұрақтары:

  1. Әдеби орта ұғымы

  2. Абайдың әдебиеттегі дәстүрі

Әдебиет
1.Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. Алматы, “Жазушы”, 1995
2.Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Абай туралы зерттеулері. 18-19-т. Алматы, “Жазушы”, 1985
3.Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, “Рауан”, 1993
4.Ердембеков Б. Абайтану. Астана, «Фолиант», 2012
5.Абай және қазіргі заман (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлары). Алматы, “Ғылым”, 1994
6.Есім Ғ. Хакім Абай. Алматы, “Атамұра – Қазақстан”, 1994
7.“Абайдың дүниетанымы мен философиясы”. Алматы, “Ғылым”, 1995


Тақырыбы 9. Абайдың қарасөздері. Абайдың шығармашылық мұрасында оның қарасөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Абай қарасөздерінің жанрлық ерекшеліктері

  2. Абай қарасөздерінің стильдік ерекшеліктері

  3. Абай қарасөздерінің зерттелуі

Дәріс тезисі
Жалпы алғанда Абайдың осы барлық қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінше бір бөлек, бір алуаны боп саналады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді. Кейбірсырт сипаттарына қарағанда Л. Н. Толстойдың «Круг чтения» деп аталатын еңбегіне ұқсас. Толстой өзінен басқа ойшылдардың көп-көп жайлардан жазған толғаулы терең пікірлерін жиып топтап, өз оқушыларына бірнеше кітап етіп ұсынған. Бірақ Толстой «Круг чтенияда» оқушыларымен тыныш, тату әңгіме өткізем дейді. Сөз бастағанда әрбір жайлардан өз ойларын келтірмейді. Абайдың қарасөзінде Сократтың сөзін дін үгітшілерінің сөздерін келтіргендей етеді. Абай қарасөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады. Осыдан соңғы қарасөздер жөнінде айқын байқалатын бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің көптен-көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді. Онысы - анығында солай да еді. Осы жайды ескеріп, Абай енді қарасөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қарасөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар жеңіл, қарапайым, оңай ұғымдар мен қайтадан айтылады. Бұл жөнінде Абай өзінің көпшілік оқушы, тыңдаушысыменен әңгімелеседі. Және сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелерінен: әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Немесе осылардай, адамдық сипаттың жауы болатын аярлық жалғаншылық, бәлеқұмарлық, мақтаншақтык, мансапқорлық, өсекші-өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тындаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын алдымен ойлайды. 
Бекіту сұрақтары:

  1. Абай қарасөздерінің жанрлық ерекшеліктері

  2. Абай қарасөздерінің стильдік ерекшеліктері

  3. Абай қарасөздерінің зерттелуі

Әдебиет
1.Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. Алматы, “Жазушы”, 1995
2.Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Абай туралы зерттеулері. 18-19-т. Алматы, “Жазушы”, 1985
3.Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, “Рауан”, 1993
4.Ердембеков Б. Абайтану. Астана, «Фолиант», 2012
5.Абай және қазіргі заман (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлары). Алматы, “Ғылым”, 1994
6.Есім Ғ. Хакім Абай. Алматы, “Атамұра – Қазақстан”, 1994
7.“Абайдың дүниетанымы мен философиясы”. Алматы, “Ғылым”, 1995


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет