Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 7М01701 -Қазақ тілі мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет3/26
Дата15.10.2023
өлшемі130,75 Kb.
#115250
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
Тақырыбы 1 АБАЙДЫҢ ҚАЗАҚ РУХАНИ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.Абайдың қазақ рухани өміріндегі орны.
2.Абайтану ғылымының, тарихының қалыптасуы
Дәріс тезисі

Қазақ қоғамының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің кемеңгері Абай Құнанбайұлы – өз халқының реалистік жаңа әдебиетінің негізін қалағандығы. Ұлы ақын қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің шындығын дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген прогресшіл ақын. Абай қалдырған әдеби еңбектер өз дәуірінің келелі мәселелерін шынайы суреттеген, мазмұнға бай, ізгі ойға толы, шебер тілді көркем туындылар болды.


Абай – әлемге көзқарасы қалыптасқан, өзіндік философиялық түйіндері бар ғұлама. Ол күллі Шығыста философияның негізгі мәні болып табылатын “жетілген адамды” өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөлді. Абайды танып, белсенді игере отырып, сол кездегі қазақ қоғамының экономикалық, саяси, құқықтық, отбасылық, мәдени-тарихи, моральдық хал-жайынан айқын да толық мағлұматтар алуға болады. Абай тек өз заманының ғана емес, сонымен қатар жалпы қазақ ұлтының рухани өмірінің, ақыл-ойның бағыт сілтеушісі екендігі.
Бекіту сұрақтары:
1.“Абай – қазақ рухани тірегі” дегенді тарқатып айтыңыз.
2.”Абайға қарап бой түзеуді” қалай түсінесіз?
3.Абай өлеңдерінің төңкеріске дейін таралу жолы.
4.Абай мұрасын танудағы рушылдық ой-сананың тигізген зардабы.
Әдебиет

        1. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. Алматы, “Жазушы”, 1995

        2. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Абай туралы зерттеулері. 18-19-т. Алматы, “Жазушы”, 1985

        3. Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, “Рауан”, 1993

        4. Ердембеков Б. Абайтану. Астана, «Фолиант», 2012

        5. Абай және қазіргі заман (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлары). Алматы, “Ғылым”, 1994

        6. Есім Ғ. Хакім Абай. Алматы, “Атамұра – Қазақстан”, 1994

        7. “Абайдың дүниетанымы мен философиясы”. Алматы, “Ғылым”, 1995



Тақырыбы 2. Абайды танудың алғашқы кезеңі (ХІХ ғ. 80-жылдары 1917 ж. аралығы).
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.Абай поэзиясының Қазан төңкерісіне дейін жариялануы, таралуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет