3. Абай мұрасының орыс тіліне аударылуы.
Дәріс тезисі Абай шығармалары хақында Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірде-ақ әр түрлі пікірлер айтылып, аздап болса да зерттеу нысанасына іліне бастады. Ақын туындылары баспасөз бен қолжазба көшірмелер арқылы көбінесе ауызша әр қилы жолдармен таралып жатты. Сол кезде-ақ ақынның жеке басын тану мен бағалаудан туған елеулі пікір таласы болып өткенін кейбір деректер көзі айғақтайды. Абайды және оның әдеби мұрасын дұрыс танып бағалауға рушылдық ой-сананың да белгілі дәрежеде зардабы тимей қоймады. Бұл, әсіресе, рушылдық салт-сананың жыршысы болған Қуанышбай шығармаларында анық байқалады. Ал Абайдың ақындық өнерін тиісті бағалау Біржаннан басталатынын айта кету керек.
Көлемі шағын болғанмен Абай мұрасының төңкеріске дейінгі танылып, бағалануы жайлы нақты ұғым берерлік жазба дерек – “Дала уәлаяты” газеті (1889, № 7, 9, 12) болды. Онда ақынның Көкбай атынан “Жаз”, “Болыс болдым, мінеки” өлеңдері жарияланып, бірақ ресми отаршылық көзқарасты уағыздаушы болған бұл газет екі өлеңнің де идеялық мағынасына елеулі түрде нұқсан келтірген.
Бекіту сұрақтары: 1.Абай поэзиясының Қазан төңкерісіне дейін жариялануы мен таралу жайы.
2.Абай мұрасын зерттеушілер мен насихаттаушылар кімдер?
3. Абай мұрасының орыс тіліне аударылу жайы туралы не айтасыздар?
Әдебиет 1.Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. Алматы, “Жазушы”, 1995
2.Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Абай туралы зерттеулері. 18-19-т. Алматы, “Жазушы”, 1985
3.Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, “Рауан”, 1993
4.Ердембеков Б. Абайтану. Астана, «Фолиант», 2012
5.Абай және қазіргі заман (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлары). Алматы, “Ғылым”, 1994
6.Есім Ғ. Хакім Абай. Алматы, “Атамұра – Қазақстан”, 1994
7.“Абайдың дүниетанымы мен философиясы”. Алматы, “Ғылым”, 1995
Тақырыбы: Абайға ықпал еткен ақындық орта
Сағат саны1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары 1.Жанақ пен Құнанбай арасындағы байланыс;
2.Абай поэзиясындағы Жанақ жырларының кестелері;
3.“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жыры – Абай мен Жанақты жалғастырар рухани көпір.
Дәріс тезисі Абайға ықпал етіп, оның ақындық өсу жолында игі əсерін тигізген ортаны сөз еткенде, біз ақындарды бөліп атаймыз. Өйткені, Абайдың нағыз ақын болып қалыптасуына сол заманның сөзге ұста биі мен шешені, өлеңге жақын жыршысы айтарлықтай ықпал етті дегенімізбен, негізгі нəр сөз патшасының иелері – ақындардан келгені анық. Оларды айтқанда, алдымен, Құнанбаймен аралас-құралас болып, Абайға əсер еткен бір топ ақынға тоқталып өткенді жөн көрдік. Өйткені, əуелден аға буынмен табыстырған да əкесі Құнанбай болған соң, оның бұл арадағы орны ерекше. “Абай жолына” енген ақындардың бəрі дерлік тотолитарлық жүйенің қақпақылына түсіп, романда аттары өзгертіліп, өңі айналдырылып берілді. Дулат – Барлас, Сабырбай – Қадырбай, Жанақ – Садақ, Түбек – Шүмек болып өзгергеннен-ақ Абайға əсер еткен ақындық ортаның кеңестік заманда қаншалықты қыспаққа алынғанын салмақтай беріңіз.
Сол кездегі Құнанбаймен үзеңгі қағыстыра дос болған ақынның бірі Жанақ десек, бұл тұрғыда Жанақ – Құнанбай – Абай арасындағы рухани байланысты назарға алған жөн. Жанақ Сағындықұлы – айтыс ақыны. Арғынның Қаракесек – Қамбар атасынан.
Бекіту сұрақтары 1.Жанақ пен Құнанбай арасындағы байланыс туралы не айтасыздар;
2.Абай поэзиясындағы Жанақ жырларының кестелеріне тоқталыңыздар;
3. Абай мен Жанақты жалғастырар –“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жыры.
Әдебиет 1.Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. Алматы, “Жазушы”, 1995
2.Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Абай туралы зерттеулері. 18-19-т. Алматы, “Жазушы”, 1985
3.Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, “Рауан”, 1993
4.Ердембеков Б. Абайтану. Астана, «Фолиант», 2012
5.Абай және қазіргі заман (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлары). Алматы, “Ғылым”, 1994
6.Есім Ғ. Хакім Абай. Алматы, “Атамұра – Қазақстан”, 1994
7.“Абайдың дүниетанымы мен философиясы”. Алматы, “Ғылым”, 1995