Тақырыбы: Абайдың ақындық мектебі.
Сағат саны1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары 1.М. Əуезов ұсынған «Абай мектебі» концепциясы;
2.Абай мектебінің зерттелу тарихы;
3.Абай дəстүрін жалғастырушылар жəне ақын шəкірттер;
4.Абай мектебі жəне М. Əуезовтің «Ақын аға» романы.
Дәріс тезисі Абайтану ілімінің негізін қалаған М. Əуезов Абайдың айналасын, ақындық ортасын «ақынның өзі алған нəрі жəне өзгеге берген нəрі» деп екі салаға жіктейді. Еңбегіміздің 1-кітабында «ақынның өзі алған нəрлерін» сөз еткендіктен, əңгіменің əлқиссасы, екінші мəселе – ақынның өзгеге берген нəрі турасында болмақ. Бұл кеңірек түсінікті қажет ететін ақындық мектеп, қазақ əдебиетіндегі Абай дәстүрі деген ұғымдардың мəнін ашуға жетелейді.
«Абайдың ақындық мектебі» концепциясын М. Əуезов ұсынды. Əлем əдебиеті бойынша əдебиеттану ғылымында «мектеп» термині бар. Нақты «əдеби мектептің» анықтамасы болмағанымен, бұл ұғым батыс пен орыс əдебиетінде əдеби ағым, əдеби үйірме, əдеби топ дегендермен алмастырыла айтыла береді. Əсілі, əдеби мектеп – бір көзқарастағы, бір бағытта шығармалар жазатын, арман-мұраттары ортақ қаламгерлердің басын құрайтын ұғым. Көбінің бастаушысы, яғни сол мектепті құрушы ұстазы болып, қалғаны шəкірт саналады.
Бекіту сұрақтары: 1.М. Əуезов ұсынған «Абай мектебі» концепциясы не туралы?
2.Абай мектебінің зерттелу тарихына тоқталыңыздар;
3.Абай дəстүрін жалғастырушылар жəне ақын шəкірттер кімдер?
4.Абай мектебі жəне М. Əуезовтің «Ақын аға» романы не туралы?.
Әдебиет 1.Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. Алматы, “Жазушы”, 1995
2.Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Абай туралы зерттеулері. 18-19-т. Алматы, “Жазушы”, 1985
3.Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, “Рауан”, 1993
4.Ердембеков Б. Абайтану. Астана, «Фолиант», 2012
5.Абай және қазіргі заман (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлары). Алматы, “Ғылым”, 1994
6.Есім Ғ. Хакім Абай. Алматы, “Атамұра – Қазақстан”, 1994
7.“Абайдың дүниетанымы мен философиясы”. Алматы, “Ғылым”, 1995
Тақырыбы 5. Поэзиядағы Абай бейнесі
Сағат саны 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары 1. Қазақ өлеңдеріндегі Абай тұлғасының сан қырлылығы
2. XX ғасырдағы Абай бейнесінің жырлануы
3. Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиетіндегі Абай бейнесі
Дәріс тезисі Абай есімінің қазақ әдебиетінде, соның ішінде поэзияда алғаш аталуы оның шəкірттерімен байланысты. Поэзияда бірінші болып Абай тұлғасын сомдаған, ақынның ұстаздық бейнесін ашқан оның шәкірттері.
Абайдың бейнесін өз өлеңдерінде сомдап, оның ұстаздық құдіреті, өз ортасындағы орны туралы сөз айтқан - Шəкəрім. “Жастарға" өлеңі – Абай ғұмырнамасынан қажетті дерек бере алатын құнды шығарма. Өмірде де, өнерде де Абайға арқа сүйеп, көп мұра қалдырған да Шəкəрім.
Абайға аса жақын келіп, поэзияда ұстаз үлгісін ұстануда Көкбайдың арнау өлеңдерінің орны дара тұр. Абайдың би мен болысы, бай мен молдасы Көкбай арнауларында да шебер тілмен шенелген. Ал Əріптің Көкбайға қарағанда Абаймен үнемі бірге жүруге жағдайы болған жоқ. Руға бөлінушілік осы ұстаз бен шəкірт арасына кедергі келтіре қоймағанмен, Тобықтымен бақ-бəсекесі ертеден келе жатқан Сыбан елінің ақыны Əріптің Абайға Көкбайдай жанасып кетуіне жол бермеді. Бір жағы осы жағдайлар, екіншіден сол кездегі жер шалғайлығы да Əріп қана емес, Əсет, Уəйіс, Мұқа сияқты басқа елдің ақын-əншілеріне Абай қасында үнемі болуға мүмкіндік бермеді. “Абайдай болмасам да атақты ақын" деп ағынан жарылған Əріп 1880 жылдардан Абаймен жақын танысып, әсіресе шығармашылық жолда Абайды өзіне үлгі тұтты.
Бекіту сұрақтары: 1. Қазақ өлеңдеріндегі Абай тұлғасының көрінісі қандай?
2. XX ғасырдағы Абай бейнесі қалай жырланды?
3. Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиетінде Абай бейнесі қалай көрінген?
Әдебиет 1.Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. Алматы, “Жазушы”, 1995
2.Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Абай туралы зерттеулері. 18-19-т. Алматы, “Жазушы”, 1985
3.Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, “Рауан”, 1993
4.Ердембеков Б. Абайтану. Астана, «Фолиант», 2012
5.Абай және қазіргі заман (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлары). Алматы, “Ғылым”, 1994
6.Есім Ғ. Хакім Абай. Алматы, “Атамұра – Қазақстан”, 1994
7.“Абайдың дүниетанымы мен философиясы”. Алматы, “Ғылым”, 1995