Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 7М01701 -Қазақ тілі мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет6/26
Дата15.10.2023
өлшемі130,75 Kb.
#115250
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Силлаб Абай әлемі. Магистратура

Тақырыбы 6. Абай және ақын шәкірттер: көркемдік сабақтастық
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.Абай мектебіндегі әдеби дәстүр және тақырыптық-көркемдік ізденістер 
2.Абай мектебіндегі айтыс жанрының өзіндік даму ерекшеліктері 
3.Тарихи тақырып және нәзиралық сипаттың соны үлгілері
Дәріс тезисі
Ақын шәкірттердің әдеби дәстүрді ұстану жолындағы шығармашылық-көркемдік ізденістері Абай мектебінің біртұтас тақырыптық бірлігі аясында қарастырылып, ақындардың айтыс жанрын игерудегі жетістіктері, тарихи тақырып пен нәзирагөйлік дәстүрді қолданудағы ерекшеліктері, аударма өнерін дамытудағы шеберліктері талданып, мектеп шеңберіндегі Абай дәстүрінің даму жолдары анықталды. Бұл тұрғыда, айтыс жанрын көркем шығармаларына арқау еткен Шәкәрім Құдайбердіұлының, Әріп Тәңірбергенұлының, Тұрағұл Абайұлының, Әубәкір Ақылбайұлының жанрлық жағынан мысал айтысқа жататын өлеңдермен қоса, Әріп ақынның «Тәуке мен Ұрқия», Уәйіс Шондыбайұлының «Тәуке мен Жікібай» сияқты айтыс негізінде жазылған көлемді поэмаларына әдеби талдау жасалды. Абай айналасындағы айтыс өнерінің дамуына, айтыс жанрының өркендеп қанат жаюына Абайдың өзі тікелей себепкер болып, қасындағы ақын шәкірттердің айтысты шебер меңгеруіне ықпал етті. Айтыс өнеріне тән негізгі белгі суырыпсалмалық өнер болса, Абайдың жас кезіндегі өлеңдері - нағыз суырып салып айтқан дүниелер. Жазба поэзиясының асқан шебері болуымен қатар Абай бойында далалықтарға тән хас өнер – табан астында тауып өлең ұйқастыру өнері ерекше дарыған-ды. Қазақтың суырыпсалмалығын жасынан бойына сіңірген ақын өмір бойы бұл машықтан қол үзген емес. Тек өзі ғана емес, соңынан ерген ақын шәкірттерін тосыннан сөз табуға, табан астында «айналасы теп-тегіс, жұмыр келетін» өлең құрауға баулыды. Айтысқан ақындардың сөзін түзеп, қазылық төрелігін айтты. Айтыс өнеріне етене жақын құбылыс бір өлеңді бірнеше ақынның жарыса құрауы Абай айналасында кеңінен тарап, Абай шәкірттері Әріп, Көкбай, Уәйіс сынды ақындар осы бір дәстүрді өз орталарында жиі қолданып отырды. Айтыс өнерінің қыр-сырына осылайша терең бойлап, шебер игерген Абай мектебінің өкілдері екі ақынның айтысын көркем шығармаларына арқау етті. Кәдімгі айтысты көз алдыңа әкелер Абайдың «Жігіт сөзі» мен «Қыз сөзі» сияқты өлеңдерінің үлгісі Шәкәрімнің мен Тұрағұлдың, Әріп пен Әубәкірдің мысал айтысын арқау еткен өлеңдерінде жалғастық тауып жатыр. Ал, Әріп Тәңірбергенұлының «Тәуке мен Ұрқия», Уәйіс Шондыбайұлының «Тәуке мен Жікібай» сияқты айтыс негізінде жазылған көлемді поэмалардың да дүниеге келуі – ақындардың айтыс табиғатын терең игерудегі соны жетістігін айқындайды. Сондай-ақ, болып, ел арасында жұрнағы ғана қалған айтыс, сөз қағыстарын өңдеп, көркем шығарманың талаптарына жауап беретін туындылар жазған Әріптің «Біржан – Сарасын», Әсет ақынның Ырысжанмен айтысын өңделген айтысқа жатқызуымыздың себебі – өңдеуші ақындардың авторлық үлесін көрсету. Қалай десек те, айтыс өнерін жетік меңгерген Абай шәкірттерінің дені айтысты көркем шығармаға арқау етті. Бірі болған айтысты өңдесе, екіншілері қолдан жаңа айтыс-поэма жазып, ауыз әдебиетінің озық үлгісін жазба шығармаларында аса шеберлікпен пайдалана білді.
Бекіту сұрақтары:
1.Абай мектебіндегі әдеби дәстүр және тақырыптық-көркемдік ізденістер қандай? 
2.Абай мектебіндегі айтыс жанрының өзіндік даму ерекшеліктері қандай? 
3.Тарихи тақырып және нәзиралық сипаттың соны үлгілері қандай?
Әдебиет
1.Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Бірінші том. Алматы, “Жазушы”, 1995
2.Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Абай туралы зерттеулері. 18-19-т. Алматы, “Жазушы”, 1985
3.Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, “Рауан”, 1993
4.Ердембеков Б. Абайтану. Астана, «Фолиант», 2012
5.Абай және қазіргі заман (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлары). Алматы, “Ғылым”, 1994
6.Есім Ғ. Хакім Абай. Алматы, “Атамұра – Қазақстан”, 1994
7.“Абайдың дүниетанымы мен философиясы”. Алматы, “Ғылым”, 1995




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет