Күлімдеп сәлемдессем, Күлдің деп сызданасың, ә! Тәңірінің тегін берген Күлкісін қызғанасың ба? Сықақшы айтып отырғандай іші тар, күншіл нақ осындай адамдардың өмірде кездесетінін ешқандай да жоққа шығаруға болмас. Біреудің жеткен жақсылығын күндейтіндерді былай қойғанда, күлгеннің өзіне іштарлық жасау адамның моральдық бет-пішінінен айқын хабар берсе керек-ті. Басып жүрген қара жерді, жұтып жүрген ауаны қызғанатындар үшін күлкіні қызғанудың заңды болып шығуы таңсық емес. Сықақшы пенде мінезінің осындай осал тұсын дәл тауып ұстай алып, оны қолма-қол сықақ нысанына іліктіре қойған.