Байланысты: 6-ДӘРІС Заманауи әдебиет үдерісі Дауылбаева Назерке (1)
Тілімді түйреуіштей сүйір етіп, Қойды мені сықаққа үйір етіп. Жақсыға өзім деген залалым жоқ, Кетемін жамандарды қиып өтіп,- деп авторлық ұстанымнан, өткір ұшталған қалам қуатынан, жан-жүректің тебіреніс-тербелістері мен көңіл толқындарынан, бастысы, әрине, әзіл-күлкі, сын-сықақ мұратынан ақиқат пен әділеттілікті жақтайтыны, жаңалық-жақсылықты қуана қарсы алатыны, шынайы шындық жолын бар асылдан да биік қоятыны айқын аңғарылады. Керісінше, қоғамдағы келеңсіз көрініс-құбылыстарға, «маймыл-құда, түлкі-достық» сынды жеңілдің үсті, ауырдың астымен «тірлік-тынысын» жалғастыратындарға жаны төзбейтіні, жолсыз жаза мен негізсіз кінарат-қаралауларға атүсті қарамайтыны әзіл-қалжың, сын-сықақ түрінде жүйелі жеткізіледі.