Қаламгердің мына берілген «Жоспар мен тостар» деген сатиралық өлеңінде шаруашылыққа қатысты құрылған жоспардың шынайы өмірде басқаша болып шығатынын әзіл бойынша көрсетеді.
Совет заманында халық шаруашылығының жоспарлы түрде жұмыс істегені белігілі. Бұл халықтың әл-ауқаты мен мемлекеттің экономикасын көтеру жолындағы атқарылуға тиісті шаралардың бірі еді. Бірақ жоғары жақтан қойылған осындай қатаң талаптарға қарамастан, жоспарлы жұмыстардың өздері Ш.Смаханұлы көрсетіп отырғанындай ақсап жатты.
«Жоспар! Жоспар! Жоспар!» - деп, Алынып жатты тостар көп. Әрбір пункт, әр тарау Табыстарға бастар деп.