Бекіту сұрақтары: 1.Басқару функциясының компоненттеріне жатады:
A) басқару деңгейлері
B) бақылау
C) нұсқау беру
D) білімді жетілдіру
E) оқыту
2.Кәсіптік білім беру менеджментінің педагогикалық бағыттау принципы:
A) басшылық қызметті негізгі сала кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу ісі төнірегінде топтасуы
B) өзін-өзі сынай білу
C) менеджердің тұрақты шығармашылық ізденісі
D) басқару қызметі мен әкімшілік басшылықтың өзара үйлесімді әрекет етуі
E) менеджердің психологиялық және педагогикалық заңдылықтарды игеруі
3.Менеджердің басқару қызметін өзара бөлісу принципі:
A) басшылық қызметті негізгі сала кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу ісі төнірегінде топтасуы
B) өзін-өзі сынай білу
C) менеджердің тұрақты шығармашылық ізденісі
D) басқару қызметі мен әкімшілік басшылықтың өзара үйлесімді әрекет етуі
E) ұжымдық шығармашылық пен ұжымдық саналы қызметіне арқа сүйеуді талап ету
Әдебиет Төлеубекова, Р. К. Білім берудегі менеджмент [Текст] : оқу құралы / Қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде. - Алматы : ССК, 2017
Оспанова Ж. Б. Басқару психологиясы [Электронный ресурс],2018.
Козлов В.В. Психология управления : Учебник,2013
Жиенбаева С.Н. Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі : Оқу құралы / С. Н. Жиенбаева. - Алматы : Отан, 2015. - 126 бет Экземпляры: всего:100 - ЧЗ№1(2), №1(98).
Тоғызбаева Қ.Қ. Еңбек психологиясы: оқулық,1-кітап,2015
Ахметова А.К. Психология тарихы: Оқу құралы,2016.
№ 7 Дәріс тақырыбы: Басқару стилі және ұжымның психологиялық ахуалына әсері
Сағат саны:1 Жоспары: Әлеуметтік – психологиялық климат түсінігі
Ұжымның әлеуметтік – психологиялық күйін диагностикалау
Ұжымдағы әлеуметтік психологиялық климатты басқару.
Дәріс тезисі:
Ғылыми – техникалық үрдіс кезінде еңбек сипаты адамның психологиялық ерекшеліктеріне аса мән беруді ұсынады. Техника мен технологияның күрделенуі адамға физикалық күштен ақыл күшін көп жұмсауға мүмкіндік береді. Бір жағынан адам өмірінің көп бөлігін еңбек ұжымында өткізеді, оған әріптестері психологиялық қолдау көрсетіп отырады.
Ал басшының осы жағдайдағы міндеті тұлғаның жеке қасиеттерін қолдану және оның ұжыммен қатынасын реттеу. Адамдар бір – бірне жақын орналасқан сайын олардың еңбек жағдайы да жақсармақ.
Әлеуметтік – психологиялық климат ұжымдағы жұмысшылардың әртүрлі әрекеттер формасындағы тұрақты психологиялық күйін сипаттайды. Топтың эмоциялық және еңбек қатынастарын құра отырып, әлеуметтік – психологиялық климат топ мүшелерінің қатынасын анықтайды.
Әлеуметтік – психологиялық климаттыі негізгі ерекшелігі ұжым өміріне жалпы, интеграллды психологиялық күйіне сипаттама беріп, әлеуметтік, топтық және жеке еңбек жағдайын қарастырады.
Бір адамның көңіл күйі онымен араласатын екінші адамнан сезіледі. Осыдан кейін адамдардың көңіл – күйін, эмоцияларын, сезімін кіріктіретін эмоцианалды түсіністік пайда болады. Әлеуметтік – психологиялық климат жұмысшы мен оның ұжымының еңбек көңіл – күйіне әсер етеді. Оң әлеуметтік –психологиялық көңіл – күй еңбектің өнімділігі мен жұмысшылардың беріліп істеуімен сипатталса, теріс әлеуметтік – психологиялық күй еңбек мотивациясын төмендетеді.