Бекіту сұрақтары: 1. Кішігірім топты басқарудағы жауапкершілікті өз мойнына алатын, көп жағдайда топтың мақсат мүддесіне сәйкес жұмыс жүргізетін..... А) Президент Б) Басшы В) Командир Г) Көшбасшы Д) Бастық
2. Топ мүшелеріне қиын сәтте көмек көрсетуде көрінетін көшбасшының компоненттерінің бірі.....
А) Эмоционалдық компонент Б) Ақпараттық компонент В) Жүйелілік компонент Г) Іскерлік компонент Д) Басқарушылық компонент
3. Басқарудың стратегиялық концепциясы ретінде ... қойылады. А) Процесс Б) Адам В) Техника
Г) қарым-қатынас Д) Мотив
4. Басқару психологиясында арнайы жұмысшы да, әлеуметтік топ та, ұжым да (ұйымдастыру) .... ретінде қарастырылады : А) Субъект Б) Ұйымдастыру элементі В) Ұйымдасқан іс – әрекет
Г) Негізгі обьект Д) Басқару элементі
Әдебиет Төлеубекова, Р. К. Білім берудегі менеджмент [Текст] : оқу құралы / Қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде. - Алматы : ССК, 2017
Оспанова Ж. Б. Басқару психологиясы [Электронный ресурс],2018.
Козлов В.В. Психология управления : Учебник,2013
Жиенбаева С.Н. Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі : Оқу құралы / С. Н. Жиенбаева. - Алматы : Отан, 2015. - 126 бет Экземпляры: всего:100 - ЧЗ№1(2), №1(98).
Тоғызбаева Қ.Қ. Еңбек психологиясы: оқулық,1-кітап,2015
Ахметова А.К. Психология тарихы: Оқу құралы,2016.
№5 Дәріс тақырыбы: Еңбек мотивациясы
Сағат саны:2 Жоспары: Еңбек мотивацияларының негізгі теориялары.
Басқару психологиясы әдістерінің түрлері.
Еңбек мотиві мен еңбек ынтасы өзара
Кәсіпорын жұмысшыларының мотивацияларының негізгі формалары:.
Дәріс тезисі Мотивация күрделі психофизиологиялық күйдін динамикалық, иерахиялық іс-әрекетке итермеулеуші күштін негізі болып табылады. Қарастылып отырған жағдайдын күрделісі барлық іс-әрекет – еңбек, қарам- қатынас, таным т.б – полимотивировталған. Ол бір ғана мативпен емес күрделігімен ерекшеленеді. Кейбір мативтер бір – бірін толықтырып отырады, кейбіреуі конфкликтік жағдайда болады. Олар бір бірін күшейтеді немесе адамдағы іс-әрекетті төмендетеді ақыр сонында ол не себепті олай жасағанын анықтауы қиын болады. Адамдағы мотив саналы түрде жүзеге асырылады. Сондықтан бөлек құрастырылған күрделі мотивациялық комплекстан мотивациялық процесс бөлек қарастырылмайды.
Тұрақты мотивациялық комплексті құрастыру үшін Б.В.Харазишвилидің көзқарасын аламыз,яғни мотивацины анализдалған құрастырылған түрін қолданамыз.Ол келесі жағдайлармен қарастырған. Адам әрекеті іс-әрекетке тасмалдаушы қолданысы. Адам анықталған мақсатына жетуге байланысты туындаған қиыншылықтырды жоюға тырысады. Шыққан міндет мотивациялық қоздырғышқа итермелейді және организмді анықталаған іс-әрекет түріне бағыттайды (жүйке орталығына байланысты). Бір мақсаттағы формулярлық оймен іс-әрекетті анықтай отырып, есте сақтау механизмі оянады. Бір сөзбен айтқанда,актуалданған мақсаттылық нақтылы нейрофизиологиялық күйдің мотивциясын тудырады.
Сол себептен, мотивация — мақсатылықтың анықталған жүйкелік жүйесін оятаушы, организмнің жылдамдығын күшейтуші жүйе. Мотивациялық күшке ми қабығының сенсорлы оятушы күшіне немесе жнілдетуіне байланысты. Сыртқы стимулдардын ынғайлылығы ауқымды сапасы организмдегі мотивациялық күйге қатысты.
Басқарудың шеберлігі осы әдістерді толық, пайдаланып, алға қойған мақсатқа байланысты олардың ара-салмағын дұрыс ұстауда. Ең негізгі әдіске — әкімшілік әдіс жатады.
Әкімшілік әдістерінің негізі — жекеменшік кәсіпорынның мақсатқа жетудегі ұйымдастырудың (әрекеттері) ықпалы, әсері. Әрқашанда басқару аппаратындағы жұмыстарды бөлуді қажет етеді. Бұл өндіріс органдарының басқару құрамын жасаудан басталады қанша бөлім қажет, олар бір-бірімен қандай қатынастарда болуы керек.
Басқару аппаратында: 1. Линиялық алдынғы саптағы басшыларға:
а)Жалпы басшылық ететін басшылар — директор — ол жоғарғы саптағы басшы.
б)Цех бастығы — орта деңгейдегі басшы.
в)Мастер, бригадир — төменгі деңгейдегі басшылар.
Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері ұжымдарға және солар арқылы өндіріс процестері мен кәсіпорынның шаруашылық қызметіне ықпал еуге үлкен роль атқарады. Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері дегеніміз өндіріс процесінде қызметкерлер арасында қалыптасатын ұйымдық қатынастарға тікелей басқарушылық ықпал жасау тәсілдері мен жолдары құралдарының жиынтығы болып табылады. Бұл ықпал жасау әдістері жұмыстағы айқындық пен ынтымақтастықты, тәртіптілікті, жүйе жұмысының орамдылығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, жұмыста қажетті реттілікті сақтауға, басшы органдармен адамдардың барлық шешімін іске қосуға, кадрлар мен жұмысты іске асыруға тиіс.
Мекеменің функцияналдық бөлімдері мен бюро басшылары функцияналдық басшылар құрамына жатады. Бұлай бөлінудің себебі, бұйрықтарды тек қана линиялық басшылар бере алады. Қалғандары ауызша немесе жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар.
Ұйымдастырушылық ықпалдарына: әр бөлімнің іс-әрекеттері жөніндегі ережелері, әр маманның, қызметкерлердің міндеттерін анықтайтын инструкцияларды істеу жатады. Бұл құжаттар болмаса бөлімдердің іс-әрекеттердің жөні болмай, басқару қиындап кетеді.
Әкімшілік әдісіне күнделікті жұмыстарды ұйымдастырып, басқарып отыру әрекеттері жатады. Бұлар бұйрық, нұсқаулар арқылы іске асырылады. Кадрларды іріктеу, жұмысқа алу, босату, жазалау—бәрі де әкімшілік әдістеріне сай келеді.
Әлеуметтік-экономикалық жүйеде басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің атқаратын роліне баға жеткісіз. Бұл жүйелерде негізгі элемент-адам. Еңбек ұжымын басқаруда басшының жақсы маман екендігі әлеуметтік-психологиялық факторларды пайдалана білуімен анықталады. Еңбек коллективінде әлеуметтік-психологиялық процестер мен құрылымдардың жүйесі қалыптасады, олар еңбек өнімділігін арттырудың, шаруашылық есеп принциптерін нығайтудың, ұжымның қоғамдық өмірін демократиялаудың орасан резерві бар.
Сондықтан осы шартты іске асыру үшін басшы:
-өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру шарттары;
-материалдық және моральдық ынталандыру жүйесін;
-идеялық тәрбие жұмысын жолға қоюды;
-өндірісте демократиялық негіздрдің дамытылуын;
-өзінің қызметтік және қоғамдық функцияларын орындау жөнінде жеке үлгі көрсетуді біліп, пайдалану қажет.
Бұл әдістің негізі — адамдардың мұқтаждығын, қажеттілігін ескере отырып, басшылардың өздерінің қол астындағы қызметкерлеріне әртүрлі (әлеуметтік-психологиялық) ықпал жасауында.
Басқару іс-әрекетіндегі болжау сыртқы шарттар өзгерістеріне «енжар әсер ету» стратегиясынан осы өзгерістердің «белсенді алдын алу» стратегиясына өтуде және оған дайындалуда шешуші фактор болып табылады, бұл қызметтің мәні,міне, осында. Болжауды жетілдіру қажеттілігі соңғы кезде кең қолданыс тапқан жағдайлық әдіснамаға байланысты әлдеқайда көкейкесті бола түсті.
Бейімделу және сыртқы орта тиімді басқаруға арналған шешуші ұғымдар болып табылады. Бейімделу жағдайлық және болашақтық болуы мүмкін. Алдын орау басқаруының ең табыстысы, ол болжау мәселесін жағдайлық әдіснамадағы бастылардың біреуі ретінде анықтайды.
Екі компоненті - тікелей және жанама әсерлері бар сыртқы орта өзгерулерінде болжау шешуші болып табылады. Тікелей әсер ету ортасы ұйымның іс-әрекетіне тікелей әсер етуші және өзінде іс-әрекеттің тікелей ықпалын сезінетін факторлардан тұрады. Бұлар – еңбек ресурстары, жеткізушілер, заңдар, тұтынушылар, бәсекелестер. Жанама әсер ету ортасы – ұйымның іс-әрекетіне жедел әсер етпейтін, бірақ онда орташа көрініс беретін факторлар. Олар – экономиканың, ғылыми-техникалық жетістіктердің күйі, саяси, әлеуметтік-мәдени, т.б. факторлары.