3. ПӘН БОЙЫНША ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР:
Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттің меңгеруге тиісті негізгі түсініктері, білімдері, біліктіліктері және дағдылары:
инженерлік, техникалық, экономикалық және т.б. салаларда кездесетін есептерде, тиімді шешім табу;
тиімділеу әдістері мен сызықтық программалау.
Блум таксономиясы деңгейлері
|
Білу және түсіну
|
Қолдану
|
Талдау
|
Синтез
|
Бағалау
|
Оқыту нәтижелері (ОН)
(МББ-ғы пәнге сәйкес ОН көрсетілуі керек)
|
Сызықтық алгебра, векторлық алгебра, аналитикалық геометрия, математикалық анализ тарауларының анықтамалары мен терминдерін білу;
|
Сызықтық алгебра, векторлық алгебра, аналитикалық геометрия, математикалық анализ тараулардың формулаларын практикалық есептерде қолдану;
|
Сызықтық алгебра, векторлық алгебра, аналитикалық геометрия, математикалық анализ тараулардың формулаларын қорыта алу;
|
Аталған тақырыптар бойынша жеке есептер құрастыру
|
Компьютерлік есептеулерде математиканың қолданысының маңыздылығын білу
| 4. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
Оқыту нәтижелері Дублин дескрипторлары негізінде анықталады, 5 басты оқыту нәтижелері-құзіреттіліктерін тұжырымдау ұсынылады. (Пәннің білім беру бағдарламасына сәйкес)
Оқыту нәтижелерін тұжырымдау кезінде мына ұсыныстарды ескерген жөн:
Оқыту нәтижесін тұжырымдауға нақты нәтижені көрсететін бір ғана іс-әрекет етістігі негізінде құрылған сөйлемді қолданған жөн;
Мүмкіндігінше күрделі сөйлемдерді (оларды бірнеше жай сөйлемдермен ауыстырған жөн), сондай-ақ, түсініксіз, анықталмаған терминдерді («таныс болу», «хабардар болу», т.с.с.) қолданудан бас тартқан дұрыс. Оқыту нәтижелері білім алушыларға түсінікті болуы қажет;
Тұжырымдалған нәтижелер барлық бағдарлама бойынша қарастырылған оқыту нәтижелеріне (оқу бағдарламасын меңгеру нәтижелеріне) нақты сай келуі қажет. Оның ішінде оқу материалын меңгеру деңгейлері мен білімді игеру үрдісінің негізгі кезеңдеріне толықтай және қатаң түрде сәйкес болуы тиіс.
Оқыту нәтижелерін дұрыс өлшемдеу мен бағалауға мүмкін болатындай етіп тұжырымдаған жөн. Бағдарламада ұсынылған және белгіленген әрбір оқыту нәтижесіне оқытушының қалыптастырған өлшеу және бағалау жүйесі сай келуі керек.
Оқыту нәтижелерінің дұрыс тұжырымдалуы секілді оған қол жеткізу үрдісі де оларға кететін білімді меңгеру уақытына дәлме-дәл сай келуі қажет. Қандай-да болмасын бір нәтижені ұсына отырып, оған аталмыш бағдарлама шеңберінде қол жеткізуге мүмкіндік беретін уақыт мөлшерін естен шығармау қажет.
Әрбір пәнге сәйкесінше білім алушы оқу процесін аяқтағаннан кейін меңгеруі тиіс құзіреттіліктерді толықтай сипаттай алатын оқыту нәтижелері (Дублин дискрипторлары) таңдалуы тиіс. Ол 3 нәтиже де, немесе барлық 5 нәтиже де (оқу пәні мен курстың ерекшелігіне байланысты) болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |