Білім беру бағдарламасының күндізгі қысқартылған оқыту бөлімінің білім алушыларына арналған а қтөбе 2021 Рецензенттер



бет13/42
Дата22.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#95797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
2. МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ (компьютерлік бағдарламалар, слайдтар, видеофайлдар, аудиофайлдар, т.с.с.)

  1. Мектепке дейінгі педагогика мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, дамыту және оқыту туралы ғылым.

  2. Мектепке дейінгі педагогика педагогикалық ғылым жүйесінде, оның басқа ғылымдармен байланысы.

  3. Негізгі педагогикалық ұғымдар, міндеттері.

  4. Мектепке дейінгі педагогиканың қалыптасуы.

  5. Бала және әлеуметтік орта.



3. ДӘРІС КЕШЕНІ
1-МОДУЛЬ: Мектепке дейінгі педагогика ғылымы
1-ТАҚЫРЫП. Мектепке дейінгі педагогиканың жалпы мәселелері

Дәріс жоспары (2сағ)


1.Мектепке дейінгі педагогика ғылымы
2.Мектепке дейінгі білім беру мақсаты және міндеттері
3.Мектепке дейінгі педагогика педагогикалық ғылым жүйесінде, оның басқа ғылымдармен байланысты


Мектепке дейінгі педагогика – баланы туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі тәрбиелеу мен дамыту туралы ғылым.
Бұл тақырып мектепке дейінгі педагогиканың барлық курсының кіріспе бөлімі болып табылады. Ол педагогика ғылымының негізгі санаттары, функциялары, пәні, міндеттері туралы түсінік береді. Тақырыптың мазмұнын ашқанда ғылым ретіндегі мектепке дейінгі педагогиканың жоғары оқу орнында оқытылатын пән ретіндегі педагогикадан айырмашылығын қарастырамыз, оның басқа ғылымдармен байланысын, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтаймыз.
Мектепке дейінгі педагогикаға ғылым ретінде анықтама бермес бұрын, ең алдымен, «ғылым» ұғымына анықтама беру қажет.
Ғылым (жалпы философиялық түсінікте) - қоғамдық сана түрі, ол білім алу іс-әрекетін және оның нәтижесін – әлемнің жалпы ғылыми көрінісінің негізінде жататын білім жүйесін қамтиды. Бұл қоршаған әлемнің мағыналық қасиеттері мен заңдылықтарын ашуға бағытталған адам іс-әрекетінің ерекше түрі.
Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мағыналық қасиеттері мен заңдылықтарын ашуға бағытталған.
Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде біріне-бірі ұқсамайтын үш негізгі элементтермен сипатталады: ғылымның пәні, ұғымдықсанаттық аппараты және зерттеу әдістері.
Сонымен, біз тақырыпты қарастырудың жалпы жоспарын құрып алдық. Мектепке дейінгі педагогиканы ғылым ретінде сипаттау үшін үш сұраққа жауап беруіміз керек:
1. Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде нені қарастырады?
2. Ол қандай санаттарды және ұғымдарды қолданады?
3. Жаңа ілімді ашу үшін ғылым қандай зерттеу әдістерін пайдаланады?
Осы сұрақтарға жауап беру арқылы біз мектепке дейінгі педагогиканы ғылым ретінде сипаттаймыз. Ғылымның пәнін еске түсірейік. Ол берілген ғылым қарастыратын процестер мен құбылыстардың жиыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет