Білім беру бағдарламасының күндізгі қысқартылған оқыту бөлімінің білім алушыларына арналған а қтөбе 2021 Рецензенттер



бет14/42
Дата22.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#95797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Мектепке дейінгі педагогиканың қарастыратын пәні мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және білім беру процестерінің мағыналық қасиеттері мен заңдылықтары болып табылады.
Сонымен, мектепке дейінгі педагогика мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және білім беру процестерінің арасындағы және өз ішіндегі объективті байланыстар мен мағыналық (басты, анықтаушы) қасиеттерді қарастырады. Ғылымның пәні оның зерттеу облысын және зерттеу әдістерінің бағытталған саласын айқын белгілеп көрсетеді.
Мектепке дейінгі педагогиканың ұғымдық-санаттық аппаратын анықтау үшін ұғым және санат деген не екендігін еске түсіру керек.
Санаттар - нақтылы бір ғылымның неғұрлым жалпы және іргелі ұғымдары. Басқа бір ғылым үшін осы санаттардың өзі тек қана ұғым болуы мүмкін. Бұл ұғым тұрғысынан қорытудың жоғарырақ деңгейі.
Ұғым - заттар мен құбылыстардың мағыналық қасиеттерін, байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін ойлау түрі.
Зерттеу пәніне сүйене отырып берілген ғылымның іргелі ұғымдарын (санаттарды) бөліп көрсетуге болады. Ол - тәрбиелеу, оқыту, білім беру. Мектепке дейінгі педагогика тұрғысынан бұлар санаттар болады. Бұлар ең маңызды, жетекші, бұл ғылым үшін неғұрлым жалпы ұғым.
Мектепке дейінгі педагогиканың жетекші ұғымдарының мазмұнын ашайық. Бұл санаттарды әртүрлі ғалымдар әртүрлі әдіснамалық тұрғыдан қарастырғандығын атап өткен маңызды. Соның салдарынан - көбінесе бір-біріне қайшы келетін көптеген түсініктер орын алды. Әрбір маман бұл ұғымдарды білуі және олардың мазмұнын анықтауда өзінің негізгі көзқарасы болуы тиіс. Ғылымның ұғымдық-санаттық аппаратын меңгеру маманның педагогикалық мәдениетінің қажетті компоненті болып табылады.
«Тәрбиелеу» санаты ғылымда кең мағынада, тар және локальдік мағынада қарастырылады.
Тәрбиелеу(кең мағынада) - бұл аға буынның кіші буынға өмірге және еңбекке дайындығын қамтамасыз ететіндей әлеуметтік тәжірибесін беру процесі.
Тәрбиелеу (тар мағынада) - бұл тәрбиеленушілердің тұлғалық сапаларын, өзіне және қоршаған дүниеге көзқарас жүйесін қалыптастыру үшін мақсатты және бағытты түрде жүргізілетін процесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет