Білім беру бағдарламасының күндізгі қысқартылған оқыту бөлімінің білім алушыларына арналған а қтөбе 2021 Рецензенттер



бет22/42
Дата22.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#95797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика (1)

Мектепке дейінгі балалық шақта балалардың сүйектері қатайып, бұлшық еттері өседі, дамиды. Бойы 90 сантиметрден 114 снтиметрге дейін өседі де, слмағы 14 килограмнан 22 килогамға дейін артады. Бұл кезде балалар күнгделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек, бұлшық ет жүйесі ұзақ уақытта еңбекті көтермейді. Сондықтан ата – аналар балалардың күш – қуатын еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте – бірте үйрету тәсілдері арқылы жаттықтыруы қажет.Бұл жастағы балалр ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс – әрекеті ойын. Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көрінеді. Бірінші сыныпқа келіп түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалімде, ата – аналардың өздері де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынталы, сөз қоры мен тіл дамуының дүниеәрежесі, табиғат және адамдар жөніндегі бірсыпыра мәліметтерді білу, дененің жетілуі т.б.
Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер бапйқалады. Олардың бұлшықеттері күші ртады, сүйек жүйесі қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жарықшарының функциялары дамиды. Баланың бойы 115 сантиметрден 134 сантиметрге дейін өседі, салмағы 32 – 35 кг. Шамасында болады. Бұл жастығы балалардың іс – әрекеті – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі дамиды. Н.К.Крупская және А.С Макаренко 7 – 12 жастағы балалар үшін әсіресе ұжымдық ойындардың маңызын атап көрсетті. Олардың айтуы бойынша ойын балаларды ереітілікке-, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды, ол жолдастық сезімге, ұжым мүддесіне үшін әрекет жаауға тәрбиелейді.Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор. Балаларды бірте – бірте еңбекке баулу, жанұя, ұжым және қоғамға пайдалы еңбектің (үй шаруашылығына қатысу, сынып бөлмесін жинау, сая бақта бақша өсіру, үй жанындағы бау -бақша учаскесінде, мектеп тәжірибе учаскесінде, спорт алаңында жұмыс істеу т.б түрлерін істей білуге үйрету қажет) 7 –12 жастағы балалар ұзақ уақыттық дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болады. Сондықтан бұл жағдайдың ойын, дене еңбектерінің барысында еске алынғаны жөн.Тәрбие процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады. Мысалы, өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттері мен істерін көре алмаушылық, түрлі болымсыз себептерді сылтау етіп үй тапсырмаын орындаудан қашушылық т.б. балалардың мұндай теріс қылықтарына жол бермеу, тәрбиешілердің, ата – аналардың беделіне, біліміне, өмір тәжірибесіне байланысты.Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың мынандай ерекшеліктерін еске алған жөн: сөзбен істің сәйкесті болуын талап етеді; жөнсіз кінәлаудың жеркену сезімі туады; үлкен адапмдардың жібергшен қателерін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл келеді; сенімді серік іздейді; өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалайды; түрлі спорт ойындарында өте ықыласты болады т.б.Бұл ерекшеліктерді оқу, тәрбие жұмысының барысында сынып жетекшілері, мұғалімдер айрықша бақылдайды, зерттейді, тиімді етіп іске асырудың әдістері мен тәсілдерін қарастырып, ата – аналарға дер кезінде көмек көрсетеді.
Жеткіншектік шақта балалардың бойының ұзындығы 134 – 155 сантиметр, денесі тез өседі, бұлшықеттері жетіліп дене қаңқасында сүйектену процесі жүреді.Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі немесе қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқтық емес. Н.К. Крупская бұл ең тынышсыз, ең қиын, ең қызба жас деп атап көрсетеді.
Жасөспірімділік шақта жастардың организмі – қаңқасы мен бұлшық еттері, ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшықеттері мен жұмыс қабілеті үлкендердің нормасына жақындайды. Бұл кезеңде жастар Отан, қоғамалдында тұрған әлеуметтік – саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерінің келешек мамандығын санылы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамндыққа ықыласының бірте – бірте қалыптасуы түрлі іс – әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады.Әрбір баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде байқалады. Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адам бойындағы мінез – құлық, темперамент, қабілет сияқты қасиеттер жатады. Нерв жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез – құлығының, темпераментінің, қабілетінің табиғи негізін құрайды. Дербес қабілеттердің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты. Ал дара қабілеттер адамның айналаны қоршаған дүниемен өзара әрекеттесу процесінде қалыптасады. Әр бір адамның өзіне тән қасиетерін қалыптастыру мен дербес енрекшеліктерін дамытудыжан – жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Тәрбие баланың дамуына ықпал жасап қана қоймайды, ол үнемі даму дәрежесіне сүйенеді. Тәрбиенің міндеті “ең таяу даму зонасы” жасап, оның келешекте “көкейткті даму зонасына ” айналуын қамтамсыз етеді.Мұғалім күнделікті оқу – тәрбие жұмысының процесінде оқушылардың дара ерекшеліктерін бақылап, есепке ала отырады. Осындай нақты зерттеу жұмысының нәтижесінде мұғалім балаларда кездесетін әр – түрлі жағымды және жағымсыз дара ерекшеліктерді байқайды. Оларға : кейбір баланың оқу материлын тез ұғуы немесе баяу ұғуы, берілген тапсырманы мезгілінде бұлжытпай орындауы немесе түрлі сылтауларды айтып бас тартуы, іс – әрекеттерінің барысынгдағы белсенділік немесе енжарлық, бр баланың байсалды, ұстамды болуы, неесе ұжымнан өзін оқшау ұстауы т.б. Осы сияқта әр түрлі дара айырмашылықтарды мұғалім тәрбие жұмысын жоспардауда еске алады, оларды іске асыру үшін қажетті жағдайла жасап, нақты шаралар белгілейді.Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез – құлқына сәйкес жете білуі қажет. Мәселен, нерв жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алмай, тәрбие процесін психологиялық негізде ұйымдастырып іс – жүзінде аыру мүмкін емес. Жеке авдамның дүниенің сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.Темперамент деп – жеке адамның қылығы мен түрлі іс – әрекетерінен көрінетін меншікті дара өзгешелігін атайды. Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды. Халерик – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, тұрақты болады. Ол белсенді, іске шапшаң кірісіп, аяқтап шығады. Бірпақ сезім жүйелері ауықтап тез көтерілетін шыдамсыз, өкпелегіш және ашуланғыш болып келеді. Сангвиник – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті бірақ көп тұрақтанбайды. Ол қызулы, жеңлтек келеді, бір немесғе бірнеше іске бірдей кіріседі, іс үстінде тез суып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Уәдені көп беріп, кейде оның орындаудан бас тартады. Меланхолик- эмоциялық қозуы шабан, күшті, тұрақты. Ол момақан, тұйық, жасқаншақ, мінезі баяу, көңілі жабырқау, кейде үрейленіп жүреді. Өзін ұжымнан оқшау ұстаиды, іске бірден кіріспейді, бастап кетсе аяқтап шығады. Флегматик – эмоциялық қозуы әлсіз. Ол байсалды, сылбыр мінезді, орнықты, кісімен араласпайды, тыныштықты сүйеді, іске өте баяу кірісекді, бірақ тиянақты орындайды. Темперамент типтері психология курсында толық қарастырылады.Мұғалім сабақ үстінде, тәрбие барысында балалардың мінез – құлықтарын ескеріп темпераментін тәрбиелейді. Мыслы, сангвиник баланың іс – әрекетін үнемі бақылап, берген тапсырмны негізінде орындалуын қадағалап отыруы керек болса, ал меланхоликті белсенділікке, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу қажет.Оқушылрдың түрлі іс – әрекеттерін жүзеге асыру үшін, олардың барлық ықтимал мүмкіндіктерін іске қосу керек. Осыған орай, тәрбиеші мына жағдайларды ескеруі қажет:кейбір баланың өз мүддесін ғана ойлауын ғана болдырмау, өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыра білуге үйрету; баланы әр түрлі жағдайда болатын өзгерістерді басынан өткізе білуге баулу; баланы өмірді даму күйінде көре білуге үйрету, т.б.
2.«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық»,- деп атап көрсеткен атақты педагог Сухомлинский. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған бұтақ кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтанбаланыңбойынабалабақшадан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілікқұндықасиеттердісіңіріп, өз-өзінесенімділіктітәрбиелеудеотбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Рухани -адамгершіліктәрбие- екіжақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, тәрбиешінің балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, тәрбиеші істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен бірте қайнасып жетіледі. Сондықтан да адамгершілік мәнін абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелігімен ғана байланыстыруға болмайды. Адамгершілік тәрбие оқу-тәрбие үрдісінің барлық салаларында, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады.Адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста баланың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастарында көзге түседі.Мектепке дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие беру. Балалар бақшасында адамгершілік тәрбие берудің жалпы сипаттамасы. Адамның моралдық сапа негіздері мектепке дейінгі балалық шағында қалыптасады. Мектепке дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, құрдастарымен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың, тәлім-тәрбие алудың бастапқы тәжірибесіне ие болады. Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және белгілі бір іске бастама (инициатива) көрсету сияқты адамның маңызды сипаттарын қалыптастырады. Дұрыс тәрбие балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының қалыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері – балалардың адамгершілік сезімдерін, мінез-құлықтың ізгі дағдылары мен әдеттердің адамгершілік ұғымдары мен мінез-құлық түрткілерін қалыптастыру. Баланың тәрбиелеуде оның өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үлкен орын алады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларға қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады. Бала өзінің тентектік, қателік жасаған кездегі ренішті немесе наразылықты көргенде толқуды бастан кешіреді, ал өзінің жақсы қылықтарына жылы шыраймен қараса оған қуанып, жақын адамдарының ризашылдық білдіруінен рақат алады.
Мектепке дейінгі жаста бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, құрдастарымен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың, тәлім-тәрбие алудың бастапқы тәжірибесіне ие болады. Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиеші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және белгілі бір іске бастама (инициатива) көрсету сияқты адамның маңызды сипаттарын қалыптастырады. Дұрыс тәрбие балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының қалыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды.Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады. Бала өзінің тентектік, қателік жасаған кездегі реніші немесе наразылықты көргенде толқуды бастан кешіреді, ал өзінің жақсы қылықтарына жылы шыраймен қараса оған қуанып, жақын адамдарының ризашылдық білдіруінен рақат алады. Эмоциялық әсерлену: жақсы қылықтарына, үлкендердің мақтауына риза болу, өзінің орынсыз қылықтарынан: үлкендердің ескертуінен, наразылығынан ұялады, қапалану, уайым жеу оның адамгершілік сезімдерін қалыптастырудың негізіне айналады. Мектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері қалыптасады. Сезім балаларды белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді. Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі еліктеу қабілеттілігінің айқын көрінуі болып табылады. Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.
Бала ата-ананың қамқорлығы мен махаббатына, олардың қарым-қатынасы мен еркеліктеріне мұқтаж. Ата-ананың балаға деген махаббаты мен олардың қамқорлығы баланың да жауапты үн қатуын шақырады, бала ата-ананың сөзіне құлақ салып, тәрбиелі болып өседі. Егер бала махаббат пен қамқормен бөленсе, ол өзінің қандай екеніне қарамастан жақсы көретінін, өзгелер үшін қажетті де, сүйікті жан екенін түсінсе, ол өзін қорғанған, біреуге қажеттілігін түсінеді. Осының бәрі оның мейірбан болып өсуіне жақсы ықпалын тигізеді.Қазіргі қоғамда білім берудің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі дамыту болып табылады. Оны ұйымдастыру мен жүзеге асыруда өзінің мақсатының жүйесі бойынша, мазмұны, ұйымдастыру түрі, технологиясы, нақты білім беру жүйесімен басқарылуы, ішкі және сыртқы байланыстары арқылы әрбір адамның және жалпы қоғамның идеясын дамытуы қажет. Мектепке дейінгі жас – әрбір адамның өміріндегі ең жарқын қайталанбайтын шақ, жеке тұлғаның алғашқы қалыптасу кезеңі, баланың өзіндік тануы мен даралағының қалыптасу кезі. Дәл осы кезде әлеуметтену үдерісі басталады.Бала адамдардың қарым-қатынасы туралы алғашқы түсінікті үлкендердің арасындағы өзара қарым-қатынасын бақылау арқылы қабылдайды. Олардың тәртібі, өзіне деген, оның қылығына қарым-қатынасы бала тәртібінің бағдарламасын құрайды. Үлкендердің осы үлгісі бойынша ол адамдармен қарым-қатынас жасайды. Нақты осы кезде баланың адамдар әлемімен, табиғатпен, заттармен байланысы басталады. Адами құндылықтарға, мәдениетке тартылуы байқала бастайды. Денсаулығының іргетасы қаланады. Сезімінің дамуы өзінің өмір сүріп жатқан жағдайына байланысты тәрбиелеу әдісі мен құралдарына тәуелді болады. Бұл – отбасы мен балабақшадағы, өзі сезінетін айналадағы қызығушылығы мен істеріне қатысты жағдайлар. Дәл осы мектепке дейінгі жаста балалық қарым-қатынасты дамытуға маңызды мән беретін адамгершілік сезімі қалыптаса бастайды. Осы кезде баланы рухани-адамгершілік аясында дамыту міндетінің жетістікті шешілуі үлкендердің бала тәрбиесіндегі мейірімділігіне, әділдігіне және адамилығына байланысты. Осылар арқылы олар балаға үлгі көрсетеді. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте – еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.Рухани- адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.Сананың қалыптасуы – ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы эқсперимент ретінде жүргізіліп келеді.
ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі – ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды механизмі болып табылады.«Өзін-өзі тану» пәні — баланы балабақшадан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету.
Халық педагогикасы – нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде «Өзін-өзі тану» курсының рөлі ерекше.Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің балабақшада ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылу қажет. Әрбір жеке тұлғаға достық, отбасы, Отан құндылықтары туралы алғашқы қарапайым түсініктер беру; мейірімділікке, жауапкершілікке, қайырымдылыққа, сүйіспеншілікке баулу, құрбы-құрдастарымен,өзінен кішілермен және үлкендермен ізгілікті қарым- қатынас, өзін қоршаған орта ғажайыптарын сезініп, табиғатқа зиян келтіруден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеуге бағытталған. Балабақша тәрбиешісінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени —ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
3.Сенсорлық тәрбие дегеніміз- бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы.Түйсігі мен қабылдауы мол баланың қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең,жан-жақты келеді.Сөйтіп баланың сенсорлық мәдениеті,оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар.Біріншісі- заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі- қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәрбиесін жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан көпшілік қабылдаған сенсорлық этолонға ауысады. Сенсорлық этолондар дегеніміз – қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түрлері. Бұларға түс, пішін, заттардың шамасы, олардың кеңістіктегі орны, дыбыс күші, уақыт аралықтарының ұзақтығы, тағы басқалар жатады. Баланың сенсорлық этолондарды игеруі балалар бақшасының бағдарламасына сәйкес жеке геометриялық пішіндермен, түстермен танысудан басталады. Заттардың қасиеттері туралы кез-келген түсініктер пайда болу сияқты сенсорлық этолонды меңгеруде, үлгілердің мәніне ие болуға тиісті тексерілуге бағытталған пішіннің жеке түрлері, түсі, шама бойынша қатысы басқа да қасиеттері мен қатыстылығы қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде өтеді. Әйтсе де бұл жеткіліксіз 1 жастан 3 жасқа дейінгі сенсорлық тәрбие балалардың әр түрлі сенсорлық әсерлерін байытуға бағытталған.Ол баланың жалпы ақыл-ой дамуының негізін құрайды, сенсорлық этолондар мен қарапайым рәміздік нысандарды меңгеруге негізделеді және кейінгі танымдық, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерді дамытудың алғы шарты болып табылады. Сенсорлық тәрбие жалпы сенсорлық қабілеттерді қалыптастыруды және балалардың бойында аналитикалық қабылдауда, түстердің үйлесімін заттардың пішіндерін тани білуді, шаманың жекелеген өлшемдерін ажыратуды көздейді.
Балаларды сенсорлық этолондардың көптеген түрлерімен және оларды жүйелеумен тетелес таныстыру — мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі. Мұндай таныстырудың негізінде әрбір қасиеттердің негізгі жеке түрлерін тексеру мен есіне сақтау балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру жатыр. Осы жеке түрлер этолондар мәніне ие болуы тиіс. Балаларды сенсорлық этолондармен таныстыру заттардың қасиеттерінің негізгі жеке түрлерін білдіретін сөздерді баланың есінде сақтауын ұйымдастыру болып табылады. Балаларға геометриялық пішіндердің, түстердін, шамалар қатынасының жеке түрлерін тек қана көрсетіп, олардың аттарын есте сақтауға қол жеткізген жағдайларда, тіпті дұрыс қолданатын сөздің өзі мектеп жасына дейінгі баланың ұғымдары мен қабылдауларын жетілдіруге себепші бола алмайды. ХХ ғасырдың басында Монтессори талдап жасаған сенсорлық тәрбие жүйесі балалардың түстер мен реңктерді,пішіндер мен көлемдерді ажырату дәрежесі жоғары болуына қол жеткізуді өз алдына мақсат етіп қояды.Ол пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған,сезімдік органдардың дамуы тіл дамуымен,өнімді қызметпен байланысты болған жоқ.
Баланың сенсорлық дамуы- ол заттың сыртқы құрамын: формасын, түсін, өлшемін, қоршаған ортадағы орнын, сондай-ақ иісін, дәмін және т.б. құрамдарын қабылдауы және елестете білуі.Бала ерте жасында сезіну органдарының қызметі жақсы жетіледі, қоршаған орта жайында өзіндік елестері пайда болады. Сондықтан, сенсорлық тәрбиелеу- мектеп алды тәрбиенің негізгі бағыттарының бірі.
Сенсорлық даму баланың жалпы дамуының негізін құрайды, ол баланың оқу барысында жетістіктерге жетуіне көмектеседі.
Баланың сенсорлық дамуы арқылы оның мектеп оқуына дайындығы анықталады.
Заттардың өлшемін анықтауға қажетті сенсорлық эталондар ретінде геометриялық фигуралар қолданылады.
Заттардың формалары, түстері және өлшемдері баланың елестету қабілетінің дамуына зор үлесін қосады. Бала ұзақ уақыт аралығында сенсорлық эталондарды елестету құралы ретінде қабылдайды және бұл процесс өзіндік бөлімдерге ие.
1-бөлім- эталон алдындағы шара, баланың 3 жасында жүргізіледі. Бала бір заттың атын атау барысында екінші затты үлгі ретінде қабылдайды. Өз ойыншықтарымен ойнау барысында бала олардың түстерін, өлшемдерін есте сақтайды.
2- бөлім- есте сақтау заттары ретінде нақты заттар емес, олардың құрамының белгілі бір үлгілері қолданылады және олар өзіндік атауға ие. Балалар негізгі түстермен күнделікті өмірде және дидактикалық ойын барысында танысады.
3- бөлім- 4-5 жасында бала сенсорлық эталондарға ие бола тұра оларды жүйелендіруге талпынады. Тәрбиеші балаға түстерді анықтай отырып, оларды кезек бойынша қоюға көмектеседі. Заттың өлшемін үйрену жақсарған кезде, бала оларды ұзындығы, биіктігі, көлемі бойынша қатар бойынша қоюға үйренеді. Осыған байланысты дидактикалық ойындар да қиындай бастайды.
4.«Адамды - адам еткен еңбек». Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. Балаларды ерте жастан бастап шамасы келетін еңбектің ең қарапайым түрлеріне үйретудің қажет екенін талай көрнекті педагогтар атап көрсеткен. Еңбек барысында балалар жан – жақты дамиды. Ақыл-ой жағынан алсақ, балалар еңбек ететін құралдардың қасиеттерімен танысады, әр түрлі аспаптармен жұмыс істеуге дағдылана бастайды, аспаптардың атауларын есте сақтап қалады, өсімдіктердің өсуі мен өзгеруін бақылайды. Балалардың әуесқойлығы, тануға құштарлығы дамиды. Еңбек қызметінде эстетикалық тәрбие де жүзеге асырылады. Балалардың қандай істі болсын ұқыпты орындап, өзінің қолға алғанын әдемі жасау іскерлігі қалыптасады. Еңбек үстінде балалар белсенділік, тапқырлық, қайсарлық нәрсеге жетуге ынталық көрсетеді.
Адамгершілік тәрбиесін алсақ, мұнда олардың мінез-құлқында дербестік, жауапкершілік, өзін-өзі ұйымдастыру, мақсат қою, оны орындау қалыптасады. Еңбек ете білетін балалар еңбек бейнетінің қадірін біледі, басқа адамдардың да еңбегін құрметтейді, көмекке зәру кісіні тез байқайды. Дене жағынан да балалар жақсы дамиды. Өйткені олар таза ауада, участокта еңбек еткенде бұлшық еттері жақсы дамиды, денсаулықтары мықты болады, дене құрылысы жағынан да шынығады. Балалар күш салуға, қиыншылықтарды жеңуге қабілеттенеді. Балалардың еңбек қызметіне жеткілікті басшылық болмаған жерде ол көпке дейін балаға жәй ғана қызық әрекеттердің дәрежесінде қалып қояды. Тәрбиешінің ықпалымен балаларда бірте-бірте алдына мақсат қою, өз қызметін алдын ала жоспарлау және ұйымдастыру, істі нәтиже алғанда жеткізу қабілеттері дами бастайды.
Мектепке дейінгі балалардың еңбегі ойынмен тығыз байланысты. Баланың ойынына аса мән беру керек. Ұлы педагог Макаренко айтқандай: «бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орнында да сондай болады» Сондықтан бала кезінде ойнаған кезде баланы қадағалап, ойынына мән беру керек. Әр түрлі жас топтарындағы балалар еңбегінің түрлері мен мазмұны: Балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар:
1.Өзіне-өзі қызмет көрсету;
2.Шаруашылық – тұрмыстық еңбек;
3.Табиғаттағы еңбек;
4.Қол еңбегі.
Өзіне-өзі қызмет көрсету өзін күтуге бағытталған еңбек. Жуынуға, шешінуге, киінуге, төсегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т.б. Еңбек қызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қажеттілігінде. Әрекеттер күн сайын қайталанғандықтан балалар өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді.
Сәбилік шақта тәрбиеші балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуін басқара отырып әрбір баламен жеке дара жұмыс жүргізеді, онымен алуан түрлі байланыс жасайды, көтеріңкі көңіл күйін қолдап отырады.Киімнің және оның түрлі бөлшектерінің, қажетті әрекеттердің аттарын атай отырып,балалардың сөздік қорын кеңейтеді. Мектепке дейінгі орта шақта балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуде әжептәуір дербес болып қалады, еңбектің бұл түрі олардың тұрақты міндетіне айналады. Тәрбиеші балаларда өзара көмектесу тәсілдерін қалыптастырады, олар.а жолдастарынан қалай көмек сұрауды, қалай көмек көрсетуді, көмектескені үшін алғыс айтуды үйретеді. Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне-өзі қызмет көрсетудің жаңа: төсегін жинау, шашын, аяқ киімін күту дағдылары игеріледі. Балалардың бойында мұнтаздық пен тазалық әдеттерін, құрбыларының арасында өзін дұрыс ұстау дағдысы қалыптасады.
Шаруашылық – тұрмыстық еңбек үйдің ішінде және учаскеде тазалық пен тәртіп сақтауға, ересектерге қолғабыс тигізуге бағытталған. Сәбилік топта тәрбиеші балаларда қарапайым шаруашылық – тұрмыстық дағдыларды: үстел жасауға көмектесу, ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды жинап қою, учаскелдегі жапырақтарды жинау т.б. дағдыларды қалыптастырады. Орта топтарда бұл еңбектің мазмұны едәуір ұлғаяды: балалар үстел үстіне ыдыстарды түгел өздері жайғастырады, бөлмені жинайды, текшелердің шаңын сүртеді.
Ересек топтарда тоңаздатқышпен өсімдіктерді бүркейді, щеткамен түкті жапырақтардың шаңын сүртеді, жерді қопсытады.
Табиғаттағы еңбек балалардың өсімдіктер мен жануарларды күтуге қатысуын, табиғат мүйісінде, бақшада, гүлзарда өсімдіктер өсіруін көздейді. Еңбектің бұл түрінің байқағыштықты дамытуға, тірі нәрсенің бәріне ұқыпты қарауға, туған елдің табиғатын сүюге тәрбиелеу үшін ерекше маңызы бар.
Қол еңбегі. Әр түрлі материалдардан: картоннан, қағаздан,ағаштан табиғи материалдарды пайдалана отырып заттар жасау. Бұл еңбек ересектер тобында жүзеге асырылады. Балалар өздеріне қажетті ойыншықтар, ойын атрибуттарын жасайды. Бұл еңбек түрі күннің екінші жартысында ұйымдастырылады. Керек кезінде туған туыстарға, достарға жақсы тарту үшін сыйлық жасайды. Қол еңбегі балалардың конструкциялық қабілетін, шығармашылық қиялын,ойлап шығару қабілетін дамытады. Еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаты – еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, оның нәтижесіне қуана білуге, балалардың күшін толықтыруға және денсаулығының нығаюына жәрдемдесу, дене қозғалысының үйлесімді, сергек болуына ықпал ету.
Балалардың негізгі еңбек дағдыларын қалыптастыру:
-Үлкендерге және өзінен кішілерге көмек көрсете білу;
-Ұқыптылыққа,шыдамдылыққа, қиындықты жеңе білуге дағдыландыру;
-Еңбек құралдарымен жұмыс істей білуге және оған ұқыпты қарауға трбиелеу;
-Еңбек сабақтарында қағаз, мата, табиғат материалдарын, өндіріске қажетсіз заттарды пайдалана білу іскерлік - дағдыларын қалыптастыру.
5.Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдасуда және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Ең бастысы – адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру,мінез – құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс – әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанынан көрсетеді.
Материалисттік эстетика – эстетикалық тәрбиенің методологиялық негізі болып табылады. Ол өмір мен өнердегі эстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет