2-МОДУЛЬ: Балабақша тәрбиешісінің жұмысын ұйымдастыру мазмұны, формасы
5-ТАҚЫРЫП. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.
Дәріс жоспары (2сағ)
1.Ойын-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі
2.Ережелі ойындар
3.Шығармашылық ойындар
4.Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-кеңістік дамытушы орта
5.Ойын туралы көзқарастарыдың дамуы (С.Л.Рубейнштейн, К.Д.Ушинский, Д.Б.Эльконин, К.Гросс және т.б.)
Ойын-мектепке дейінгі балалар үшін айналаны танып-білу тәсілі.Ойын мен ойын әрекеті мазмұнының әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты.Ойында үлкендердің қызметіне еліктеп, өзінің шамасы келмесе де олардың қуанышы мен ренішін түсіне отырып,осындай өзіндік жолмен қоршаған өмірге етене араласады. Ойынның негізгі ерекшелігі, ол балалардың қоршаған өмірді – адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін , олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме теңіз де , метро станциясы да , темір жол вагоны болуы да мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.Ойын іс әрекетінің тағы бір ерекшелігі – оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар , ойынды жасаушылар болып табылады. Олар жоғарыда айтылғандай ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өздерінің қатынасын білдіреді. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері ойынның түпкі ниеті,сюжеті немеск мазмұны , ойын әрекеттері , рөлдер ,ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойында балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде көрсетеді. Ойынның түпкі ниеті- бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы.Мысалы дүкен, ұшқыштар, әкесі мен шешесі т.б болып ойнайды. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекетінің өзегі болып табылады.Ойын тәрбиелеу және дамыту құралы ретінде қолданылады, тәрбиеші ойынды басқара жүріп баланың жеке басының барлық жағына санасына,сезіміне, ерік –жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды,ойынды ақыл-ой,адамгершілік , эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланады.ойын арқылы балалардың білімі мен ұғымы айқындалып,тереңдей түседі. Ойында қайсыбір рөлді орындау үшін бала өзінің түйсігін ойын әрекетіне көшіруі тиіс.
Ойынның мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын , ойын әрекеттерінің , балалардың өзара қарым қатынасының дамуын , көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе.Ойынның мазмұны оны қызықты етеді,ойнауға деген ықылас пен ынтаны тудырады.Ойынның құрылымдық ерекешелігі мен түйіні бала атқаратын рөл болып табылады.
Ойын әрекетінің шығармашылық сипаты-ойын ынтамен , баланың рөлді,сюжетті,ойыншықтарды, қосымша-заттарды таңдағандығы шығармашылығымен байланысты.Ойынды құрғанда, ойын кейіпкерлерін жасағанда баланың ойлауы мен қиялы белсенді жұмыс істейді.
Ойынның эмоционалдық тұрғыда қанықтылығы- бала ойында шынайы күйзеледі ,ойнаған оқиғасын өз басынан кешіреді.Бала ойыннан ләззат алады,өз сезімін басқаларға береді,оларды әртүрлі рөлдерде көреді.ойындаа теріс көңіл күйде бастан өтеді- өкпе, қанағаттанбағандық,жеке жағымсыз күйзелістер , бұларды анықтау аса маңызды және олардан арылу керек.Бәрібір ойыннан жалпы әсер- оң болады.
Ойын іс-әрекеттің жемісті түрлеріндегідей айқын материалдық нәтижесі болмайды. Ойынның құндылығы – жастарына қарай жан жақты дамыту мүмкіншілігінде , диагностикалық ,психотерапевтік ,көңіл сергіту құралдары болуында. Л.С. Выготский, А.Н Леонтьев,Д.Б Эльконин және т.б ғалымдар ойында балалардың негізгі сұраныстары көрініс табады өзіндік әрекетке ұмтылу, үлкендердің өміріне белсенді араласу,қоршаған дүниені тану ниеті,белсенді қозғалыста,қарым-қатынас жасауда деп көрсетеді. Ойынның негізінде еңбек, үйрену сияқты іс-әрекеттің басқа түрлері туындап дамиды. А.С Макаренко ойында тұлғаның сапасы мен еңбек әрекетіне қажетті дағдылар қалыптасады деген. Л.С Выготский , В.В Давыдов , А.С Запорожец, Д.Б Эльконин және т.б ойын көбінесе бала психикасында,оның процестерінде жаңа өзгерістер қалыптасуына ықпал етеді деп атап көрсеткен.
Педагогикалық теорияда ойынды үйрету мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу құралы ретінде ерекше назар аударылады.Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрі бола тұрып,ойын тәрбиелеу мен дамытудың басты құралы болып табылады.Бірақ бұл ойынды ұйымдастыруға және басқаруға болатын педагогикалық процеске енгізген жағдайда ғана болады.
Достарыңызбен бөлісу: |