Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонеттері: ·Эстетикалық қабылдау
·Эстетикалық сезім
·Эстетикалық талғам
Эстетикалық қабылдау деп – ісемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Сезім байлығы – адамның рухани өмірін жоғары да әр тарапты дамытудың қажетті шарты адам рухани жағынан бай болып, өсімдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиіс. Эстетикалық талғам – әсемдікті дұрыс бағалай білуге, тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері: ·Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
·Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
·Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасуды тәрбиелеу.
·Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.
Тәрбиенің қай саласы болса да негізінен ол балаларға, жасөспірімдерге арналады. Ал оларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие жүргізу арқылы іске асырылады.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері: -Әр түрлі өнер адамдарының іс – әрекеті арқылы баланың тәртібіне, өмірге көзқарасына, түсінік – құлықтарына игі әсер ету.
-Қоғамды, табиғатты, өнердегі әсемдікті түсіне, байқай білу қабілеттерін дамыту.
-Эстетикалық талғамын дамыту, дұрыс пікір айта білуге, бағалай білуге тәрбиелеу, оның дамуына көмектесу.
-Баланың көркем өнерге деген қабілетінің шығармашылықпен ұштасуына көмектесу.
Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі. Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, әдет – ғұрыптық, еңбектің және т.б әндер мен өлеңдер ерекше орын алады.
Салт – дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне, сенім нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс.
Эстетикалық тәрбие беру жүйесінде ұлттық өнердің орны ерекше:
·Лирикалық, тұрмыстық, әдет – ғұрыптың, еңбектің және т.б әндер мен өлендер.
·Музыкалық аспаптар: домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, мүйіз сырнай, жетіген т.б
·Қолданбалы қолөнер бұйымдары: ағаш, тері, метал өңдеу өнері.
·Ауыз әдебиеті.
Олар жас ұрпақтың бос уақытында эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.
Күнделікті өмірдегі адамның жеке бас эстетикасы. Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы:
Қатынас эстетикасы. Мектепте оқушыларының ата – аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым – қатынас жасауы эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс – әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді.
Үй – жағдай эстетикасы. Әрбір әйел өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктеріңіз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын нәрселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру – әке – шешенің басты міндеті.
Ата – аналар мен мұғалімдер оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін білімін көтерулегі ең басты сүйеніш.олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп,іске асырады.
Мінез – құлық эстетикасы – оқушылардың өзге адамдармен қарым – қатынасы және өмір сүріп отырған қоғамдағы іс – әрекетін қылығын айтамыз.мінез – құлықты дербес ғылым – этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетикада қарастырады.
Сыпайлық – ішкі мәдениеттің сырқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне – өзі шек қоя білуден, шыдамдылықтан, өзгелердің, билігімен талғамын құрметтей білуден өрінеді.
Әдептілік – көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылдаған мінез- құлық қағидалары.
Байыптылық- байқампаздықпен, сергектік пен , өз шамасынан,өзгелердің де өлшем - шамасынан шыға білуге негізделген, мінез – құлықтағы сезім – түйсігі,өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті.
Балаларға эстетикалық тәрбие беру Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердің бірі – келешек ұрпақтың рухани дамуы. Бұл бағытты Елбасы Н.Назарбаевтың ұлттық рухани дамудың кең көлемді мәселелерін екшей келе « Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ меңзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» дегеніне сүйене отырып қазақ жастарын эстетикалық талғамы жоғары, мәдениетті, ізгілікті, сезімтал, өнер сүйгіш етіп қалыптастырудың маңызы ерекше. Адам баласы қай кезде болсын өнерді, оның түрлерін өзінің қабілетіне қарай қабылдап, оған бейімделе білген.
Қазіргі мектептің алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы - оқушыны жан – жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. Сол тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбие де қомақты орын алады. Эстетикалық тәрбие адамның өмірінде зор рөль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззатты сезінуге мүмкіндік береді. Эстетикалық тәрбие, ең алдымен, үй ішімен отбасынан, екіншіден, бала-бақшадан, үшіншіден мектеп қабырғасынан басталады. Баланың отбасы мен балабақшадан алған эстетикалық тәрбие қоры мектеп қабырғасында жетіле әрі дами түсіп, оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды.