Шығармашылық ойындар. Сюжеттік-рөлдік ойындардың оларға қатысушылардың өз беттілігін , шығармашылдығын бейнелейтін өзіндік ерекшеліктері болады.Сюжеттік – рөлдік ойындардың басты ерекшелігі,зерттеушілердің пікірнше,оларды балалардың өздері жасайды,ойын әрекеті жарқын бейнеленген өз беттілік және шығармашылдық сипатта болады.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың өзі жасаушылық сипаты Д.Б Эькониннің пікірнше; балалар ойын тақырыбын өздері таңдайды,оны дамыту жолын өздері анықтайды,рөлдерді қалай ашу керек екендігін,ойынды қалай қыздыртандығын және т.с.с шешеді ; Басқаша айтқанда, сюжеттік – рөлдік ойында балалар құбылыстардың,қатынастардың белсенді және өзгеше түрде қайталап көрсетеді. Оның өгешелігі балалардың қабылдау ерекшеліктерімен , қандай да бір фактілер мен құбылыстарды саналы түрде түсінуімен , тәжірибенің және тікелей сезімнің бар немесе жоқ болуымен байланысты.
К.Д.Ушинский сюжеттік-рөлдік ойындарды ең бастысы сол,бала өзі орындайтын рөлге көз қарасын,түсінігін,оқиғаға өзінің қатысын нақтылы түрде көрсетеді деп атап көрсеткен. Сюжеттік – рөлдік ойындардың шығармашылдық сипаты сол,онда іске асырылатын ой бар, оны орындау баланың өзін қоршаған дүние жөніндегі әсерін көрсете білі қабілетін дамытумен түйіндес болады. Сюжеттік – рөлдік ойындарға ойын әрекетінің негізгі мынадай белгілері тән; эмоционалдық қанықтылық, қызығушылық, өз беттілік, белсенділік, шығармашылдық, жарысушылық, кооперация. Сюжеттік-рөлдік ойындар сипатына қарай- бейнелеуші іс-әрекет , бірақ алынған білімді ,әсерді бала түрлендіріп , тұлғалық сипат беріп және өзінің жеке тәжірибесін қосып , өз ой елегінен өткізеді.
Сюжеттік- рөлдік ойындар ойын әрекетінің жетекші түрі екендігін айта келіп ,оның мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі маңызын атап өту қажет. Л.С Выготский , А.Н Леонтьев және Д.Б Эльконин сюжеттік-рөлдік ойынның психикалық дамудағы маңызын ашып берді.Олар сюжеттік-рөлдік ойынды тұлғаның мотивациялық-сұраныстық саласы дамиды; бала мазмұнына қарай іс-әрекеттің жаңа мотиві туындайды,үлкендердің қарым-қатынас жүйесінде өз орнының шектеулі екендігін түсінеді және солардай болу талабы пайда болады деп көрсетті.
Л.А Венгер сюжеттік-рөлдік ойындардың маңызын қалыптастыруда балалардың қабілеттері басқа адамның пікіріне, заттарға солардың көзімен қарайды деп көрсетті.
Л.С.Выготский еркін тәртіп қалыптастыруды аффективтік-сұраныстық сфера тұрғысынан қарастырды.Оның пікірінше,баланың негізгі қалауын қанағаттандыру үшін үлкендер сияқты әрекет істеуі, өз тәртібін ережелерге бағындыруы қажет.ережелерді орындау-баланың жалпы аффектілерін орындау құралы.
Сюжеттік-рөлдік ойын-мектеп жасына дейінгі баланың жетекші- іс әрекеті.Ол мектеп жасына дейінгі бала ойының негізгі қорын құрайды. Балалардың шығармашылық ойынының бұл түріне іс-әрекет ретіндегі ойындардың ерекшеліктерінің барлығы тән. Сюжеттік-рөлдік ойынның айрықша еркшелігі ойынның негізгі ойы орындалатын елестету жағдаяттардың болуы. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың тұлғалық дамуы мен тәрбиеленуінің барлық жағына әсер етеді. Оның ерекше құрылымы болады.