4-ТАҚЫРЫП. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту
Дәріс жоспары (2сағ)
1.Мектепке дейінгі педагогика
2.Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру
3.Оқыту үдерісінің мәні
4.Оқыту моделі
1.Мектеп жасына дейінгі педагогика — мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу және окыту туралы ғылым. Мектепке дейінгі педагогиканың шығуы жеткіншек ұрпақтарды неғұрлым тиімді тәрбиелеу қажеттілігінен туындады. Мектепке дейінгі педагогика балаларды тәрбиелеудің жинақталған тәжірибесін ой елегінен өткізу, одан белгілі заңдылықтар шығару, жеткіншек ұрпаққа тәрбие беру жөніндегі ережелер мен басшылыққа алынатын қағидалар жасау кажеттілігінен пайда болды. Мектепке дейінгі педагогика - жалпы педагогиканың негізгі бір саласы. Мектепке дейінгі педагогика — мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, жетілдіру, дамыту, оқыту, баланың бойында қарапайым білім қорын жинақтау және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым. Мектепке дейінгі педагогика - отбасындағы, мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың тәрбиесін, жалпы дамуын зерттейді. Мектепке дейінгі педагогика мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиялық және психологиялық жағынан жетілу ерекшеліктерін қарастырады. Бұл кезеңде бала ағзасының дамуы тез, қарқынды бола түра, әлсіз де нәзік, кінәмшіл болады. Солай бола тұра бала осы кезеңде кимылдауды, ойлауды, сөйлеуді қиялдауды меңгереді. Мектепке дейінгі педагогика озық тәжірибелерді жинақтап қорытады, оны халыққа педагогикалық үгіт-насихат арқылы таратады, ой бөліседі және тәрбиешілер мен ата-аналарды педагогикалық біліммен қаруландырады. Мектепке дейінгі педагогика балаларды отбасы мен балабақшада қоғам талабына сай тәрбиелеудің мазмүнын, жеке басының адамгершілік сапаларының қалыптасу үрдістерін зертгеп, оларды тәрбиелеу мен оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін карастырады. Мектепке дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие берудің мазмүны мен әдіс-тәсілдерін қарастыра отырып, дене, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, экологиялық тәрбиелердің түтастығын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі педагогика - мектепке дейінгі үйымда оқу-тәрбие жүмыстарын жан-жақты ұйымдастырудың теориялық, практикалық жақтарын және ойын, еңбек, оқу іс-әрекеттерін, балабақшаның күн ыргағын, бөбекжай-балабақша тэрбиешілерінің ата-аналармен өткізетін жүмыстарының түрлерін карастырады.
Мектепке дейінгі кезең - адам қалыптасуының алғашқы сатысы, сол себептен тәуелсіз мемлекетіміз бала тэрбиесіне ұқыптылықпен қамқорлық жасап келеді.
Мектепке дейінгі ересек жасқа келе бастағанда бала көп нәрсені біледі және істей алады. Бұл кезеңде балалар жаңа жас кезеңіне көшуге дайындалады (кіші мектеп жасы), оларда жаңа әлеуметтік көзқарас – мектеп оқушысы көзқарасы пайда бола бастайды. Мектеп жасына дейінгі баланың оқыту процесінде алған ең маңызды нәрсесі оқу іс-әрекетінің компоненттерін меңгеруі болады (танымдық мотивация, мақсат қою, жоспарлау, оқу білігі мен дағдылары, оқу-танымдық белсенділік нәтижелерін бағалау қабілеті). Бұл компоненттердің кіші мектеп жасында қалыптастырылуы жалғасады. Олардың қалыптастырылғандық нәтижесі мектепте оқудың жаңа жағдайына балалардың бейімделгендігінің көрсеткіші және маңызды шарты болып саналады. П.И.Пидкасистыйдың психологиялық-педагогикалық сөздігінде оқу іс-әрекеті - белгілі бір білім көлемін меңгеру, жалпы оқу білігі мен дағдыларын алу, өздігінен білім алу (тану) қабілеті және оны алынған білімді практикада қолдану іс-әрекеттерінің бір түрі ретінде көрсетіледі. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың іс-әрекеттерінің негізгі түрі - ойын. Оқу іс-әрекеті кіші мектеп жасында жетекші рөл атқарады. Сонымен бірге мыналарды түсіну керек: егер мектепте алдыңғы жас кезеңінде іс-әрекет компоненттерін қалыптастыру үшін жағдай жасалмаса, ол қайдан пайда болды. Оқу-танымдық іс-әрекет тікелей балалар ойынынан тумайды. Ол мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық процесінде орын алуы тиіс. Тәрбиеші балаларды оқытқанда мақсатты бағытты түрде оқу іс-әрекетінің компоненттерін қалыптастыру және көрсету үшін алғышарт жасайды. Әрине, мектепке дейінгі мекемеде оқыту процесінде уақытпен мөлшерленген сабақтарда балалар оқу-танымдық іс-әрекетке кіріседі. Балабақшада педагог еркіндікті дамытады, тыңдауды, жауап беруді, сұрақ қоюды, оқу тапсырмасын қабылдау және орындауды, өз жұмысын жоспарлауды, жұмыс орнын дайындауды және жинауды, нұсқау бойынша және жоспар бойынша жұмыс істеуді үйретеді. Бұл білік біртіндеп күделікті сабақтарда қолдану процесінде жинақталады. Бұл сабақ – балаларды оқытудың мектепте оқытатын сабаққа жақын түрі. Сабақтың бұл түрі педагогтарға оқу іс-әрекетінің компоненттерін қалыптастыруға, ал балаларға – таным процесі барысында өздерін көрсете алуына мүмкіндік береді, мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінде сабақтастық орнайды, білім алудың келесі сатысына көшуге дайындайды. Педагогикалық практика көрсеткеніндей, мектепке дейінгі мекемеде балаларды жасына сай ұйымдастырылған, мақсатты, бағытты оқыту қажет. Бұл бірінші жағынан білім, білік, дағдыны қалыптастыруға, балалардың тұлғалық жеке тәжірибесін байытуға жағдай жасаса, екінші жағынан – оқыту мектепке, «мұғалім – оқушы» жүйесінде өзара әрекеттестіктің жаңа типіне дайындайды. Үйрету – ұйымдастырылған сабақтарда қалыптастырылатын ерекше іс-әрекет. Барлық оқу міндеттерін ойын түрінде шешуге болмайды, өйткені оқыту мазмұны мен меңгеру түрінің арасында қайшылық туады. К.Д.Ушинский ойынды үйретуден бөлудің маңыздылығын көрсеткен. Оқу іс-әрекеті баланың ерекше психологиялық ұстанымын, шынайы өмірге танымдық қатынасын талап етеді. Оқу іс-әрекетінде бала қоршаған орта туралы білім негіздерін меңгереді, білім, білік, дағды, тәжірибе алудың жалпы тәсілдеріне үйренеді, осылайша бала тұлғасы қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде оқу-танымдық іс-әрекет компоненттерінің қалай қалыптасатындығын, мектепте оқыту аяғында педагогтар қандай нәтижеге келуі тиіс екендігін қарастырайық. Оқу іс-әрекетінің мұны басқалардан ажырата алатындай ерекше құрылымы болады (Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн және т.б.). Оқу іс-әрекеті өзіне мынадай компо-ненттерді қамтиды: мотивация, оқу міндеті, оқу амалдары, өзін-өзі бақылауға көшетін бақылау, өзін-өзі бағалауға көшетін бағалау. Мотивация – іс-әрекетті туғызатын әртүрлі қозғаушылар жиынтығы (сұраныс, сезім, мүдде). Оқу іс-әрекетінде - танымдық мотивация (жаңаны білгім келеді), бағалау мотивтері (үлкендердің құптауына ие болу), әлеуметтік мотивтер (әкем сияқты дәрігер болу үшін оқимын), жетістікке жету мотивтері (бәрінен артық болу үшін), сыртқы мотив (мектепте оқудың сыртқы атрибутикасының тартымдылығы) болады. Оқу міндеті алынатын нәтиже туралы түсінік береді. Белгілі бір оқу ситуациясында – белгілі бір тапсырма түрінде беріледі, яғни қайталап айтып беруді, қағаздан құрастыруды, заттарды өлшеуді үйрену. Оқу амалдары – оқу міндеттерін шешу тәсілдері; білім алушылардың ғылыми ұғымдарды алу және табу амалдары, сондай-ақ оларды нақты міндеттерді шешуге қолдану, ситуацияны талдау амалдары, модельдеу амалдары, эксперимент жүргізу, классификация. Өзін-өзі бақылауға ауысатын бақылау – оқу амалдары нәтижелерін қорытуға бағытталған амалдар және оларды берілген үлгілермен салыстыру. Компонент функциясы – меңгеру нәтижелерін бақылау. Өзін-өзі бағалауға ауысатын бағалау. Бағалау амалдары білімді меңгерудің соңғы сапасын, міндеттерді шешудің жалпы тәсілдерін тіркейді. Бағалау функциясы – іс-әрекет қорытындысын шығару. Оқу іс-әрекетінің барлық компоненттері өзара байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалар оқыту процесінде оқытудың мектеп сатысына көшу кезеңінде барлық компоненттерді меңгереді. Оқу іс-әрекетінің мақсаты мен нәтижесі білімді және іс-әрекеттің жалпыланған тәсілдерін (кез келген іс-әрекетке қажетті білік пен дағдыны) меңгеру – оқу, санау, міндеттерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдау және т.с.с. Мектепке дейінгі кезеңде оқу іс-әрекеті таза күйінде көрінбейді. Біз оқу танымдық іс-әрекет туралы айтып тұрмыз. Оның өзіндік даму және көріну ерекшелігі бар.
Оқытудың алғашқы кезеңінде (кіші мектеп жасы) – оқу іс-әрекетіне оқу және практикалық міндетерінің бірігуі тән (үй салу – геометриялық кескіндердің көмегімен салу). Оқу міндетін бала практикалық жағынан қабылдайды. Тапсырма іс-әрекетті шешу ретінде қабылданады, тақырыптың мазмұнынан алыс екендігі байқалады. Мұны балалардың көпшілігі қабылдай алмайды, олар іс-әрекет кезеңінде нұсқауды естімейді. Оқу міндетін қабылдау білігі біртіндеп бөлшек тапсырмалар түрінде іс-әрекет барысында немесе байқау, әңгіме барысында нақты сұрақтар түрінде қабылданады. Оқу іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары (өнімді сабақтарда); іс-әрекет нәтижесін бағалау (өнімді сабақтарда); сұрақтың, тапсырманың зерттелетін немесе өзгертілетін амалдармен үйлесуі («Қағазды умажда, қандай екендігін... айт; сұрақтың қабылдайтын объектінің нақты көрінісімен үйлесуі (құсты бақылау: ол не істеп тұр, қашан шоқиди, - баланың назары амал сәтіне ауады). Мектепке дейінгі жаста орта есеппен оқу және практикалық міндеттер біртіндеп саралана бастайды, бірақ байланыс айқын. Оқу міндеттерінің мазмұнына тапсырма, іс-әрекет тәсілдерін меңгеру (балалар артынан қайталап айтып беру үшін әңгімені мұқият тыңдайды) енгізіледі. Сабақтың басында балалар оқу тапсырмасын қабылдайды, бірақ сабақ барысында оны бірқатар нақты тапсырмаларға, сұрақтарға бөлшектеу керек болады. Балалар оқу міндеттерін соған ұқсас күнделікті жағдаяттары ауыстыруды үйренеді. Оқу іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: оқу және практикалық міндеттердің байланысы; оқытудың баланың жеке тәжірибесімен байланысы. Ересек мектеп жасында оқу міндеттері айқын оқу-танымдық сипатта болады (біз схеманы пайдаланып сөйлем құруды үйренеміз). Мұнда білім меңгеруде ақыл-ой әрекетінің өнімді тәсілдерін меңгеру негізгі орын алады, шығармашылық, проблемалық сипаттағы тапсырмалар пайдаланылады. Балаларға сабақ бойы барлық оқу тапсырмаларын есте ұстау қиын болады. Сондықтан біртіндеп оқу тапсырмалары күрделілендіріледі. Педагог оқу тапсырмаларын, олардың логикасын, көлемін жекелеген тапсырмалардан жүйеге көшіреді. Оқу тапсырмаларында балалардың меңгеруіне тиісті ақыл-ой және практикалық іс-әрекетті айқын көрсету қажет. Педагог оқу әректін талдайды, оны оқу тапсырмаларын түсінгендігі мен іс-әрекеттің берілген тәсілдермен арасында байланыс орнатады. Оқу тапсырмасы сабақ барысында қосымша тапсырмалармен толықтырылады. Оқу тапсырмаларын орындағанда балалардың жеке тәжірибесіне, танымдық қызығушылығына сүйенген маңызды.
Ю. К. Бабанскийдің анықтамасы бойынша, «оқыту – мақсатты бағытталған, ретті, педагог пен балалардың өзгеріп отыратын өзара әрекеті, оның барысында оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық міндеттері шешіледі». Бұл анықтама оқыту процесінде өзара әрекет белгілерін (мақсаттылық, бағыттылық, реттілік, динамикалық) және оның функцияларын (оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық) көрсетеді. И. Я. Лернер берген түсініктемеге сүйенсек, «оқыту – бұл педагог пен баланың әлеуметтік тәжірибе мазмұнының қандай да бір үзігін меңгеру мақсатындағы өзара әрекеті». Бұл анықтама оқытуды өзара әрекеттестік ретінде сипаттайды, бұл процестің мақсаты мен мазмұнын көрсетеді. Оқыту - біртұтас педагогикалық процестің ажыратылмайтын бөлігі. Мектепке дейінгі мекемеде оқыту көптеген оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді шешуге бағытталған, бұл мектепке дейін білім берудің басты мақсаты – мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын жан-жақты, үйлесімді дамуына қол жеткізуге, жақындатуға жағдай туғызады. Балаларды оқыту үлкендер (педагогтар) мен балалардың түрлі жағдайлардағы, уақытпен шектелген, еркін және білім беру процесіне қатысушылардың өзіндік іс-әрекет жасау процесінде жүреді. Мектепке дейінгі педагогика бойынша эаманауи сөздіктерде мынадай анықтама кездеседі: «Оқыту – бұл мектеп жасына дейінгі балаларға білімді, білікті мақсатты, бағытты түрде жеткізу, сол сияқты белгілі бір білім беру бағдарламасы бойынша дағдыларды, пайдалы әдеттерді қалыптастыру». Біздің міндетіміз – осы анықтамаларды талдау және мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың қолданбалы тіректі анықтамасын бөліп көрсету. Педагогика курсынан біз И. Я. Лернердің анықтамасы толығымен оқыту процесінің мәні мен маңызын жан-жақты көрсететінін білдік. Бұл білім мен білікті ұрпақтан ұрпаққа беру ғана емес, бұл балалардың тиісті жас кезеңінде оның үйлесімді дамуына қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгеруі (яғни, меңгеру тек білім, білік және дағды деңгейінде ғана емес, оның құндылығын, тұлғалылығын түсіну деңгейінде және осының негізінде шығармашылық әрекетін қалыптастыру деңгейінде) жүреді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың ерекшеліктері:
оқу-таным іс-әрекеті ойынмен тығыз байланысты;
мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мектептегі сияқты сабақта емес, әртүрлі формада жүзеге асырылады (саяхаттарда, ойындарда, әртүрлі іс-әрекет барысында, күнделікті өмірде, күнделікті режимдік процестерде және т.с.с.);
мектепке дейінгі мекемеде оқыту процесінде балалар ғылым негіздерін оқымайды, қоршаған орта жөнінде жүйеленген түсінік пен оқу туралы дағдылар алады (тәрбиешіні тыңдау, сұрақтарға жауап беру, сұрақ сұрай білу, нұсқау бойынша әрекет жасау, ересек мектеп жасында – оқу-танымдық міндеттерді қою және оларды шешу, оның жетістіктерін жоспарлау, өз нәтижелерін бағалау, оларды басқалармен салыстыру);
оқыту іс-әрекеттің барлық формаларында және түрлерінде өзінің әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде беретін үлкен адамдардың жетекшілігімен жүреді;
мектепке дейінгі жаста балалар басты нәрсе мен қосалқы нәрсені ажыратуда қиындық көреді;
- оқыту процесінде балалардың заттар мен өзінің айналасында болып жатқан құбылыстардың қасиеттерін дұрыс қабылдауын қамтамасыз етудің қажеттілігі;
- мектеп жасына дейінгі балаларды оқытқанда оқуға ынталылық, үлкен адамдардың мақұлдауы мен тілектестігі, процестің жоғары эмоционалдық толыққандылығы, жағымды эмоционалдық ахуал сияқты факторлар ерекше маңызды;
- зейіннің еріксіздігі, оның тұрақсыздығы, мектеп жасына дейінгі балалардың жоғары эмоционалдық қабылдағыштығы, ес көлемінің аздығы, тез шаршағыштығы балаларды оқытудың өзіндік формаларын, әдістері мен құралдарын, уақытпен шектелген сабақтардың ұзақтығын анықтайды;
Психикалық процестердің даму деңгейі балалармен сабақтағы оқу тапсырмаларын құрудың бірқатар ерекшеліктерін анықтайды:
- кіші жаста оқу-танымдық тапсырмаларды педагог сатылап (қадамдап) балалардың орындай алуына қарай береді;
- сезімнің оянуының тежелуден артықшылығы тапсырмаларға қысқа, нақты нұсқаулар жасау, қарапайым тапсырмалардың санын арттыру қажет екендігін көрсетеді.
Мектепке дейінгі кезеңде балаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері Мақсаттар мен міндеттер оқыту процесінің мақсатты компоненті болып табылады. Мектепке дейінгі кезеңдегі оқытудың мақсаты қоғамдық-тарихи (әлеуметтік) тәжірибе элементтерін үлкен адамдардың жүйелі түрде балаларға беруі және балалардың оны меңгеруі. Оқытудың мақсатын әлеуметтік тәжірибенің белгілі бір үзігін баланың саналы түрде меңгеруі ретінде анықтағаннан кейін, әлеуметтік тәжірибе элементтерін анықтау маңызды. Соларды атайық: өзі және айналасындағылар жөніндегі білім жүйесі; іс-әрекет тәсілдері; балалардың алған білім, білік және дағдылары негізіндегі шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі; балалардың қоршаған дүниеге, өзіне, басқа адамдарға эмоционалдыққұндылық қатынастар тәжірибесі. Бұл элементтерді меңгеру мектепке дейінгі мекемеде басталады да адамның бүкіл өмірі бойы - білім беру мекемелерінде, күнделікті өмірде, өзімен-өзі болғанда да (стихиялы түрде және мақсатты бағытты түрде) жалғаса береді.
Әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – эволюцияның маңызды жемісі, әрбір буын ұрпақ өзінің дамуында алға қарай жылжымай іс-әрекет және қарым-қатынас тәжірибесін жаңадан меңгеруі керек болар еді. Мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың жалпы мақсаты әр кезеңде және балаларды оқытудың әр түріне қарай нақтыланып отырады. Мақсат әр кезеңдегі міндеттерге байланысты өзгеріп отырады және жалпы мақсатқа бағынады. Оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің сипаттамалары мынадай жағдайлармен анықталады: - балалардың жас және жеке ерекшеліктерімен; - мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарты талаптарымен; - педагогикалық ұжымның таңдаған білім беру бағдарламасы-мен; - білім беру процесіндегі іс-әрекет түрімен (сабақ, дидактика-лық ойындар, экскурсиялар); - жалпы дидактикалық жүйедегі сабақтың орнымен; - мектепке дейінгі мекеме педагогтарының ерекшеліктерімен және мүмкіндіктерімен, оның кәсіби біліктілік деңгейімен; - мектепке дейінгі мекеменің материалдық-техникалық база-сымен және басқа факторлармен. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың міндеттері қоғамдықтарихи тәжірибені күшейтудің басты мақсатымен анықталады. Оқыту процесінің функциялары міндеттердің сипатын және бағытталғандығын анықтайды (оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық).
Мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың негізгі жалпы міндеттері
1. Баланың өзі және айналасындағылар туралы түсінігін қалыптастыру.
2. Балалардың жалпы ой-өрісін дамыту.
3. Балаға әртүрлі іс-әрекетке (қозғалыс, көркем-эстетикалық, танымдық, ойын, еңбек, конструктивтік және т.б.) араласуға мүмкіндік беретін жалпы және арнайы білік пен дағдыны қалыптастыру.
4. Таным процестерін (сезіну, қабылдау, ойлау, ес, зейін) және ойлау операцияларын (анализ, синтез, жалпылау, классификация, салыстыру, абстракциялау және т.б.) дамыту.
5. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзінің таным әрекетін ұйымдастыру (сабақ орнын дайындау, істелетін жұмыстардың ретін жоспарлау, іс-әрекет барысы мен оның нәтижесін бағалау, бірге және жеке жұмыс істеу) қабілеттерін қалыптастыру.
6. Баланың тыңдау, жауап беру және сұрақтар қою, нұсқау бойынша әрекет ету, оқу міндетін орындау, сабақта оқыту процесінде еркіндікті сақтау білігін қалыптастыру.
7. Балалардың білуге құштарлығын және танымдық қызығушылығын дамыту.
8. Алған білімді, білікті және дағдыны шығармашылықпен түсіндіріп талдап беру қабілетін дамыту.
9. Оқу-таным, зерттеу, жаңа білім мен тәжірибені меңгеру, оқыту процесінде педагогпен өзара конструктивтік ықпалдастық әрекеттеріне жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты тәрбиелеу.
10. Балалардың мектепте оқуға жалпы және арнайы дайындығын қалыптастыру. Бұл жалпы міндеттер балалардың жасына, оқу материалының бағыттылығына, оқыту түріне, оны дараландыру қажеттілігіне қарай нақтыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |