Білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған Қызылорда, 2022 жыл



бет4/46
Дата21.11.2023
өлшемі300,36 Kb.
#125059
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Дәстүрлі оқытуда


Мұғалімнің әс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Тақырыпты түсіндіреді


Мазмұнын айтып береді


Тақырыптың идеясын анықтайды


Оқулық бойынша тақырып мазмұнын мұғалімнің түсіндіргенімен


байланыстырып айтады

Мазмұндық ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді


Дәптерлеріне жазады


Тақырыпқа байланысты жаттығу тапсырады


Жаттығуды орындайды


Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады


Жалпы жауап беріледі









Сындарлы оқыту


Мұғалімнің әс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөліп, ой қозғайды


Ұжыммен жұмыс жасайды


Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды


Мәтінмен өздері танысады


Тақырыптағы ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады


Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді


Негізгі ерекшеліктерін тануға бағыттайды


Жеке талдайды, қарайды, салыстырады


Ерекшеліктері туралы сұрақ қояды


Жеке ізденеді, жауап береді


Өз ойларын жазуды ұсынады


Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді


Ойларын қорытуға бағыттайды


Өз тұжырымдамасын жасайды


Сындарлы оқытуда мына нәтижелерге қол жеткізуге болады:


1. Оқушылар күні бұрын берілген тапсырмамен де, сабақ үстінде берілген тапсырмалармен қосымша ізденеді, өз бетімен дайындалады.
2. Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі.
3. Өз өміріне , қоршаған ортаға сыни көзбен қарауға үйренеді.
4. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.
5. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.
6. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.
7. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.
8. Өз пікірін қорғай дәлелдей алады.
9. Топпен жұмыс істеуге үйренеді.
10. Жан дүниесін тәрбиелейді.
Сындарлы оқыту теориясы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Бұл кездегі мұғалім қызметіндегі маңызды басымдықтар мыналар:
• жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылуы;
• оқушылардың білім-түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы;
• кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.
Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді білуін қамтиды.
Мұғалімдер күн сайын күрделі шешім қабылдайды. Бұл шешімдер түрлі білім мен пікірлерге сүйенеді және әрбір оқушының не үйреніп, келешекте неге қол жеткізуге тиіс екендігіне бағытталады. Осыған байланысты мұғалімдер оқушыларды өзгермелі әлемде өмір сүруге дайындауы тиіс. Мысалы, бүкіл әлемдегі оқушыларға айтарлықтай әсері болатын елеулі факторлардың бірі – инновациялық технологиялардың кең таралған түрін пайдалануға байланысты білімге оңай қол жеткізудің артып келе жатқандығы. Білімге қол жеткізудің күн сайын артуының нәтижесінде мұғалімнің рөлі өзгерді. Алайда, бұл мұғалім рөлінің біркелкілігін білдірмейді, керісінше, мұғалімнің рөлі барынша артады және оқушылардың білімге қалай сыни қарайтындығына бағытталатын болады.
Сондықтан өзгермелі өмірде мұғалімдер барлық сатыларда оқу бағдарламасына енгізілетін өзгерістермен және пәндік салалардағы әзірлемелермен бірге дамып отыруға тиіс.
Бүгінгі күні сындарлы оқыту 7 элементтен тұрады:
1. Ізденіс. Оқытушы білім алушылардың тақырып бойынша нені білетіндігін айқындау үшін және сабақ барысында қандай шешімдер қабылдайтынын, қандай нәтижеге келетінін бағдарлау үшін тақырып бойынша сұрақтар қояды.
2. Құрылымдар. Сабақ 2 құрылым бойынша құрастырылады: білімнің құрылымы және оқу әрекетінің құрылымы.
3. Ойлаудың логикалық операциясы. Дәстүрлі оқытуда жаттығу, мысалдар, үлгілерге мындай тапсырмалар беріледі: астын сыз, дұрысын тап, тиісті формаға орналастыр, есепті шеш, жаттығуды орында, т.б. Бұл тапсырмалардың барлығы жаттанды нәрселерді әртүрлі нұсқада қоюды ғана меңзейді. Ал, конструктивті оқыту оқушының білімінде логикаға құрылған бірнеше ақыл-ой әрекеттерін қалыптастырады. Мысалы, сәйкес көрсеткіштерді біріктір немесе ажырат, бірін басқамен алмастыр, түрлендір, пайда болған жаңа нәрсені сипатта, т.б. Оқушылар тапсырмаларды жүйелі түрде орындағаннан кейін бұл көрсеткіштер танымдық құрал ретінде оқушыларды орнығып қалады.
4. Байланыс. Бұл элемент бір білім құрылымының басқамен байланысын көрсетеді. Сындарлы оқытуда білім тұтас бейнеленеді. Мұнда пәнішілік байланыс қана емес, пәнаралық байланыс та маңызды болып табылады.
5. Сұрақтар. Конструктивті оқытуда оқытушы сабақтың моделін құру үшін қандай сұрақпен бастап, қандай сұрақпен сабақты аяқтайтынын айқындап алуы қажет.Сұрақ қою арқылы оқытушы білім алушылардың нені білетінін аңғарады. Сұраққа дұрыс жауап берілмесе де, сұрақ арқылы дұрыс жауабын табуға жетелейді.
6. Толықтырулар мен байланыстар. Бұл элемент сабақта игерілетін білімді өткен және келешектегі білімдермен байланыстырады.
7. Презентация. Бұл элемент конструктивті оқыту сабағының нобайын жасаудың соңғысы болып табылады Оқытушы 2 немесе 4 білім алушыдан тұратын топтарға сабақ мақсатына сай тапсырмалардан тұратын жұмыс парақшаларын таратып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет