Білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған Қызылорда, 2022 жыл


Лекция 2. Конструктивті оқыту әдістемесі пәнінің мақсат-міндеттері және



бет3/46
Дата21.11.2023
өлшемі300,36 Kb.
#125059
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Лекция 2.
Конструктивті оқыту әдістемесі пәнінің мақсат-міндеттері және
пәннің ғылыми-теориялық негіздері
Ғылым мен техниканың жедел дамуы үнемі күрделі мәселелерді туындатып отырады. Себебі, жаңа техника ақпарат ағынының өсуіне әкеле отырып, оның дұрыс өңделуін, сақталуын қамтамасыз етуді талап етеді. Ғылымның мұндай жедел дамуы адамзатқа жаңа талаптар қояды. Осы талаптардың деңгейінен шығу конструктивті (сындарлы) тұлғаны қалыптастыруды қажет етеді.

Конструктивті (сындарлы) тұлға деп өзін-өзі жетілдіре алатын, өзін-өзі реттей алатын, өзіндік үлгі қалыптастыру мақсатында адамдармен, өркениетпен, мәдениетпен дұрыс диалогтық қатынас орната алатын зияткер тұлғаны айтамыз. Осындай тұлғаны қалыптастыруда конструктивті (сындарлы) оқыту әдістерінің маңызы зор.
«Конструктивті оқыту әдістері» пәнінің басым бөлігінде әртүрлі әдіс-тәсілдер қарастырылғанымен де пән мазмұны негізінен сындарлы оқыту теориясын қамтиды.
Сындарлы оқытудың мақсаты – білім алушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін кез келген жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Сындарлы оқыту үлгісі Л.С.Выготский, Ж.Пиаже, Н.Шаталова, Ф.Бунятова, П.Я.Гальперин, А.Әлімов сияқты зерттеушілердің еңбектерінен бастау алады.
Ғалым Ф.Бунятованың пікірінше, сындарлы оқыту оқушының алдыңғы білімдеріне сүйене отырып, ойлау операциялары негізінде оларды келесі білімге тасымалдау арқылы жаңа білімдер мен түсініктер құруға бағытталады. Яғни, Ф.Бунятованың сындарлы оқыту философиясы америкалық ғалым Д.Брунердің сындарлылық теориясымен сәйкес келеді. Ол бойынша тұлға өзі өмір жатқан әлем туралы түсінігін тәжірибемен байланыста ойлай отырып қалыптастырады.
Сындарлы оқыту теориясы «білім алушылардың ойлауы олардың бұрынғы алған білімдерімен, жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерден, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара байланыста дамиды» деген тұжырымға негізделеді.
Конструктивті теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі «дайын білім беруге негізделген дәстүрлі оқыту әдістері білімді меңгерту былай тұрсын, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін» айтады.
Яғни, дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі стиль» арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді байланыса алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды.
Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды.
«Білім алуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. «Метатану» деп тұлғаның (оқушының) қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін айтамыз. «Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерде қолданылады. Мысалы, мұғалімнен үнемі көмек сұрайтын бірнеше оқушы болады. Ол жай оқушының мұғалімге тәуелділігін көрсетеді: метатануды игермеген оқушылар қиындық кездескен кезде үнемі басқа адамнан көмек сұрайды. Метатану әдістерін меңгерген оқушылар білім беру мен оқудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүддесінде мұғалімдермен тең әрекеттеседі және ең соңында мұғалімнің функциясын өздері атқарады.
Бұдан шығатын қорытынды: оқушылар алған білімдерін мәңгі жадында сақтап, оны кез келген жерде қолдана алса онда білім сапалы болады. Ал егер алған білімдері механикалық түрде есте сақталып, мән-мағынасы терең меңгерілмесе онда оқушы оны өмірде пайдалана алмайды және ол білімдері керексіз болып қала береді.Сондықтан жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен орындағаннан гөрі көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты білім беруге еркеше көңіл бөлуіміз қажет.
Енді дәстүрлі оқыту мен консруктивті оқытудың ерекшеліктерін қарастырайық.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет