Білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған Қызылорда, 2022 жыл


Тәжірибенің өзгеруі және білімнің жинақталуы



бет7/46
Дата21.11.2023
өлшемі300,36 Kb.
#125059
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Тәжірибенің өзгеруі және білімнің жинақталуы
Мұғалiм жүргізетін дамыту жұмысының әсері жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезiлуі керек. Сапалы даму жұмысына жаңа әдіс-тәсілдерді сынап көру, эвалюация, рефлексия және тексеру жатады. Олардың барлығының өзгертушілік әсерi болады. Нәтижелері әрдайым тәжірибелік бағытта болады, оқытудың үздік тәсілі және оқудың үздік тәсілі бола отырып, оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіреді немесе оны өзгертеді. Сонымен қатар ол кәсіби білімнің молаюына ықпал ете алады.
Эвалюация/Evaluation - білім беруді ұйымдастырумен, оқу, тәрбиелеу және даму үдерістерімен байланысты жағдайларды, құбылыстарды және іс-әрекеттерді жүйелі зерттеу және бағалау. Эвалюациянның 2 түрі болады: ішкі және сыртқы. Эвалюация - мектеп директоры педагогикалық ұжыммен ынтымақтастықта жүргізетін және мұғалімдердің тәжірибелік жүмыстарын қолдауға, оларды кәсіби шыңдауға бағытталған. Эвалюация мониторинг негізінде басшылық ету сапасын жүйелі түрде зерттеуді және бағалауды жүзеге асырады. Бұл - мұғалімнің қызметін біздерге үйреншікті қадағалау, бақылау емес. Ол - зерделеп, бағалау арқылы оның кәсіби дамуына көмек көрсету. Ашық сипатта жүргізіліп, салыстырмалы талдаулар қорытындысы негізінде ұжымның жүмысын жетілдіруге жағдай жасау. Эвалюация мұғалімнің кәсіби даму деңгейін анықтауға, олардың дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.
Рефлексия – адамды, білімді дамыту шарттарының бірі. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.
Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз – міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей байланысты.
Рефлексиялық танымдық дағдылар адамдардың өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (танымдық, білімдік, қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Оның мазмұны баланың өз іс-әрекеттерінің субъектісі ретіндегі өз көзқарасын қалыптастыру: өзіндік тұжырым жасай алу, өзін-өзі бағалау, өзіне сенім қалыптастыру арқылы өзіндік таным, өзіндік қажеттіліктерді айқындау, өз мүмкіндіктерін пайдалану әрекеттерінде жүзеге асырылады.
Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысы жақсы бастама деп санайды, егер жоба басынан нәтижелі болып, әріптестерін қызықтыра алса, онда бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау тауып, мектептен өзінің лайықты орнын алуы мүмкін. Басқаша айтқанда, мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. Сол себепті әріптестерді қызықтырып, оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет.
Білім жинақтаудың сыртқы ауқымы оқыту мен оқу туралы идеяларды жай ғана тарату емес, сонымен бірге ол осы идеяларды өңдеу және оларды ары қарай дамыту болып табылады. Дәл осы жерде қоғамдастық, яғни бірігу, топтасу маңызды рөл атқарады. Осы бағытта қоғамдастық арқылы біз идеяларымызбен бөлісіп, оны ары қарай дамыта аламыз. Сонымен бірге біз жаңа идеяларды тауып, олармен жұмыс істей аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет