Білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған Қызылорда, 2022 жыл


Дәріс №15. Оқу сапасы және бағалау



бет41/46
Дата21.11.2023
өлшемі300,36 Kb.
#125059
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Дәріс №15.
Оқу сапасы және бағалау.
Бағалау тәсілдері. Интервью. Рубрика
Бағалау үдерісін зерделеу өзектілігінің көптеген себептері бар. Табысты оқу көптеген факторларға тәуелді, олардың арасында психологиялық тұрғыдағы ынта-жігер, оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, педагогикалық тұрғыдан тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау, эмоциялық тұрғыда оқушылардың алаңдаушылығы, т.б.кездеседі.

Бағалау үдерісінде барлық факторлар бір-бірімен өзара байланысты болып, бірін-бірі толықтырады. Бағалау барысында оқу нәтижесіне ықпал ететін барлық фокторларды ескеру маңызды.


Баға оқушылардың білім, білік-дағдыларын әртүрлі критерийлер бойынша бағалау нәтижелерінен құралады, мысалы, зерделенетін материалдың көлемі, осы материалды түсіну және қолдану, материалды пәннің талабына сәйкес рәсімдеу, материал бойынша жазу жұмысына берілген уақытты пайдалана білу және т.б.
Бағалау үдерісін ұйымдастыру үш кезеңнен тұрады:
Сурет. Бағалау үдерісін ұйымдастыру

Бағалаудың құрылымын анықтау және қолдану
Бағалаудың құрылымын анықтау және қолдану кезінде қандай оқу мақсаттары, дағдылар бағаланатыны туралы ойлану қажет. Бұл кезеңде мұғалім үшін негізгі міндет – барлығына түсінікті болатын бағалаудың құрылымы мен моделін анықтау. Бұл бағалау компоненттерін логикалық талдау (алған білім, дағдыларды түсіну және қолдану) немесе теорияны зерделеу немесе оқушының тәжірибелік зерттеулерін жинақтау (өзіндік бақылау немесе зерттеу нәтижелерінің дәлелдерін алу үшін теория мен тәжірибені пайдалану) арқылы сипатталады.
Бағалаудың құрылымы мен нысаны – нені өлшеу керектігін және қандай маңызды компоненттер мен аспектілерді бағалау қажет екендігін білдіру үшін қолданылатын анықтама. Оқу бағдарламасының бөлімін немесе тақырыпты бағалау үшін оқушының оқу жетістігін бағалауға көмектесетін және бағалау талаптарын айқындайтын сұрақтарды, яғни бағалау критерийлерін қарастыруға болады. Мысалы,


  • Оқу нәтижесін түсіндіруге қатысты қандай критерийлер ұсынуға болады?


  • Жоғары, орташа және төмен деңгейлердің көрсеткіштері, дәлелдеріқандай?

Осы сұрақтардың жауабы бағалау процесін түсінуге көмектеседі. Бағалау құрылымын немесе нысанын таңдауда нені өлшеу (бағалау) керектігін және оны бағалау критерийлерінің өзара қалай байланысты екенін анықтау маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет