Білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған Қызылорда, 2022 жыл



бет43/46
Дата21.11.2023
өлшемі300,36 Kb.
#125059
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Талаптар


Төмен


Орташа


Жоғары

Мазмұны

Тақырыпқа, пәнге қатысты базалық білім

Оқу бағдарламасының мақсат-міндеттеріне сәйкес талаптар


Жоғары және терең зерделеу мен түсіну үшін қажет білім


Кодтау

Оқу мақсатын есепке ала отырып, ақпаратты түсіну

Оқу мақсатына сәйкес ақпаратты таңдай білу қабілеті


Оқу мақсатына сәйкес ақпаратты мұқият техникалық талдау, ұйымдастыру және өңдеу


Нұсқау

Әрекеттерді қадамдап орындау, базалық деңгей дағдыларын жүзеге асыру білігі

Күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған қатесіз әрекеттерді орындау, талдау және қолдану білігі


Сұранысқа байланысты әрекет ету, жоғары деңгей дағдыларын қолдану қабілеті, жинақтау және жаңадан жасау


Дұрыс жауабы мен дистракторлар


Болжалды жауаптардың әртүрлі үлгілері


Күтілетін нәтижеге сәйкес келетін үлгілер


Сындарлы, берілген тапсырманың талаптарына сәйкес келетін үлгілер




Бағалауға арналған тапсырма әзірлеу бойынша қорытынды
Үшінші кезең – бағалауға арналған тапсырманың мазмұнына түзету жасап, өзгертулер енгізу кезеңі. Бұл кезеңде, қажеттілік болған жағдайда, тапсырманы санатқа жіктеу кезеңінен бастап қайта қарауға және қажетті түзетулер енгізуге болады. Тапсырманы әзірлеуші әзірленген бағалау тапсырмасының мазмұнын талдап, талаптардың деңгейлерімен (жоғары, орташа, төмен) және сипаттамаларымен салыстырады, өзінің әрекетін бағамдап ойланады, тапсырмаға енгізілген өзгерістердің нақты дәлелдемесі туралы рефлексия жасайды.
Осы бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау моделін жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері бөлім, тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу үшін пайдалануы мүмкін.
Бағалауды жоспарлау кезінде ескерілуі тиіс факторлар:
  • Кімді бағалаймыз?


  • Бағалау қашан өткізіледі?


  • Бағалау қалай өтеді?


  • Қандай ресурстар қажет?


  • Бағалау қандай түрде өткізіледі?


  • Бағалауға қанша уақыт керек?


  • Нені бағалау қажет?


  • Қандай бағалау әдісін қолданған жөн?


  • Таңдалған әдіске қандай тапсырма сәйкес келеді?


  • Бағалау әдістері біркелкі үлестірілген бе?


  • Тапсырмалар тест спецификациясына сәйкес пе?


Блум таксономиясы бойынша танымдық саладағы оқу мақсаттарының жіктелімі бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау процесінде кеңінен қолданылады. Бастапқы және түзетілген Блум таксономиясы оқуды күрделілік деңгейінің өсуі бойынша алты танымдық деңгейге бөледі. Әрбір жоғары деңгей алдыңғы деңгейде меңгерілген дағдыларға негізделеді.



Білім

Оқушы ақпаратты еске түсіре ала ма?
Мысалы,тізім құру; терминдерді, даталарды, формулаларды анықтау; ұғымдарды атау; тізімді белгілеу; теореманы айту

Түсіну

Оқушы идея мен мазмұнын түсіндіре ала ма?
Мысалы,ұғымдарды санатқа жіктеу; материалды түсіндіру; әрекеттерді сипаттау; көзқарастарды сипаттамаларды салыстыру

Қолдану

Оқушы ақпаратты таныс жағдайда немесе жаңа мазмұнда қолдана
ала ма?
Мысалы, қағидатты қолдану; рәсімдерді орындау немесе енгізу

Талдау

Оқушы берілген көлемді ақпаратты бөліктерге жіктеп, олардың әрқайсысының мазмұнын немесе олардың бір-бірімен байланысын анықтай ала ма?
Мысалы, реттілігін зерделеу, нәтижені болжау

Бағалау

Оқушы өз ойын, қабылдаған шешімін негіздей ала ма?
Мысалы, таңдауды, шешімді, қорытындыны сипаттау; берілген бағаны, әрекетті тексеру; баламасын, негізгісін таңдау

Жинақтау


Оқушы жаңа идея, көзқарас, жаңа тәсіл немесе жаңа өнім ұсына ала ма?


Мысалы, зерттеу жұмысын, идея, теория әзірлеу; жаңа мүмкіндіктер ұсыну; тың идеялар ойлап шығару

Бұл кесте күтілетін нәтижені оқу мақсаттарына сәйкес қалай жоспарлауға және соған сәйкес бағалауды қалай жүргізуге болатынын көрсетеді. Оқу мақсаттары мен бағалау түрі Блум таксономиясының бірнеше деңгейін қамтуы мүмкін. Бұл оқу мақсаттарының бірнеше танымдық деңгейге қатысты болуымен байланысты және бағалау процесі де соған сәйкес жүреді.

Бағалау критерийлерін дұрыс құрастыру, яғни оқушының оқу әрекетінде не бағаланатынын нақты белгілеу үшін мұғалімнің білім категорияларын түсінуі және ажырата білуі ерекше маңызды. Ол білімді меңгеру үдерісімен байланысты. Келесі кестеде білімді меңгеру үдерісі келтірілген.
Білімді меңгеру үдерісі

Фактологиялық білім


Оқушыға таныс болуы немесе оқушы білуі тиіс негізгі терминдер мен фактілер


Концептуалдық білім


Базалық фактілердің арасындағы өзара байланыс, мысалы, санаттық жіктелімдер, моделдер, теориялар


Процедуралық білім


Тәжірибелік білім, дәлелдеулер мен тәжірибе жұмыстарын жасау, өлшеу


Метатанымдық білім


Өзін-өзі танудан бастап басқа адамдардың ойлау процесін түсіну және хабардар болу






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет