«Білім беру және педагогикалық ойлардың тарихы» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жиынтығы


-ші тақырып. Қазақстанда педагогикалық ой- пікірлердің қалыптасуы



бет15/16
Дата19.12.2022
өлшемі168,5 Kb.
#58063
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Прак зан жаңасы

14-ші тақырып. Қазақстанда педагогикалық ой- пікірлердің қалыптасуы
Сұрақтар:
1. Ш.Уәлиханов (1835-1865) – қазақ халқының тұңғыш демократы.
2. Ы.Алтынсарин (1841-1889) қазақ халқының тұңғыш педагогы, ақын-жазушысы.
Тапсырма: реферат
Жұмыстың мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш демократы, тұңғыш педагогы туралы материалдармен таныстыру, өз бетінше іздену дағдыларын дамыту
Негізгі теориялық қағидалары:
Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының тарихында өз елінің болашағын дұрыс болжап, сеніммен алға қараған, езілушілердің мүддесін қорғаған тұңғыш демократы болды.
Шоқан орыстың XIX ғасырындағы озат ойшылдары, революционер демократтары Белинский, Чернышевский, Добролюбовтардың идеяларынан рухани нәр алды. Бірақ Шоқан ол ұстаздарының дәрежесіне көтеріле алған жоқ.
Шоқан – қазақ халқының шын мәнісіндегі тұңғыш ғалымы, оның ғылыми жұмысқа құмарлығы және оған икемділігі кадет корпусында оқып жүрген кезінде- ақ белгілі бола бастайды. Бұған Г.Н.Потаниннің мына сөздері дәлел бола алады: « 14-15 жастағы Шоқанға кадет корпусының бастықтары болашақ зерттеуші, тіпті ғалым деп қарайтын... Шоқан ол кезде аса көп оқитын. Бұл көп оқуы оның сыншылдық қабілетін өсірді. Оның адамгершілік мәселесі және кейіннен өзінің мамандығы болып кеткен шығыс философиясы жөніндегі пікірлері бізді таң қалдыратын».
Шоқан өз халқының тарихына, мәдениетіне, ауыз әдебиетінің нұсқаларына ерекше көңіл бөлді. Ол өзінің жинаған материалдары туралы былай деп жазды: « Этнографиялық очерктер, статистік мәліметтер, тарихи хабарлар, үйсіндер мен қырғыздардың халықтық әдебиетінің ескерткіштерін бірнеше дәптер етіп жаздым».
Орыс жолдастары мен достары Шоқан қайтыс болғаннан кейін оның жарияланбай қалған еңбектерін жинап бастырды. Шоқанның шығармалары 1904 жылы Петербургте академик Н.И.Велеловскийдің редакциясымен басылып шықты. Осы кітаптың алғы сөзінде академик Н.И.Веселовский былай деп жазды: «...Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының барлығы да оны ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті».
Бұл ғалым Шоқанға берілген әділ баға еді. Шоқан тарихшы, географ, этнограф, әрі ауыз әдебиетін жинап зерттеуші болды. Ол тек өз халқының ғана емес, Орта Азия және Шығыс халықтарының да тарихын, мәдениетін, әдебиетін зерттеді. Өзі билеуші таптың ортасынан шыққанымен, Шоқан қалың бұқараның аяусыз қаналып отырғандығын көре білді, халықтың ой-тілегін, арман-мүддесін қорғады, қазақ даласындағы басқарушылық тәртіптің өзгеруін қалады. Мұның барлығы да Шоқанның демократтығын сипаттай түседі.
Шоқан Орта Азия елдерінің артта қалуына себепкер болған жағдай – монархиялық тәртіп пен ислам діні екенін дұрыс түсінді. Сондықтан да кертартпалыққа ұрындырып, дамуға кесел жасап отырған ислам дінін Шоқан қатал сынға алды.
Ол жалпы дін атаулының прогреске бөгет болатынын, ғылым мен мәдениеттің дамуына кесел жасайтынын, әсіресе ислам діннің реакңғциялық сипатын анық айтты. Ол тоқырау мен құлдыраудың себебі болған, халықтың басын айналдырып, санасын улаған дінді орта ғасырлық идеология деп санады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет