Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық жəне қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы


Жалпы орта білім берудің негізгі, жоғарғы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата09.03.2017
өлшемі312,19 Kb.
#8523
1   2   3

          Жалпы орта білім берудің негізгі, жоғарғы 

        сатысындағы емтихан жəне қорытынды бағалардың 

                          ХАТТАМАСЫ 

Қазақстан Республикасы __________________________________ облысының 

___________________қаласының (селосының) __________________________ 

ауданының ___________ N ______ мектебінің _________________________ 

____________ сынып ___________________ пəнінен_____________________ 

Емтихан комиссиясы төрағасының Т.А.Ə. _____________________________ 

___________________________________________________________________ 

Емтихан алушының Т.А.Ə. ___________________________________________ 

___________________________________________________________________ 

Ассистенттердің Т.А.Ə. ____________________________________________ 

___________________________________________________________________ 

Білім департаменті (басқармасы) жіберген емтиханға арналған 

материалдары бар пакет___________сағ __________мин. ашылды. 

Онда емтихан жүргізу үшін қажетті мынадай материалдар бар 

(пакет ішіндегі материалдар хаттамаға қоса тігіледі) 

Емтиханға ____________________________________ білім алушы қатысты. 

___________________________________________________________________ 

           (келмей қалған білім алушының тегі жəне аты) 

___________________________________________________________________ 

Емтихан ____________ сағат _____________ минутта басталды. 

Емтихан ____________ сағат _____________минутта аяқталды. 

5-8 сынып білім алушыларының көшіру емтихандарында осы хаттаманы 

қолданады. 

р/с 


Емтихан тапсырушының 

тегі, аты, əкесінің аты 

Жазбаша жұмыстың тақырыбы 

жəне нұсқасы, алған билетінің 

нөмірі 

Емтихан бағасы 



(жазумен) 

Жылдық бағасы 

(жазумен) 

Қорытынды бағасы 

(жазумен) 

1 2 




Комиссия мүшелерінің жеке білім алушылардың жауаптарын бағалау 

туралы ерекше пікірлері____________________________________________ 

___________________________________________________________________ 

___________________________________________________________________ 

Емтихан өткізу күні _________________ ж. "_____"___________ 

Бағаларды хаттамаға жазу күні _______ ж. "_____" __________ 

      Емтихан комиссиясының төрағасы 

      Емтихан алушы мұғалім 

      Ассистенттер 

                               Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы 

                               білім алушылардың үлгерімін ағымдағы 

                                бақылаудан, аралық жəне қорытынды 


                                мемлекеттік аттестаттаудан өткізу 

                                       ережесіне 2-қосымша 



           Жылдық, емтихан жəне қорытынды бағаларының 

                              ВЕДОМОСЫ 

________________________________________________________ бітірушісі 

                      (оқу орнының атауы) 

___________________________________________________________________ 

___________________________________________________ ауданы (қаласы) 

___________________________________________________________________ 

                    (тегі, аты, əкесінің аты) 

р/с 


Оқу жоспарына сəйкес оқу 

пəндері 


Жылдық бағалары 

10 сынып 

Жылдық бағалары 11сын. 

12 сын. 


Емтихан 

бағалары 

Қорытынды бағалары

1 2 


4  5 6 


  

  

  



  

  

  



М.О. 

Директор _________ ж. "_______" _______________ 

___________________________________________________________________ 

Емтихан комиссиясының төрағасы 

Емтихан алушы мұғалім 

Ассистенттер 

___________________________________________________________________ 

___________________________________________________________________ 

___________________________________________________________________ 

      Ескерту: Кестенің үшінші бағаны жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға ұсынылған білім алушыларға 

толтырылады, кестенің төртінші бағаны кешкі/кезекті/ жəне өзге де бөлімшелерде, арнайы түзеу білім беру ұйымдарында 

толтырылады.       

Қазақстан Республикасы       

Білім жəне ғылым министрінің   

2006 жылғы 7 қыркүйектегі    

N 481 бұйрығымен бекітілген   

 Кəсіптік бастауыш жəне орта білім беру ұйымдарындағы 

білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық 

жəне қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу 

ережесі 

 1. Негізгі ережелер 

      1. Осы кəсіптік бастауыш жəне орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық жəне 

қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесі (бұдан əрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес 

əзірленген жəне меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кəсіптік бастауыш жəне орта білім білім беру 

ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық жəне қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу 

тəртібін айқындайды. 

      2. Осы Ережеде мынадай анықтаулар пайдаланылған: 

      1) Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пəнді оқыту бағдарламасына сəйкес ағымдағы сабақ 

барысында өткізген білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелеп тексеру. 

      2) Білім алушыларды аралық аттестаттау бір оқу пəнінің тиісті бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын 

бағалау мақсатында оны оқып болғаннан кейін өткізіледі. 

      3) Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау - білім деңгейіне сəйкес олардың бастауыш жəне орта кəсіптік 

мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты меңгеру дəрежесін жəне жеткен кəсіптік біліктілік деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін 

рəсім. 

      4) Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың кəсіптік бастауыш жəне орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 



стандартын меңгеру дəрежесін анықтау мақсатында білім беру ұйымдары өткізетін рəсім. 

 2. Кəсіптік бастауыш жəне орта білім беру 



ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы 

бақылауды жəне аралық аттестаттауды ұйымдастыру 

жəне өткізу 

      3. Пəндер бойынша практикалық жəне семинарлық сабақтар жоқ болған жағдайда ол бойынша үлгерімді ағымдағы бақылау оқу 

бағдарламасында көзделген міндетті бақылау жұмыстарын (жазбаша тапсырмалар, рефераттар жəне т.б.) тексеру арқылы жүзеге 

асырылады. Бақылау жұмысы бірнеше нұсқа бойынша (4 нұсқадан кем емес) немесе жеке тапсырмалар бойынша өткізіледі. 

      4. Оқу жоспарына сəйкес оқыту дəрістік курспен шектелетін пəндер бойынша міндетті бақылау жұмыстары болмаған жағдайда, 

үлгерімді ағымдағы бақылау жүзеге асырылмайды. Мұндай пəндердің тізбесін білім беру ұйымдарының пəндік-циклдік комиссиясы 

анықтайды. 

      5. Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізудің пəндер тізбесі мен нысанын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға 

сəйкес кəсіптік бастауыш жəне кəсіптік орта білім беру ұйымдары (бұдан əрі - КБжКОБ) белгілейді жəне оқу жылының басында оқу 

процесінің кестесіне енгізіледі. 

      6. КБжКОБ беру ұйымдарында аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде əзірленген 

оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сəйкес жүзеге асырылады, курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау, сынақтар жəне 

емтихандар нысанында, сондай-ақ курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау жəне сынақтар емтихандар басталғанға дейін өткізіледі. 

Курстық жобалар (жұмыстар) аталған пəн бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді меңгеруді қамтамасыз 

ететін пəннің теориялық бөлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады. 

      7. Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарымен аралық аттестаттау аталған пəн бойынша емтихан немесе қорытынды сынақ түрінде 

қарастырылмаса, сынақ келесі семестрге ауысқан пəндер бойынша өткізіледі. 

      Сараланған бағамен өткізілетін сынақтар ("үздік", "жақсы", "қанағаттанарлық" жəне "қанағаттанарлықсыз") оқу жұмыс жоспарына 

сəйкес айқындалатын курстық жобалар (жұмыс), кəсіптік практика бойынша, сондай-ақ арнайы пəндер бойынша жүргізіледі. 

      8. Білім алушыларды аралық аттестаттау материалдары əрбір оқу пəнінің жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде 

жасалады. 

      9. Білім алушыларды аралық аттестаттауға дайындау кезеңінде консультацияға бөлінген жалпы бюджет уақыты есебінен емтихан 

материалдары бойынша консультация өткізіледі.  


      10. Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттауды өткізу үшін: 

      - емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары; 

      - емтихан кезінде қолдануға рұқсат берілген көрнекі құралдар, анықтама сипатындағы материалдар, нормативтік құжаттар мен 

техника үлгілері; 

      - оқу жəне технологиялық карталар; 

      - спорт залдары, жабдықтар, мүкəммалдар; 

      - емтихан ведомосы дайын болуы қажет. 

      11. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды қабылдау) сол пəннен семестр бойы сабақ берген оқытушы немесе білім 

беру ұйымы басшысының тапсырмасы бойынша осы пəннің бейініне сəйкес келетін біліктілігі бар оқытушы жүзеге асырады. 

      12. Аралық аттестаттауға барлық практикалық, зертханалық, есеп айырысу-кестелік жəне курстық жұмыстарды (жобаларды), 

сынақтарды толық орындаған жəне əрбір пəн бойынша типтік оқу бағдарламаларына сəйкес ағымдағы білім есебінің қорытындысы 

бойынша қанағаттанарлықсыз баға алмаған білім алушылар жіберіледі. 

      Емтиханға 1-2 пəннен қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушы білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен, ал екеуден көп 

қанағаттанарлықсыз бағасы болса, педагогикалық кеңестің (бұдан əрі - педагогикалық кеңес) шешімімен жіберіледі. 

      13. Аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтихан билеттері бойынша тапсырмаларды орындау үшін: 

      əрбір білім алушыға ауызша емтиханға 1/2 академиялық сағаттан (20-25 мин.) көп емес; 

      жазбаша емтиханды өткізуге: 

      1) əдебиет (шығарма) бойынша 4 академиялық сағат; 

      2) математика жəне арнайы пəндер бойынша 3 академиялық сағат; 

      3) мемлекеттік тіл жəне орыс тілі (мазмұндама) бойынша 2 академиялық сағат; 

      4) 1 оқу сағаттан (диктант) көп емес қарастырылады. 

      Жазбаша емтихан (тест тапсырмалары) жұмыстары білім беру ұйымдарының мөртабаны қойылған қағаздарда орындалады. 

      14. Тыңдауға, оқу жұмысын қарауға, спорт көріністеріне байланысты арнайы пəндер бойынша емтихандарды тиісті пəндік 

(циклдық) комиссиялар оқытушылары қабылдайды. Оларды өткізуге бір оқушыға бір академиялық сағаттан аспайтын нақты уақыт 

қарастырылады. 

      15. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды) өткізу кезінде КБжКОБ беру ұйымы басшысының рұқсатынсыз (оқу ісі, 

əдістемелік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасарынан, бөлім меңгерушісі мен пəндік-циклдік комиссияның төрағасынан 

(төрайымынан) басқа) бөгде адамдардың қатысуына болмайды. 

      16. Білім алушылардың арасында сырқаттануына байланысты немесе басқа да дəлелді себептермен аралық аттестаттауды 

тапсырмаған жағдайда КБжКОБ оқу орнының басшысы оны тапсыруға жеке мерзім белгілейді. 

      17. Емтиханда "қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) баға алған жағдайда оны қайта тапсыру үшін бір пəнге 2 реттен артық 

рұқсат етілмейді. 

      Емтиханды (сынақты) бірінші рет қайта тапсыруға бөлім меңгерушісі жазбаша түрде рұқсат береді, оны белгіленген мерзімде 

бұрынғы пəнді жүргізетін оқытушыға тапсырады (немесе ол оқытушы болмаған жағдайда осы пəннің бейініне сəйкес біліктілігі бар 

басқа оқытушыға тапсыруға болады). 

      Емтиханды (сынақты) екінші рет қайта тапсыру бөлім меңгерушісінің рұқсатымен жəне белгіленген уақытта құрамында екі 

оқытушы мен бөлім меңгерушісі бар комиссия қабылдайды. 

      18. Аралық аттестаттау қорытындысы бойынша үшеуден артық қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар педагогикалық 

кеңестің шешімі бойынша оқу орнынан шығарылады, КБжКОБ беру ұйымы басшысының бұйрығы бойынша оған белгіленген үлгіде 

анықтама беріледі. 

      19. Белгіленген курстағы оқу жоспарының талабын толықтай орындаған, аралық аттестаттаудың барлық емтихандары мен 

сынақтарын табысты тапсырған білім алушылар, келесі курсқа КБжКОБ беру ұйымы басшысының бұйрығымен көшіріледі. 

      20. Аралық аттестаттауға шығарылмайтын пəндер бойынша қорытынды бағаларды курстың соңында, ағымдық үлгерім бақылау 

бағаларының негізінде оқытушылар қояды. 

      21. Ағымдағы семестрдің пəндері бойынша зертханалық, практикалық жəне курстық жұмыстарды "өте жақсы" деген бағаға 

тапсырған үздік білім алушыларға ағымдағы оқу сабақтарынан қол үзбей, мерзімінен бұрын аралық аттестаттаудың емтихандарын 

тапсыруға КБжКОБ беру ұйымы басшысының бұйрығымен рұқсат беріледі. 

 3. Кəсіптік бастауыш жəне орта білім беру 



ұйымдарында қорытынды мемлекеттік аттестаттауды 

ұйымдастыру жəне өткізу 

      22. КБжКОБ беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау: 

      КБжКОБ беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан; 

      кəсіби даярлықтың деңгейін бағалау жəне біліктілікті растаудан тұрады. 

      23. КБжКОБ беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру жəне өткізу үшін білім беру ұйымдары басшысының 

бұйрығымен арнайы пəндер мен өндірістік оқыту бойынша комиссия (бұдан əрі - комиссия) құрылады. 

      Комиссия төрағасы (төрайымы) тиісті өндіріс саласының жоғары білікті мамандарының арасынан білім беру саласындағы 

жергілікті атқарушы органдардың жəне құрылтайшының келісімімен (3 мəртеден көп емес), ал республикалық бағынысты білім беру 

ұйымдарында білім беру саласындағы орталық атқарушы органның келісімімен тағайындалады. 

      Комиссия төрағасының (төрайымының) орынбасары КБжКОБ беру ұйымдарының басшылары, комиссия мүшелері - 

кəсіпорындардың жоғары білікті мамандары, бөлімшелердің өндірістік шеберлері, арнайы пəндер оқытушылары, өндірістік оқыту 

шеберлері, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін сақтау (электр қауіпсіздігін сақтау) жөніндегі органдарының өкілдері арасынан 

алынады. 

      24. КБжКОБ беру ұйымдарындаға білім алушыларды қорытынды аттестаттау комиссиясы қорытынды аттестаттауды өткізуге бір ай 

қалғанда құрылады. 

      25. КБжКОБ беру ұйымдарындаға білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссия: 

      кəсіптік бастауыш жəне орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында белгіленген білім алушылардың 

теориялық жəне практикалық дайындық деңгейінің сəйкестігін; 

      білім алушылардың кəсіптері (мамандықтары) бойынша оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамасының талаптарына 

сəйкестігін, өндірістік оқыту, жалпы техникалық жəне арнайы пəндерден нақты білім деңгейін, іскерлік жəне тəжірибелік жұмыс 

дағдысын анықтайды. 

      26. КБжКОБ беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссия отырыстарының ұзақтығы күніне 6 

сағаттан аспауы қажет. 

      27. КБжКОБ беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау КБжКОБ мемлекеттік жалпыға міндетті 

стандарттарымен белгіленген нысан бойынша оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша жəне оқу процесінің кестесінде 

көрсетілген мерзімде өткізіледі. 

      28. КБжКОБ беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссияға мынадай материалдар 

мен құжаттар ұсынылады: 

      мамандықтар (кəсіптер) бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; 

      кəсіптік мектеп (лицей), колледж басшыларының білім алушыларды қорытынды аттестаттауға рұқсат беруі туралы бұйрығы; 



      білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы; 

      оқу бағдарламаларына сəйкес емтиханға енгізілген қорытынды емтихан билеттерінің жиынтығы мен мəселелер тізбесінің 

жиынтығы;  

      білім алушылардың денсаулық жағдайын растайтын жəне емтиханнан босатуға құқық беретін құжаттар. 

      29. КБжКОБ беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау арнайы пəндер бойынша қорытынды емтихан 

тапсыру жəне/немесе диплом жобасын (жұмысын) қорғау нысанында өткізіледі. 

      Арнайы пəндер бойынша қорытынды емтихандар: оқу бағдарламаларына сəйкес бірнеше арнайы пəндерден сұрақтар енгізілетін 

ауызша, жазбаша, кешенді емтихан нысанында өткізіледі. 

      Диплом жобасын (жұмысын) қорғау қорытынды аттестаттау жүргізу жөніндегі комиссияның ашық отырысында кемінде 1/2 

мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. 

      Бір диплом жобасын (жұмысын) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 минуттан аспауы керек. Диплом жобасын қорғау үшін білім 

алушы 10 минуттан аспайтын баяндама жасайды. Диплом жобасын (жұмысын) қорғаудың нəтижесі өткізілген күні жарияланады. 

      30. Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды аттестаттау кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлға, тек оның алдыңғы 

қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алған нысаны бойынша қорытынды аттестаттаудың келесі кезеңіне қайта тапсыруға 

рұқсат етіледі. 

      Комиссия білім алушыға комиссия белгілеген бұрынғы жұмысын қайта қорғауға немесе жаңа тақырып əзірлеуге ұсынады. 

      31. Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан "қанағаттанарлықсыз" баға алған кезінде білім алушыға 

оқыған курсын толық аяқтағандығы туралы мамандығы (кəсібі) бойынша белгіленген үлгідегі анықтама беріледі. 

      32. Тиісті құжаттармен дəлелденген, себепті жағдайлармен қорытынды емтиханды тапсырмаған оқушылар белгіленген мерзімде 

КБжКОБ беру ұйымдары басшысының бұйрығы бойынша қорытынды емтиханды тапсыруға жіберіледі. 

      33. КБжКОБ беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссияның отырысы төрағаның, 

комиссия мүшелерінің жəне хатшының қолы қойылған тиісті хаттамамен ресімделеді. КБжКОБ беру ұйымдарында білім алушыларды 

қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамалары "Республикалық біліктілікті растау жəне беру 

орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнының филиалдарына жіберіледі жəне білім беру ұйымдарының 

мұрағаттарында 25 жылға дейін сақталады. 

      34. Білім алушылардың кəсіптік даярлық деңгейін бағалау жəне біліктілікті беру нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 

тіркеу тізілімінде N 3438 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 27 

қаңтардағы N 43 бұйрығымен бекітілген Техникалық жəне қызмет көрсету еңбегінің кəсібі (мамандық) бойынша кəсіптік дайындық 

деңгейін растау жəне біліктілік беру ережесіне сəйкес жүзеге асырылады. 

      35. КБжКОБ беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссия төрағасы екі апталық 

мерзім ішінде аттестаттау аяқталысымен аттестаттау қорытындысы туралы есеп дайындайды. 

      36. Қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия төрағасының есебінде: білім алушылардың аталған кəсібі (мамандығы) 

бойынша даярлық деңгейі; емтиханда анықталған білім алушылардың мінездемесі; пəндердің жекелеген сұрақтары бойынша білім 

алушылардың дайындығында кездесетін кемшіліктері; кəсіптік бастауыш жəне орта білім беру кəсіптері (мамандықтары) бойынша 

білікті кадрлардың дайындығын одан əрі жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетіледі. 

      37. КБжКОБ беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссия төрағасы немесе оның 

орынбасары педагогикалық кеңеске комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндайды. 

Қазақстан Республикасы       

Білім жəне ғылым министрінің   

2006 жылғы 7 қыркүйектегі    

N 481 бұйрығымен бекітілген   

 Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін 



ағымдағы бақылаудан, аралық жəне қорытынды мемлекеттік 

аттестаттаудан өткізудің 

ЕРЕЖЕСІ 

1. Негізгі ережелер 

      1. Осы жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық жəне қорытынды мемлекеттік 

аттестаттаудан өткізудің ережесі (бұдан əрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес əзірленген жəне 

меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы 

бақылау мен аралық жəне қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тəртібін анықтайды. 

      2. Үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық жəне мемлекеттік қорытынды аттестаттау білім алушылардың мемлекеттік жалпыға 

міндетті стандартын меңгеру дəрежесін анықтау мақсатында өткізіледі. 

      3. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 

      1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пəнді оқыту бағдарламасына сəйкес, ағымдағы сабақ 

барысында өткізген білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелеп тексеру. 

      2) білім алушыларды аралық аттестаттау - мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рəсім: оқытылғаннан кейін бір 

оқу пəнінің бөлімін немесе жалпы көлемін. 

      3) білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау - мемлекеттік жалпыға міндетті кəсіптік жоғары білім беру стандартын 

игеру дəрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рəсім. 

      4) транскрипт - белгіленген нысандағы тиісті оқыту кезеңінде кредиттері мен бағалары, əріппен, санмен көрсетілген өткен 

пəндердің тізбесін көрсететін құжат. 

 2. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың 

үлгерімін ағымдағы бақылау жəне аралық 

аттестаттауды ұйымдастыру жəне өткізу 

      4. Білім алушылардың білім жетістіктерін тексеру үшін жоғары оқу орындары (бұдан əрі - ЖОО) өз бетінше анықтайтын бақылау 

мен аттестаттаудың əр түрлі нысандары қарастырылған. Халықаралық білім кеңістігіндегі білім алушылардың білім жетістіктерін 

бақылау нəтижелерін тануды қамтамасыз ету үшін білімді бағалау баллдық - рейтингтік əріп жүйесі бойынша дəстүрлі бағалар 

шкаласына ауыса отырып жүзеге асады. 

      5. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сəйкес əзірленген оқу 

жұмыс жоспарының негізінде құрылған оқу сабағының бекітілген кестесіне сəйкес жүзеге асады.  

      6. ЖОО-дағы білім алушыларды аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде əзірленген оқу 

жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге жəне курстық оқу бағдарламасына сəйкес емтихандар мен сынақтар тапсыру нысанында 

жүзеге асырылады. 

      7. Сынақтар, білім алушылардың зертханалық жəне есептік-кестелік тапсырмалары мен курстық жобаларды (жұмыстарды) табысты 

орындауын, практикалық жəне семинарлық сабақтардың оқу материалдарын меңгеріп тексерудің нысаны, сондай-ақ оқу жəне кəсіби 

практикалардан өтуі мен бекітілген бағдарламаларға сəйкес барлық оқу тапсырмаларын орындауын тексерудің нысаны ретінде қызмет 

етеді. 


      Кейбір жағдайларда сынақты бүтіндей пəн бойынша емтихандар жəне оның жеке бөлігі бойынша орнатуға болады. 

      8. Емтихандар барлық пəндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру нысаны ретінде қызмет етеді жəне 

академиялық күнтізбе (семестр) бойындағы жұмысын, алған теориялық білімдерін жəне оларды қабылдау беріктілігін, шығармашылық 

ойлау қабілетінің дамуын, дербес жұмыс істеу дағдыларын игеруін, алған білімін жинақтап жəне оны практикада қолдана білуін 

бағалау мақсатын көздейді. 

      9. Білім алушылардың аралық аттестаттауын ұйымдастыру жəне өткізу жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімше жетекшісіне 

жүктеледі. 

      10. ЖОО-да білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңі емтихандық сессия болып табылады. Осыған сəйкес сынақтар емтихандар 

басталғанға дейін тапсырылады. 

      11. Сынақтық-емтихандық сессияның кезеңі мен ұзақтығы ЖОО-ның ғылыми ғалымдар кеңесі бекіткен мамандықтардың оқу 

жұмыс жоспарына жəне академиялық күнтізбеге сəйкес анықталады. Қысқы жəне жазғы емтихандық сессияларды айқындайды. Осыған 

сəйкес жазғы сынақтық-емтихандық комиссия көшіру сессиясы болып табылады, соның нəтижесінде білім алушыларды курстан курсқа 

көшіру туралы жоғары оқу орнының басшысының бұйрығы шығарылады. 

      12. Семинарлық жəне практикалық сабақтарға белсенді қатысып, жақсы білімін көрсеткен білім алушының оқу пəні бойынша 

сұраусыз сынақтан өтуге құқығы бар. 

      13. Сынақтарды тапсыру нəтижелері "сынақ", "сынықтан өткен жоқ" белгілерімен бағаланады. Дифференциалды түрде бағаланатын 

("өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық", "қанағаттанарлықсыз") сынақтары курстық жобалар (жұмыстар), кəсіби практика, сондай-ақ 

тізбесі ЖОО немесе факультеттің кеңесімен белгіленетін бейіндік оқу пəндері бойынша тапсырылады. 

      14. Білім алушылар оқу жоспарына, сондай-ақ ЖОО-ның (филиалдардағы, факультеттердегі) барлық оқыту нысандарына арналған 

бекітілген бірыңғай бағдарламаларға сəйкес барлық емтихандар мен сынақтарды тапсыруы керек. 

      15. Білім алушылар қосымша оқу пəндерінің түрлері бойынша нəтижелері ведомосқа, сынақ кітапшасына (дипломға қосымша) жəне 

транскрипке енгізілетін емтихандар мен сынақтарды тапсыруларына болады. 

      16. Оқу жоспарында қарастырылған барлық сынақтарды тапсырғанда, белгіленген есептік-кестелік тапсырмаларды, курстық жəне 

басқа жобаларды (жұмыстарды) орындағанда жəне тапсырғанда оқытудың күндізгі жəне кешкі нысанындағы оқитын білім алушылар 

емтихандық сессияға жіберіледі. 

      17. Сырттай немесе қашықтықтан оқыту нысанының білім алушылары егер өткен курстар үшін академиялық берешектері жоқ 

болса, емтихандық сессияға қатысуға жіберіледі. 

      18. Білім алушыларды емтихандық сессияға жіберу олардың тегі, аты, əкесінің аты жəне академиялық тобы көрсетілген ЖОО-ның 

бөлімше басшысының (факультет деканының, институт директорының, тіркеу бөлімі бастығының жəне басқалардың) өкімімен 

ресімделеді. 

      Осыған сəйкес, білім алушылардың сынақ кітапшасына "сессияға жіберілді" деген мөртаңба жəне ЖОО-ның құрылымдық бөлімше 

басшысының қолы қойылады. 

      19. Барлық оқыту нысандарына арналған емтихандар кестесін оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді жəне емтихандық сессия 

басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізілуге тиіс. 

      20. Пəн бойынша аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтиханда (қорытынды бақылауда) алған баллдары жəне бірінші жəне екінші 

рейтингті өткізудің нəтижесі бойынша семестр бойындағы ағымдағы үлгерімнің орташа баллы ескеріледі. Бірінші рейтинг 7-ші немесе 

8-ші аптада өткізіледі жəне ағымдағы үлгерім мен бірінші рубеждік бақылау бағалары қосылады. Екінші рейтинг 14-ші немесе 15-ші 

аптада өткізіледі жəне ағымдағы үлгерім мен екінші рубеждік бақылау бағалары қосылады. 

      Ағымдағы үлгерімнің салмақтық үлесі (ағымдағы жəне межедегі бақылау) студенттің қорытынды бағасында 60% кем емес бөлігін 

құрайды, қорытынды бақылау бағасының үлесі пəн бойынша қорытынды бағасында 40% аспайтын бөлігін құрайды. 

      21. Емтихандар оқу жұмыс жоспарында көзделген сынақ-емтихандық сессия кезеңінде тапсырылады. ЖОО-ның құрылымдық 

бөлімше басшысы (сырқаттылығы, отбасы жағдайы, өзге де объективті себептер бойынша) білім алушыларға емтихан сессиясын жеке 

тапсыруға рұқсат етіледі. 

      22. Оқытудың сырттай нысаны бойынша емтихан сессиясы, оқу жылындағы олардың кезеңдері мен саны əрбір курста ЖОО-ның 

кеңесімен белгіленеді. 

      23. Білім алушының емтиханға келгенде өзімен бірге емтихандық сессияға жіберілгендігі туралы мөртаңба басылған сынақ 

кітапшасы болуы керек. 

      24. Емтихандар, жазбаша, ауызша жəне тест нысанында жүргізіледі. Тест нысаны кезінде бейінділік жəне жақындық принципін 

сақтай отырып екі немесе одан да көп пəндер бойынша кешенді емтихан белгіленуі мүмкін. Əрбір оқу пəні бойынша емтиханды 

өткізудің нысандары мен тəртібі ЖОО-ның кеңесімен немесе ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерімен академиялық кезеңнің басынан 

бір ай мерзімде белгіленеді. 

      Білім алушылар емтихан кезінде пəннің оқу бағдарламаларын жəне емтихан алушының рұқсатымен анықтама əдебиетті пайдалана 

алады. 


      25. Емтиханда білім алушылардың үлгерімі мынадай бағалармен анықталады: "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық" жəне 

"қанағаттанарлықсыз". Білім алушылардың білім сапасын бағалаудың рейтінгтік жүйесі кезінде сынақтар мен емтихандар жалпы 

белгіленген бақылау жүйесі бойынша қойылады. Оң баға ("өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық") ведомосқа жəне білім алушының 

сынақ кітапшасына қойылады. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға тек қана емтихан ведомосіне қойылады. 

      26. Білім алушы "қанағаттанарлықсыз" деген бағаны оң бағаға түзеу мақсатымен емтиханды қайта тапсыру үшін аталған пəн 

бойынша оқу жоспарында көрсетілген барлық оқу сабақтарына қайта қатысуы жəне қорытынды бақылауға рұқсат алуы қажет. 

      27. Қорытынды бақылауда оң бағаны көтеру мақсатында емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. 

      28. Егер білім алушы емтиханға келмесе, емтихан ведомосіне оның тұсына "келген жоқ" деген белгі қойылады, ол академиялық 

берешекке теңестіріледі. 

      29. Пəн бойынша қорытынды бақылау нысаны (сынақ немесе емтихан) академиялық кезең бойы семестр аталған пəн бойынша оқу 

сабақтарын өткізген оқытушы немесе ЖОО-ның құрылымдық бөлімше басшысының тапсырмасы бойынша аталған пəннен тиісті 

бейіндік біліктілігі бар оқытушы жүзеге асырады. 

      30. Емтихандар мен сынақтарға ЖОО-ның құрылымдық бөлімше басшысының рұқсатынсыз бөтен адамдардың қатысуына 

болмайды. 

      31. Білім алушының келіспеген қорытынды бақылау нысаны бойынша бағалау қорытындыны аппеляцияға беруге болады. 

      32. Осы мақсатта емтихандық сессия кезеңінде ЖОО-ның бөлімше басшысының өкімімен біліктілігі аппеляция жасалынатын 

пəннің бейініне сəйкес келетін оқытушылар арасынан аппеляциялық комиссия құрылады. 

      33. Сырттай оқу нысанында білім алушыға емтихандық сессияны табысты аяқтаған жағдайда, алдағы емтихандық сессияға қатысу 

үшін белгіленген үлгідегі анықтама-шақыру қағазы беріледі. 

      34. Анықтама-шақыру қағаздарын беру жəне студенттердің емтихандық сессияға келуі ЖОО қабылдаған тəртібі бойынша қатаң 

түрде есепке алынады. 

      35. Берілген курстың оқу жоспарының талаптарын толық орындаған, барлық сынақтар мен емтихандарды ойдағыдай тапсырған, 

белгіленген өту баллын жинаған білім алушылар ЖОО басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі. 

      36. Курстан курсқа көшіру үшін орташа өту баллдарын ЖОО белгілейді. 

      37. Белгіленген өту баллын ала алмаған білім алушы сол курсқа қайта қалдырылады. 

      38. Қайта оқу курсына қалдырылған білім алушының бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын аяқтауға немесе белгіленген тəртіппен 

əзірленген жаңа жеке оқу жоспарын құруға құқығы бар. 


      39. Келесі курсқа көшірілген академиялық берешегі бар білім алушылар міндетті компоненттің тиісті пəндерін ақылы түрде қайта 

оқуға тиісті. 

      40. Қайта оқу курсына қалдырылған мемлекеттік білім беру грантының иегерлері оқуларын одан əрі ақылы негізде жалғастырады. 

      41. Академиялық берешектерді жою мақсатында курсты қайта оқу немесе оқу сабақтарына қайта қатысу ақылы негізде 

жалғастырылады. 

      42. Науқастығына немесе басқа да дəлелді себептерге байланысты байланысты жалпыға ортақ белгіленген мерзімде сынақтар мен 

емтихандарды тапсыра алмаған білім алушыларға құрылымдық бөлімше басшысы оларды тапсырудың жеке мерзімін белгілейді. 

      43. Жазғы емтихандық сессияның қорытындысы бойынша академиялық берешегі бар 2(3) курс студенттері аралық мемлекеттік 

бақылауға жіберілмейді.  

      44. Академиялық берешегін жазғы семестр кезеңінде жойған студенттер қыркүйек айында қайта жүргізілетін аралық мемлекеттік 

бақылауға жіберіледі. 

      45. ЖОО-дан шығарылған тұлғаға академиялық анықтама беріледі. 

 3. Жоғары оқу орындарында білім алушыларды қорытынды 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет