Күтілетін нәтиже: ойынға қатысушылар, «бақыт калошын» кие, ұсынылған
ситуацияға позитивті кілтпен жауап береді. Позитивті жауап беруге қиналған
қатысушыға басқа қатысушылар өздерінің жауап-варианттарын ұсына отырып
көмектеседі. Қатысушылар эмоциялық бәсеңсу алады және позитивті күйге
түседі.
«Плюс-минус» жаттығуы (10 мин.)
Мақсаты: педагогтарға педагогикалық қызметтің позитивті сәттерін ұғынуға
көмектесу.
Міндеттері: өзінің педагогикалық қызметіндегі негативті және позитивті
сәттерін айту; топтың шоғырлануы.
Материалдар мен жабдықтар:тақтаға бекітілген, ағаштың суреті салынған
ватман, жапырақтар түріндегі желімделетін стикерлер; әр қатысушыға қалам.
Нұсқау: жұмысыңыздың кемшіліктерін бір түстегі стикерге, ал екінші түсті
стикерге – плюстерін жазу. Қатысушылар жазады, содан соң жапырақтарын
кезекпен ағашқа желімдейді. Әрбір қатысушы өзінің жазғандарын дауыстап
оқиды. Содан соң жаттығудың рефлексиясы жүргізіледі. Педагогикалық
қызметтің плюстері көп пе, әлде минустері көп пе, қатысушылар талқыға салады.
Күтілетін нәтиже:педагогтар сонда да болса жұмыстың плюстері көп
екендігін көрулері керек, яғни, педагогтың жұмысы қиын, алайда жағымды,
позитивті екендігі туралы нәтиже шығарулары қажет. Сонымен бірге
педагогикалық қызметті әр қырынан көре білу.
«Жан дүниемнің бау–бақшасы» жаттығуы (15 мин.)
1-ші бөлім – медитативті және релаксациялы визуализация.
Мақсаты: қысымды алып тастау, үйлесімді жағдайды қалпына келтіру.
Материалдар мен жабдықтар: жанға жайлы жазылған әуендермен музыкалық
аппарат, релаксациялы музыкалар, жайлы жұмсақ орындықтар немесе кресло,
медитациялық визуализациямен мәтін.
Нұсқау: Мен қазір сіздерге медитация мәтінін оқимын. 3-4 рет терең
тыныстаңыз, жайлап көзіңізді жұмыңыз. Менің айтқандарымды көз алдарыңызға
елестетулеріңізді сұраймын.
32
Визуализациядан соң педагогтерге өздерінің алған әсерлерін, сезімдерін,
түйсінулерін және ойындағы образдарды сипаттау ұсынылады. Әрқайсысы
алған әсерлерімен бөліседі. Өздерінің жағдайларын, не cезгендерін сипаттайды.