Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы


«Тұлғаның толеранттылығы және интолеранттылығы» жаттығуы



Pdf көрінісі
бет22/35
Дата19.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#84684
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
БАҒДАРЛАМА

«Тұлғаның толеранттылығы және интолеранттылығы» жаттығуы 
Интолерантты адам – айналасындағы ақиқаттың арасында өзін жағымсыз 
сезінетін, билікке ие болғысы келетін, салт-дәстүр мен қарама-қарсы 
көзқарастарды қабылдағысы келмейтін тұлға. Интолерантты тұлғалар дүниені 
екіге бөледі: қараға және аққа. Олар үшін аралық түстер жоқ және бәрі жақсы 
және жаман болып екіге бөлінеді. 
Толерантты адам– өзін-өзі жақсы біледі, қоршаған ортасында өзін жайлы 
сезінеді, басқалардың жағдайын жақсы түсінеді, үнемі өзгелерден көмегін 
аямайтын, басқа да салт-дәстүр мен мәдениетке игі ниетпен қарайтын тұлға. 
Енді мына сөздерді екі бағанға бөліп-бөліп жазу керек, бірінші бағанға 
толерантты 
адамның, 
екіншісіне 
интолерантты 
адамның 
қасиеттері 
толтырылады: шыдамдылық, әзіл-ысқақ сезімімен, түсінбеушілік, басқалардың 
ой-пікірін құрметтеу, менсінбеу, өзімшілдік, мейірімділік, өзін-өзі ұстай алу, 
шыдамсыздық, қалай болса солай қараушылық, ашушаңдық, әңгімелесушісінің 
сөзін тыңдау, селқостық, түсіну және қабылдау, білуге құмарлық, адамгершілік 
(гуманизм). 
Толерантты тұлға 
Интолерантты тұлға 
Шыдамдылық 
Әзіл-сықақ сезіммен 
Басқалардың пікірімен санасу және т.б. 
Түсінбеушілік 
Менсінбеушілік 
Өзімшілдік және т.б. 
«Сиқырлы сәкі» жаттығуы 
Мақсаты: толерантты адам болу үшін, қатысушыларға қандай қасиеттер 
жетіспейтіндіктерін түсінуге мүмкіндік беру. 


28 
Өте ғажайып заттарды сататын сиқырлы сәкі бар деп қатысушыларға 
айтылады: ондай заттар: шыдамдылық, кішіпейілділік, басқалардың жағдайымен 
санасу, әзілдесе білу, сергектік, сенімділік, альтруизм, өзін-өзі ұстай білу, 
мейірімділік, адамгершілік, тыңдай білу, білуге құмарлық, қайғысын бөлісу, 
жаны ашу. 
Мен бір қасиеттерді екіншіге ауыстыратын сатушы боламын. Кез келген 
біреуің өзіңде жоқ қасиеттеріңнің бірнешеуін таңдап алуыңа болады. Бұл нақты 
бір қатысушының бойында жоқ немесе онша білінбейтін қасиет. Мысалы, сатып 
алушы сатушыдан шыдамдылықты сұрайды. Сатушы одан, шыдамдылық қандай 
жағдайларда, қаншалықты шыдамдылықты қажет ететінін сұрайды. Мысалы, 
қатысушы өзінде әзілқойлық қасиеті көбірек болса, сонымен айырбастауына 
болады... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет