Уақытты бағдарлау.Таңертең, түс, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру. Әртүрлі оқиғалардың, апта күндерінің, тәулік бөліктерінің реті туралы білімді бекіту. Айлар, жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың ретін білу және атау, циферблат бойынша уақытты анықтау.
Тәулік бөліктерінің ауысуын («кеше», «бүгін», «ертең»), оқиғалардың ретін («алдымен – содан кейін», «бұрын – кейінірек») анықтау.
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Менің Отаным – Қазақстан.
Туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік мерекелер, Қазақстан Республикасының рәміздерін, Қазақстан Республикасының Президенті, оның халық үшін атқаратын қызметінің маңыздылығын түсіну.
Мемлекеттік Әнұранды жатқа білу, оның маңыздылығын түсіну. Мемлекеттік мерекелердің (Тәуелсіздік, Республика күні, жаңа жыл, Наурыз, ғарышкерлер, аналар мерекесі, Отан қорғаушылар, балалар, астана күні) маңыздылығын түсіну, оларға белсенді қатысу. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаевті білу, оларды құрметтеу.
Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы, республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы ұғымдарын байыту.
Қазақстанның әсем табиғаты, көрнекі жерлері мен тарихи орындарының, мәдени мұрасының маңыздылығын түсіну. Қазақ халқының киіз үйінің маңыздылығын, оның құрылысы мен ішкі жабдықтарын білу. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу және құрметтеу.
Өз Отанын жақсы көру, оны қорғаудың, Қазақстан әскерінің маңыздылығын түсіну. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанын қорғаған қазақстандық жауынгерлердің Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтің ерліктері туралы білу, оларды құрметтеу.
|
Құрастыру
|
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.
Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен, киіз үйдің жасауларымен, тұрмыстық заттарымен, ыдыстарымен таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу. Табиғи (ағаш, мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері және т.б.) және қалдық заттардан құрастыруға баулу.
|
Сурет салу
|
Ою-өрнектермен қазақтың ұлттық киімдерін (орамал, шапан, қамзол және т.б.) салу, оларды пішіндердің ортасында және шеттерінде орналастыру. Ою-өрнекті өзбетінше ойдан салуға мүмкіндік беру. Ұжыммен бірге жұмыс істеу, міндеттерді өзара келісіп орындау, салынған суретпен түрлі ойындар ойнау.
|
Мүсіндеу
|
Қазақ халқының түрлі ыдыс-аяқтарын (қазан, астау, табақ, тостаған, керсен, ожау, күбі торсық және т.б.), тұрмыстық заттарын (керует, үстел, ер-тұрман, ошақ, кебеже, диірмен және т.б), зергерлік бұйымдарымен (білезік, сырға, сақина, тұмар, шашбау және т.б.), туған өлкедегі мәдени мұра ескерткіштерімен таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдану, олардың бетіне бедерлер жасау.
|
Жапсыру
|
Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін және т.б.) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру.
Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен (кілем, алаша, сырмақ, ши, көрпе, жастық және т.б.), киіз үйдің жабдықтарымен (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, басқұр және т.б.) таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша қиып жапсыру, оларды ою-өрнектермен безендіру.
|
Музыка
|
Музыка жетекшісінің жоспары бойынша
|
Достарыңызбен бөлісу: |