Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: дыбыстарды дұрыс, анық айтуды бекіту, айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз г – ғ, л – р, ж – з, с – з, ж – ш, н – ң, х – һ дыбыстарын естуі бойынша ажыратуға және анық айтуға үйрету;
Тілдің грамматикалық құрылымы: түбірлес сөздерді жасау және қолдану біліктерін, етістіктерді жалғаулармен қолдану, тілдік этикетті, жай және күрделі сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру;
Байланыстырып сөйлеу: тыңдау және тілді түсіну дағдыларын қалыптастыру, диалог түрінде сөйлеуге үйрету. Негізгі ойды дұрыс жеткізуге, монологтық ойларын байланыстырып құра білуге, әнгімені бірізді және нақты айтуға, шағын сипаттау және хабарлау әңгімелерді құрастыруға үйрету;
Шығармашылықпен сөйлеу қызметі.
ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару.
Көркем әдебиет
Шығармалардың эмоционалды-бейнелік мазмұнын қабылдауға, баяндау сипатын сезінуге баулу.
мәнерлеп оқу. Балаларды дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға, балалардың өлең мазмұнына деген қатынасын беруге, тілдік бейнелілігін сезінуге баулу
мазмұндау. Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күймен, қисынды мазмұндауға үйрету;
шығармашылық әңгімелеу. Тәрбиешінің әңгімесінің жалғасы мен соңын ойлап таба білуге, бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша құрастыруға, әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету;
балаларды театр мәдениетіне баулу.
Адамгершілік нормалары туралы түсінік.
ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдени мінез-құлық дағдыларын;
Сауат ашу негіздері
Сөз" және "дыбыс" терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру.
қолды жазуға дайындау: жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру және қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету. Сызбаларды (штрихтарды), жиектерді салуға үйрету.
Математика негіздері Жиын.
Сандар түрлі жиындардың көрсеткіштері екендігі және жиын түрлі элементтерден құрылатындығы жайлы түсінігін дамыту.
Сан, санау.
Математикалық терминдерді қолдана білуді, 6 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету.
Шама.
Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілей білуге, заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыруға үйрету.
Заттарды түрлі белгілері бойынша (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) салыстыра білуге үйрету
Сөйлеуде мына сөздерді қолдана білуді қалыптастыру: "үлкен – кіші", "үлкенірек – кішірек",
Беттестіру және тұстастыру, жұппен салыстыру әдістерін қолдана отырып, заттарды салыстыруға үйрету
Геометриялық пішіндер.
Дөңгелек және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақшамен таныстыру
Кеңістік ұғымдарын бекіту: заттың кеңістікте орналасуы (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде);
Уақыт ұғымдары туралы білімдерін бекіту. Таңертең, түс, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру. Апта күндерін, айларды, жыл мезгілдерін атау кезінде оларды ретімен дұрыс айта білуге, циферблат бойынша уақытты анықтауды үйрету.
Салмақты өлшеу.
Заттардың салмағын өлшеміне қарай алдымен қарама-қарсы көрсеткішпен тең және тең еместігін алақанына салып өлшеп анықтауға үйрету.
Заттар тобынан 1-3 белгілері бойынша сәйкес келмейтін "артық" затты бөліп алу, пазлдарды жинау, логикалық ойын тапсырмаларын орындау және т. б.