Білім беру ұйымы: «Зерде» МДДО
Тобы: «Раушан» мектепалды тобы
Балалардың жасы: 5 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: қыркүйек айы , 2022 жыл
Айы
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Қыркүйек
Дене шынықтыру
Жалпы дамытушы жаттығулар.
"Қол кеуденің алдында" қалпынан қолды жанына қарай созу, "қолды желкеге қою" қалпынан қолды жоғары көтеру және жанына қарай созу; қол саусақтарын айқастыру "құлып", алға-жоғары көтеру (алақанды сыртқа қарай айналдыру); қолды бір мезгілде жоғары-артқа және кезектесіп көтеру.
Негізгі қимылдар:
Сапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру
шашырап; жұптасып, бір қатармен, заттарды аттап жүгіру
бір орында тұрып, алға қарай 3–4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіру
қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру, допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып
Биіктігі 40 см жіптің астынан қолды еденге тигізбей, бүйірімен еңбектеу, гимнастикалық орындық үстінде ішпен еңбектеу
Заттардан аттап жүру, шектелген беткей үстімен адымдап, аяқ ұшымен жүру арқылы тепе теңдік сақтау
Сапқа бір, екі, үш қатармен тұру, сап түзеуден бір және екі, үш қатармен қайта тұру
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау
Спорттық жаттығулар:
Шеңбер бойымен және тура жолмен екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға және солға бұрылу;
Спорттық ойын элементтері: баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолмен допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүру;
Дербес қимыл белсенділігі.
Ойындарды дамытуға ықпал ететін, спорттық жабдықтармен және түрлі құралдармен қамтылған қозғалыстық ортаны жасау
Сауықтыру-шынықтыру шаралары.Балалардың қарапайым су шараларын жүргізудің дербес дағдыларын бекіту. Ертеңгілік гимнастиканы таза ауада (10-12 минут) орындауға қызығушылықтарын ояту
адамның дене құрылысы, оның маңызды мүшелері туралы білімдерін, жұқпалы аурулар туралы, аурулардың алдын алудың негізгі шаралары туралы түсініктерін қалыптастыру;