Білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ)


Бөлім: Зайырлылық және дінтану негіздері



бет38/59
Дата17.09.2023
өлшемі5,63 Mb.
#108321
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   59
Байланысты:
9 сынып Жаһандық құзыреттіліктер

Бөлім:

Зайырлылық және дінтану негіздері

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Діннің пайда болуы және маңыздылығы, әлеуметтік мақсаты мен жіктелуі

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға дін құбылысын, діндер тарихын, діни ағымдар мен секталар және діни конфессия ұғымдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы:
Еңбек өнімділігін арттыру, қоғам, мемлекет еңбек арқылы дамитынын түсіндіреді.


Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

«Ой талқы» 




  1. Дін дегенді қалай түсінесіңдер? Өз пікірлеріңді айтып беріңдер.

  2. Діннің не екенін ғылым қалай түсіндіреді?

  3. Діннің құрылымын түсіндіріңдер.

  4. Діни бірлестіктер туралы не білесіңдер?

Дін мен мифтің бірлігі және айырмашылығы неде?
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер

Сабақтың ортасы

Оқулықтағы суреттермен жұмыс. Оқушыларға сұрақтар қою.
. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылғанмақалалар,ғылыми еңбектерсаны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.
Цицероншығармаларында «религия»сөзі халықтың тұрпайысоқыр сенімінеқарсы қойылғанұғымретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-біртұжырым, дін деп кез-келгенсенімтүрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оныңсубстанциясы. Сенімқарым-қатынас,байланыссынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Менқұдайғасенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады.Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық шалу рәсімі.
Құрбандықне мақсатпен шалынады, оның мәні неде және тағы басқалары деген көптеген сұрақтар туады. Бірақ бұл жерде дінді анықтаудағы қиыншылықтар сияқты көп бөгетке тап боламыз. Бірақ осында көпшілікке белгілі, қалыптасып қалган көзқарас та жоқ емес — ол бойынша діни наным-сенімдердің қоғамды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарга шығарылған. Басқа сөзбен айтар болсақ, олкөзқарасдіннің де, сенімнің де қоғамтудырушы рөлін анықтағысы келетіндігі айғақ.
Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.
Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмдіатайды. Діннің негізінде рәсім тұр.Рәсімдеп жеке тұлғаның әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.
Дін әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс;
Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындауы және соған илануы.
Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз.
Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және «діндарлық генінің» болуы ықтимал деген болжам жасайды.
Дін және ғылымның айырмашылығы
Ғылымның діннен басты айырмашылығы, ғылым кез келген аксиомаларға, теорияларға күмәнмен қарай алады. Яғни күмәннан қорғалған ештеңе жоқ. Сондықтан да, ғылым тарихында бұрын дұрыс деп келген кез келген теорияның қате болғандығын көрсете алады. Дін, өз кезегінде, күмән келтіре алмайтын, тексеріле алмайтын, адамның санасына түсініксіз, тек жоғары күштерге белгілі, догмаларға негізделеді. Дін ақиқатқа толықтай монополия орнатады, зерттеп немесе тексеруге мүмкіндік бермейді. Ғылымның табиғаты динамикалық, яғни үнемі қозғалыста болып келеді. Қоғам мен табиғатты зерттеуде бірге дамып отырады. Ал енді дін болса консервативті, статикалық болып табылады. Яғни қоғаммен бірге даму емес, бұрын қалай болса, солай қалдыру, Қоғам даму барысында сәйкессіздіктер болса, оны адасқандық деп жариялайды. Ғылым үнемі ізденіс үстінде, дәлелденген факттерге де күмәнданып, қайта қарастыра алады. Дінде бұлай жасауға мүлдем тиым салынған. Егер бір мәселеге күмәндансаңыз адасқан немесе діннің жауы деп айыпталуыңыз әбден мүмкін. Ғылым үнемі ізеністі, оқуды талап етеді. Сондықтан да ғылыммен айналысу көпшілікке шектеулі. Ал дін кез келген адамға тиімді, тек сенім болса жеткілікті.
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.

Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет