Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі


Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері



бет16/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
1.2 Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері
Қоғамдағы түрлі бағытта болып жатқан өзгерістер білім берудің қызметіне жаңаша қарауды, бағалауды, сонымен қатар оқушылардың танымдық әлеуетін дамытуды талап етеді.

Таным – объективтік шындықты адамның ойын бейнелейтін және қайта жаңғыртатын, қоғамдық іс-әрекет барысы. Ол заттардың мәніне дәлірек жетудегі күрделі және қарама-қайшылық ретінде қаралады. Ақиқатқа жетудің, объективті шындықты танудың диалектикалық жолы: нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға, одан тәжірибеге көшу болып табылады. Таным барысында ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады. Оқушылардың танымдық әрекет құрылымы: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық дербестік және шығармашылық әрекеттен тұрады.

Танымдық іс-әрекет оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.

А.Н.Леонтьев: «Менің өмірімдегі мен нені меңгере алдым, я болмаса соны ұғына алдым ба жоқ па, егер үғынсам, меңгерсем, қаншалықты, қандай дәрежеде үғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін, маңыздылығы қандай...» - деп, психология ғалымының «мән» мен «маңыз» деген ұғымдардың түсініктемелерін зерттеген [27, 9 б.].

Егер оқушылар өздерінің оқыту процесіндегі бағдарының мәнін, маңыздылығын үғынып, оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын, компоненттерінің маңыздылығын менгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық іс-әрекеттің тиімділігінің артқаны. Бұл оқушылардың өз мүмкіндіктерін пайдалана білуі, білімнің пайдасы мен маңызын саналы түрде ұғынып, түсінуге көмектеседі. Оқушы білімді жай уақытша қажеттілік деп санаса, онда білімнің маңыздылығы төмендейді. Ал егер оқу әрекетін басқа әрекеттермен (шығармашылық, танымдық, қарым-қатынас, бағалау) байланыстырса, онда «білсем», «маған керек», «маған қажет», деген сияқты мотивтерге білгім келеді», «үйренгім келеді» деген мотивтер ұласады.

Сонымен дамыта оқытудың негізгі принципінде проблемалық оқыту пайда болады. Проблемалық оқыту дегеніміз, меңгерілетін және білім мен білік, дағдының бастапқы кезеңнің қалыптасуы және мұғалімнің басшылығымен өтетін оқыту өз еркімен тапсырма мен мәселені шешу жүйесі.

Мұндай оқыту оқушының ақыл-ойының дамуына елеулі әсер етеді, адам үшін жаңа заңдылықтармен, танымдық және практикалық мәселелерді шешу жолдарына бағыттайды.

Оқыту арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды тәжірибиесін береді. Сонымен бірге оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым-білім жүйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке даярлайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой мен дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру - ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс. Оқыту процесінің жүйелі, түсінікті, нақты қалыптасуы танымдылық іс-әрекеттің маңыздылығын арттырады. Оқыту екі жақты сипатта жүретін мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекетінде көрінеді. Сондықтан мұғалім оқушының жаңа білімді қабылдауына, бұрынғы өзінде бар біліммен байланыстыруына, ой қортындысына дұрыс тұжырым жасауына көмектеседі.

Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің маңыздылығын дамыту мәселесін екі жаққа бөліп қарастыруға болады: 1) ұйымдастырылған оқыту процесінің ықпалы балаға және оның психикалық дамуына әсер етуін білу және 2) толық анықталған дамуды алу үшін, оқыту процесін қалай ұйымдастыру қажет, қандай психикалық даму және қандай оқыту мен әсер ету туралы болатынын білу өте маңызды.

Танымдық процестердің амалдарын меңгеру арқылы бала шындық болмыстағы заттардың байланыстары мен катынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың айырмашылықтарын, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді. Мұндағы себеп пен нәтиженің заңды байланысын түсінеді. Мәселен, «от жақса түтін шығады» дегенді оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайды, яғни көңіл аударады, шындық болмыстағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен байланыста тұратындығын түсінеді. Басқаша нақтырақ айтсақ, қабылдайды. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп, көзінің жетуі - оның ұғынуы болып табылады.

Оқыту процесі адамның іс-әрекеті мен шындық танымдық процестердің бірлігі арқылы орындалады. Ендеше танымдық процестердің әр түрінің өзіндік ерекшелігі, маңызы мен орны бар.

Танымдық іс-әрекет, арнайы ұйымдастырылған оқытуда құрылады, күрделі психологиялык білім бола отырып, оқыту процесінің өзімен қоса өріледі.

Оқу процесінің компоненттеріне көңіл бөле отырып, мұғалім дұрыс ұйымдастыруынан сабақтың нақты мазмұны анықталады және де әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдалану ерекшелігі арқылы оқушының танымдық іс-әрекетінің дамуына әсер етеді.

Мұғалімнің оқыту іс-әрекетінің өзі екі негізгі компоненттерден тұрады: бірінші жағынан оқушыға білімнің объективтік маңыздылығын беру; екіншіден осы білім барысында оның мәнін оларда субъективтік қатынаста қалыптастыру қажет.

Егер оқыту материалдары ақыл-ой әрекеті мен практикалык жағдайда қалыптастырылса, оқытудың бірінші жағы көрінеді, екінші жағы осы әрекеттердің орындалу процесін анықтауда және түрлі түсіндірулерге тоқталғанда көрінеді.

Жоғары психикалық функцияның өзі бастапқыда біріккен іс-әрекетте қалыптасады, басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудың өзі біртіндеп ішкі жоспарға кіреді, ол баладағы ішкі психикалық процеске айналады.

Кейбір зерттеушілер адам психикасын қарқынды дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиеттерінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Бұл жерде , түгі қалмай өзгереді дегенде жаңа мен көненің арасындағы күрес жөнінде айтылып отыр. Диалектиканың заңдылығы бойынша, жаңа дегеніміз көненің негізінде өріс алып, оны жеңеді, бірақ бір жолата құртпайда, көнеден қалған «қалдықтың өзінің өркендеуі үшін пайдаланады.

С.Смаилов: “Танымдық белсенділік ұғымын жеке тұлғаның қасиеті, яғни адамның кәсіби дайындығы барысында өз күшімен білім мен әрекет тәсілдерін игеру және оны оқу, зерттеу, практикалық әрекеттерде қолдану” – деп түсіндіреді [69, 22 б.].

Р.С.Омарова: “Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, қызығушылықтан және әрекетті орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады”, - деп түсіндіреді

[61, 17 б.].

Жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін, белсенділігін ұйымдастыру, шығармашылығын қалыптастыру, оқыту әдістерін өмір талаптарына сәйкестендіру мектептегі оқыту үрдісінің ерекшеліктеріне, әдістеріне, сабақтың мақсатына қарай жұмыс түрлеріне, оқушылардың психикалық қасиеттері мен даму ерекшеліктеріне байланысты (4-сурет).

Психикалық іс-әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін оқушы ең алдымен өзінің ой-санасын жасап жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Сурет салуға бекінген оқушының зейіні істеп жатқан әрекетіне шоғырланады, назарын қажетті заттарына аударып, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданады. Бұл оқушының бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап, әртүрлі іспен бірден шұғылдана алмайтынының дәлелі. Сондықтан да оқушы санасы белгілі мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады.

Ой-сананың бағытталуы деп – ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамалылық сипатын, нақты объекті күні бұрын ниетті іріктеуін, не оған мән бермеуін айтамыз. Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс-әрекеттің біршама уақыт аралығында өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейінді бөлу үшін қандай да бір істің түрін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып,

сақтап қалу қажет. Мысалы, педагогикалық процесте зейінін “анау не, мынау не зат?” – деп іске бағыттау онша қиындық тудырмайды, әңгіме төркіні сол зейін бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру.

Зейін сөзі жоғары сынып оқушысы ой-санасындағы белгілі іс-әрекетке шоғырланады. Оқушы алдында тұрған міндет неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым күшті әрі өткір болып, ал жұмыс қиындығы болмағанда, зейін салудың күші де кемірек келеді. Өз кезегінде оқушы зейінінің шоғырлануы ой-сананы қажетсіз объекттердің бәрімен ауыстыра алумен де байланысты. Зейін күші толығымен нақты бір істің шешіміне бағышталған шақта, төңіректегі қалған затардың бәрі елес күйінде байқалады.

Сонымен, қандай да бір затқа зейін қоюдан, ол зат оқушы санасының төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің бәрі сана аймағының шектеріне ығыстырады. Осыған орай, зейін аударылған заттың оқушы санасындағы бейнесі нақты айқындалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар іс-әрекет мақсатына жеткенше, санада бекіген халде сақталуы әрекетті бақылау және реттеу қызметінде көрініс береді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет