Білім беру менеджменті Мақсаты


Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесі



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі27,72 Kb.
#12860
1   2   3
Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесі

Білім берудегі сапа менеджменті жүйесіндегі принциптердің бірі мони-


торинг нəтижелерін ескере отырып, білім беру процесін тұрақты жетілдіру


принципі болып табылады.


Ұлттық жəне өңірлік деңгейдегі білім беру нəтижелері мен əлеуметтік


əсерлердің жүйелі мониторингін жүргізу мақсатында басқарудың


ақпараттық базасы жəне даму жолдарын болжамдау түрінде білім беру


мониторингінің бірыңғай жүйесі енгізіледі. Осы мақсатқа жету үшін Ұлттық


білім беру сапасын бағалау орталығы Ұлттық білім беру статистикасы жəне


бағалау (бұдан əрі – ҰБСБО) орталығы болып өзгертіледі.


Бұл үшін:


барлық деңгейде білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін


(бұдан əрі – БСБҰЖ) енгізу жалғастырылады;


ЮНЕСКО, ЭЫДҰ жəне АҚШ халықаралық білім беру статистикасының


талаптарын ескере отырып ұлттық білім беру статистикасы əзірленеді;


28

бастапқы мəліметтер негізінде білім беру статистикасының бірыңғай


базасы құрылады;


білім беруді басқару жүйесінің инфрақұрылымы кеңейтіледі.


Мониторингтік зерттеулер жүргізетін болады. Басқару шешімдерін


қабылдау үшін мониторинг нəтижелері бойынша білім беру жүйесінің жай-


күйі мен дамуы туралы жыл сайынғы облыстық баяндамалар жарияланып


отырады.

2013 жылдан бастап білім беру статистикасының жинағы жыл сай-

ын басылып шығатын болады. БҒМ-ның жəне ҰБСБО-ның сайттарында


жинақтың электрондық нұсқасы орналастырылады. Оқытудың барлық


деңгейі бойынша оқушылардың, педагогтердің бірыңғай базасы құрылатын


болады.

2015 жылға қарай статистикалық деректердің бытыраңқы электрондық

базалары білім беру статистикасының бірыңғай базасына біріктіріледі.


Аталған база бастапқы деректер негізінде толықтырылып (мектеп, кол-


ледж, жоғары оқу орны, интернат, орталықтар, сапаны бағалау қызметтері


жəне т.б.), ҚР БҒМ-да жинақталады. Осылайша, 2015 жылға қарай əкімшілік


есептіліктің барлық нысандарын жинау жойылып, айқындылық қамтамасыз


етіледі.

Əртүрлі бейінді жəне даярлық деңгейіндегі мамандар қажеттілігін

бағалау мемлекеттік реттеу тетіктерін тұжырымдау жəне ел


экономикасының, басқару мен əлеуметтік саласының қажеттілігіне сəйкес


мамандар даярлауды ынталандыру үшін арналған еңбек нарығын монито-


рингтеу, талдау жəне болжау жүйесі негізінде жүзеге асырылатын болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет