Сөзді аяқтауға көмектес Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру.
Қажетті құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л.
Дыбыс қайда тығылды? Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөздегі дыбыстын орнын анықтау.
Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін түсіндіру қажет. Сосын тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстын орнын анықтау керек.
Тізбек
Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.
Қажетті құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін соның соңғы дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара- алма- автобус-сабын- нан…
Суретті таңда Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.
Қажетті құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бірнеше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. (қалта, ақша, аққала т.с. с)
Суретті тіз
Мақсаты: Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету.
Қажетті құралдар: Әр-түрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бірнеше суреттер.
Ойын барысы: Тәрбиеші баланың алдына суреттерді қояды да атайды, сосын оларды бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды.
(С) – сабын, сүлгі, сурет, сиыр, сарымсақ
(П) – пальто, піл, пияз, парақ. Т.б
Дыбысты ата Мақсаты: Сөздегі бірінші, соңғы дыбысты белгілеп үйрету.
Қажетті құралдар: Барлығында бір дыбыс бар заттық суреттер
Ойын барысы: Тәрбиеші суреттерді атап көрсетеді. Балалар тыңдап барлық сөздердегі дыбысты атайды. Және осы дыбысқа өзінің мысалдарын келтіреді.