Не істеу керек, табамыз Мақсаты: Есту зейінін жұмылдыра білуін дамыту. Сылдырмақтың дыбысымен өзінің қозғалысының арақатынасын белгілеу, қозғалыс сәйкестігін дамыту.
Қажетті құралдар: Сылдырмақ, екі жалауша.
Ойын барысы: Баланың қолында екі жалауша бар, егер тәрбиеші сылдырмақты қатты сылдырлатса,онда бала жалаушаларды жоғары көтереді және бұлғайды. Егер сылдырмақ ақырын сылдырласа, онда жалаушаларды төмен түсіреді.
Мұнда балалардың дұрыс тұруын және қозғалыстарының дәл орындалуын қадағалау маңызды.Бала жаттығуды жеңіл орындау үшін, сылдырмақтың қатты және ақырын дыбысталуын кемінде 4 рет алмастыру қажет.
Кім алғыр? Мақсаты: Құлақтың естігіштігін, сөздік нұсқаулықты оны айтатын дауыс күшіне қарамастан дұрыс қабылдай білуді дамыту.
Қажетті құралдар: Ойыншықтар: қуыршақ, аю, мәшине.
Ойын барысы: Тәрбиеші үстінде ойыншықтары бар үстелдің жанында отырады. Бала одан 2 – 3 метр қашықтықта болады. «Мен сыбырмен сөйлейтін боламын, сондықтан бәрі естілу үшін тыныш отырып, зейінмен тыңда» :
Сыңғыр - сыңғыр Мақсаты: Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту қабілетін бағыттауды дамыту.
Қажетті құралдар: Қоңырау.
Ойын барысы: Бала көзін жұмады, ал тәрбиеші тым-тырыс оның жанына (сол, оң, артынан) келіп қоңырауды сылдырлатады.Бала көзін ашпай дыбыстың, қайдан шыққан бағытын анықтауы қажет.Егер бала қателессе, онда тағы шешеді. Ойынды 4 – 5рет қайталайды. Баланың көзін ашпауын қадағалау керек. Бала дыбыс қайдан шықты, сол жерге бетімен бұрылып, дыбыстың бағытын көрсете білуі керек.Қоңырауды баяу сылдырлату керек.