Білім беруде мультимедиа-технологияларды пайдалану


Мультимедиалық технологияларды шет елдік білім



бет33/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,23 Mb.
#14681
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65
1.10 Мультимедиалық технологияларды шет елдік білім

саласында қолданудың тенденциялары, перспективалары
Бiлiм беру жүйесiн дамытудың тенденциялары мен перспективаларын айқындау үшiн, осы салада белгiлi бiр жетiстiктерге қол жеткiзген дамыған шет елдердiң тәжiрибесiне сараптау жасап, оны меңгере бiлу қажет. Осы себептен де, мультимедиалық технологиялардың жоғарыда талдау жасалынған дидактикалық мүмкіндерін оқыту процесiне енгiзуге бағытталған бiрнеше шет елдiк жобаларға шолу жасап көрейік.

Біздің елімізде мультимедиалық технологиялардың оқыту процесiндегi мүмкiндiктерi мүлде зерттелмеген. Бұл мәселе 1995 жылдардан бастап тек шет елдерде ғана қарастырыла бастады.

Еуропадағы бiлiм беру саласы бойынша жүзеге асырылып келе жатқан ғылыми-зерттеу жобалары жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерiне кiтапханаларды, зертханаларды, оқу курстарын мультимедиалық технологиялар негiзiнде бiрлесе пайдалануға мүмкiндiк берiп келедi.

Сонымен, Еуропада азаматтардың бiлiмiн жетiлдiру үшiн мынадай жобалар жұмыс iстеуде:



  1. Т3 жобасы (Telematics for Teacher Training)

  2. TRENDS жобасы (Training Educators through Networks and Distribution Systems)

  3. SAVІE жобасы (Support Action to Facilitate the Use of Videoconferencing in Edication)

Т3 жобасының мақсаты оқытушыларды күнделiктi кәсiби iс-әрекет барысында мультимедиалық технологияларды тиiмдi пайдалануға үйрету. Бұл жоба Еуропаның 4300 оқытушысына телематиканың бiлiм мен оқытудың сапасын арттыруға көмектесетiнiн дәлелдедi. Телематика – ақпараттық технологиялар мен телекоммуникацияның және олардың сервистiк құрылымының бiрiгуi.

Бұл жобаның нәтижесінде Wев-технология, электрондық пошта, виртуалды семинар, виртуалды зерттеу орталығы, конференс-байланыс секiлдi телематиканың инструменталды құралдары студенттерге өте тиімді екендiгi практикалық тұрғыдан дәлелденді. Сонымен қатар, осы жоба барысында кiтапхана қызметкерлерiне арнайы курс ұйымдастырылып, оқытушылар үшiн телематика бойынша негiзгi еуропалық бағдарлама қабылданған.

TRENDS жобасы

Trends (Training Educators through Networks and Distribution Systems) жобасы Греция, Италия, Франция, Испания, Ұлыбритания, Португалия сияқты алты елдегi оқу орталықтары үшiн арнайы желiнi iске қосты. Желi алдыңғы қатарлы желiлiк технология мен ІSDN инфрақұрылымы негiзiнде құрылды. Әрбiр аталған елдегi орталыққа жиырмадан астам орта мектептер қосылған. Бұл жобаға 2003 жылдан бастап 47000-нан астам оқытушылар қатысуда.

Trends жобасының басты мақсаты болған „оқытатын модельдер” негiзгi екi талапты қанағаттандырады. Бiрiншiден, барлық пайдаланушылар мен бiлiм беру мекемелерi үшiн жалпыға бiрдей базистер орнатылған. Екiншiден, жобаға кiретiн елдерге өздерiнiң арнайы қажеттiлiгi мен талаптарын қанағаттандыру үшiн жобаны жекелей жетiлдiру мүмкiндiгi қарастырылған. Жоба негiзгi үш оқыту жоспары бойынша орындалды: виртуалды, даралап және оқу топтары негiзiнде.

SAVІE жобасы

SAVІE (Support Action to Facititate the Use of Videoconferencing in Education) жобасы мультимедиалық технологияларды бейнеконферен-циялар ұйымдастыруда пайдалану мақсатын көздедi. Бейнеконференция - қашықтан оқытуда көп пайдаланып келе жатқан технология. SAVІE жобасы осы бейнеконференцияларда қолданылатын оқытатын бағдарламалық өнiмдер дайындаумен де айналысуда. Мұндай бағдарламалық өнiмдерге бейнежазбалар мен даралап оқыту бағдарламалары, оқытушылар үшiн семинар жазбалары, тренажерлық бағдарламалар жатады.

Бүгiнгi күнге дейiн 200-ден астам бағдарламалық пакеттер әлемнiң 17 елiнiң бiлiм мекемелерiне таратылды.

Мұнымен қатар, мынадай университеттiк жобалар да мультимедиалық технологияларды, инновациялық оқыту әдiстерiн пайдаланып оқыту процесiн жетiлдiрудi қамтамасыз етуде. Олар: REM, ARІADNE, BІC, TEN, DEMOS жобалары.

REM (Reseau d’Enseignement Multimedia) жобасы студенттер, оқытушылар және кәсiби мамандар үшiн оқытудың конструктивистiк ұстанымын қолданады. Бұл ұстаным бойынша пайдаланушылар оқу материалына байланысты өздерiнiң жеке түсiнiк, ұғымдарын қалыптастырады және оны басқа пайдаланушылармен талқыға салады. Осы жобада пайдаланылған мультимедиалық оқыту ортасы жобаға қатысушылардың өз жұмыстарын жүйелеудi және оны басқаруды жүзеге асыруына көмектеседi.

Жоба барысында үздiксiз кәсiби дайындықпен айналысатын виртуалды оқыту ортасы құрылған. Орталықта оқытушылардың iс-тәжiрибесi, студенттердiң iзденiс жұмыстары жинақталған мәлiметтер қоры пайдаланылады.

REM жобасы үш сала бойынша стандарттар дайындаумен айналысатын халықаралық ІMS (оқытуды басқару жүйесi) жобасына бiртiндеп қосылып келедi:

1) интерактивтi материалдармен жұмыс iстеу стандарттары;

2) динамикалық сипаттағы оқытуды жетiлдiру стандарттары;

3) оқу материалдарын бiрлесе пайдалану стандарттары. Мұның бәрi интерактивтi материалдарды оқыту ортасында кең ауқымда пайдалануға мүмкiндiк бередi.

ARІADNE (Alliance of Remote Іnstructional Authoring and Distribution Networks for Europe) жобасы бiлiм беру ресурстарын бiрлесе пайдалануды жүзеге асырады. Жоба өзара байланысқан бiлiм берудiң мәлiметтiк қоры (KPS) халықаралық жүйесiн басшылыққа алады.

BІC (Blueprint for Іnteractive Class rooms) жобасы негiзiнде телепайдаланушылар мынадай технологияларды пайдалана алады: радиохабарлар, телевизия, желiлiк жүйелер, интернет. Жобаны жүзеге асыру кезiнде Еуропаның әртүрлi бес елiнде бес түрлi сынып бөлмесiнiң моделi құрылған. Бұл демонстрациялық сынып бөлмелерiне оқытудың автоматтандырылған интерактивтi станциясы, оқу топтарына арналған оқу орталығы, даралап оқыту станциясы, оқытушы бағдарламалар орталығы, виртуалды орталық жатады.

TEN (Trans-European Tele-Education Network) жобасы бiлiм беруде спутник байланысын қолдану желiсiн құру негiзiнде пайда болды. TEN жобасы желiнiң бұл түрiн ІSDN желiсiмен, локалдық желiмен, интернетпен бiрiктiредi. Бұл бiрiгу технологиясын iске асыру үшiн сәйкестi бағдарламалық жабдық дайындалған. Жоба Шығыс Еуропаның төрт, Еуропаның алты елiнде iске асуда.

DEMOS (Distance Education and Tutoring in Heferogeneous Telematics Environments) жобасы университеттер үшiн мультимедиалық оқыту құралдарын дайындайды.

Ендi, алдыңғы қатарлы ғылыми және педагогикалық институттар ұстанатын, оқытудағы жаңа технологияларды қолданудың бағыттарына талдау жүргiзейiк.

Колумбия университетi жанындағы оқытудағы жаңа технологиялар институтының эксперт мүшелерi атап көрсеткендей, „XXІ ғасырдағы бiлiм беру, адамдардың потенциалдық мүмкiндiгiн толық пайдалануға көмектесетiн интеллектуалдық және техникалық ебдейлiктердi дамытуды қамтамасыз ету керек. Себебi, егер ХХ ғасыр индустриялық демократия ғасыры болса, онда XXІ ғасыр интеллектуалдық демократия ғасыры болады”.

Компьютерлiк технологиялар саласындағы мамандардың 2000-жылдардағы болжамы бойынша ақпараттық жүйелердiң дамуын анықтайтын технологияларға желiлiк технологиялар мен мультимедиа жатады деп жоспарланған.

Желiлiк технологиялар мен мультимедианы қолдану сферасы жөнiнде айтар болсақ, оқытуда қолданылатын бейнежүйелердi құруға көбiрек көңiл аудару керек. Көптеген мультимедиалық жүйелерге арналған зерттеулерде әсiресе, мультимедиалық оқыту жүйелерiне көп көңiл бөлiнген.

Оқытудағы жаңа технологиялар институтының ғалымдары (АҚШ) мультимедиалық технологияларды бiлiм беруде пайдалану мәселелерiн үш бағыт бойынша зерттеуде: орта мектептер үшiн базалық жобаларды (желiлiк және мультимедиалық технологиялар көмегiмен оқытудың модельдеушi құралдарын), ЖОО-дары мен ғылыми-зерттеу институттары үшiн академиялық жобаларды және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру мәселелерiне байланысты саяси жобаларды құру.

Институт ғалымдары өз пiкiрлерiнде бiлiм берудiң құрылымы өзгеруiне байланысты, оқытудың рөлi де өзгередi деп көрсеткен. Сонымен қатар оқу материалдарының көпшiлiгi желiлiк технологияларда мультимедиа көмегiмен ұсынылады. Институттың ғылыми жобаларының iшiнде „Study place” жобасы жаңа педагогикалық құралдар мен жаңаша бiлiм беру кеңiстiгiн құруға арналған.

Ал, Eifell- жобасы орта мектептерде бiлiм беру тәжiрибелерiн бiрiктiруде сандық кiтапхананы пайдалануға, медиа-технологияларды қолдануға көп көңiл бөледi.

Минесота штатының (АҚШ) „Тәуелсiз және қашықтан оқыту” бағдарламасында желiлiк мультимедиалық оқыту курстарының 340 тiзiмi келтiрiлген. Бұл курстар Минесота университетiнiң 80-нен астам әртүрлi академиялық бөлiмдерi мен кафедраларында дайындалған.

Бұл курстарға 24 сағат мерзiмдi уақытта толықтырулар мен өзгертулер жүргiзiлiп тұрады. Бұл, өз кезегiнде оқытушылардың педагогикалық тәжiрибелерiн жаңаша, алдыңғы қатарлы тәжiрибелермен, жаңаша оқу ақпараттарымен толықтыруға мүмкiндiк бередi.

Қазiргi таңда интернет желiсiнiң оқыту процесiнде пайдаланылуы нәтижесiнде оқытушылар оқу курстарын, лекция компоненттерiн желiге кiргiзуге мүмкiндiк алды. Интернетте ақпараттың тез жаңартылып отыруы оқытушының соңғы педагогикалық ғылыми жетiстiктерге ие болуына қол жеткiзедi. Мысалы, интернеттегi бүкiләлемдiк виртуалды лекция залындағы техника саласынан өнер саласына дейiнгi ақпарат спектрi әртүрлi алдыңғы қатарлы университеттер мен институттардан ұсынылады.

АҚШ-тың бiрнеше оқу орындарын бiрiктiретiн „On-line” электрондық мектебi кез келген оқытушының, студенттiң қызықтырған тақырыптарға байланысты электрондық журналда жарияланған оқу материалдарын, мақалаларды пайдалануына немесе өз мақаласын журналда жариялауына жағдай туғызады.

Сонымен қатар, бастамасы сонау 1997 жылы тамыздан басталған „Project Linking 4” жобасы да коммуникациялық, мультимедиалық құралдарды оқытуда пайдаланудың қажеттiлiгiн дәлелдедi. Бұл ресей-американдық 12 оқу орындарының оқытушыларына арналған жоба. Жобаны құрудағы басты мақсат:


  • түрлi елдердiң бiлiм саласындағы оқытушылардың арасында педагогикалық iс-тәжiрибе алмасу;

  • интернет желiсi арқылы ақпарат алмасу;

  • студенттер арасындағы байланысты дамыту.

Қазіргі таңда Ресейдiң бiлiм беру жүйесiнде ақпараттық кеңiстiк құрудағы нақты қадамдардың бiрi ретінде – CD-ROM дискiлерiнде интерактивтi оқулықтардың Web–нұсқаларын құру тенденциясы байқалады. 1995 жылы Ресейде „Бiлiм берудегi мультимедиа” атты университеттер арасындағы ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша жұмыс iстейтiн 14 бөлiмшеден тұратын арнайы ғылыми-эксперттiк кеңес құрылды. Мұның өзi оқытуда медиа-технологияларды қолдану мәселелерiнiң өзектiлiгiн көрсетедi.

Бүгінгі күні Ресей-АҚШ университеттері (Ресей гуманитарлық университетi мен Колорадо университетi) өзара „Корона” жобасы бойынша бiрiгiп жұмыс iстеп келедi. Бұл жобаның негiзгi мақсаты жаңа оқыту құралдарын – телелекция, аудиолекция, мультимедиалық оқыту бағдарламаларын дайындау.

Жалпы алғанда, шет елдiк оқу орындарында мультимедиалық технологиялар мен коммуникациялық құралдарды оқыту процесiнде тиiмдi қолданудың тенденциясы тұрақты қалыптасқан және үздiксiз дамып келедi деп айтуға болады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Мультимедиалық технологияларды білім беру жүйесіне енгізудің қандай шет елдік жобаралары бар?

  2. Телематика дегеніміз не?

  3. SAVIE жобасының мақсаты қандай?

  4. Progect Linking жобасы қандай қызметтерді жүзеге асырады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет