Мақсаты
|
Әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуге, оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау. Сандық сауаттылығын арттыру. Оқушылардың әлеуметтік желілерді сапалы пайдалануға бағыт беру.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: ақпарат ала отырып, өздерінің әлеуметтік желі туралы білімдерін арттырады.
|
Оқушылардың басым көпшілігі: өз ойларын жетік меңгерте алады.
|
Кейбір оқушылар: әлеуметтік желідегі пайдалы топтармен таныстыра отырып, олармен қалай байланысу жолдарын көрсете алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылардың басым көпшілігі: топта жұмыс жасай алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: ғаламтор, әлеуметтік желі.
|
Сыныптың безендірілуі: интербелсенді тақтаға тұсаукесер шығарылады, топқа бөлуге арналған әлеуметтік желілердің эмблемалары.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз).
|
|
Басталуы
10 минут
Ортасы
25 минут
|
Оқушыларды төрт топқа бөлу үшін таратпа парақтар үлестіріледі.
Оқушылармен амандасып, жағымды психологиялық жағдай жасау.
Тақырыпты ашу үшін оқушылардың назарын тақтаға аудару
-Сабақтың тақырыбы қандай-деп ойлайсыңдар?
-Дұрыс, әлеуметтік желілер туралы ой қозғаймыз
1-тапсырма:
Тапсырма: Әрбір топқа кеспе парақтан тапсырма үлестіріледі.
1-топ: СЕБЕПТЕРІ
2-топ: ПАЙДАСЫ
3-топ: ЗИЯНЫ
4-топ: САЛДАРЫ
Мұғалімнің сөзі: Балалар, ендеше интернет желісінің бізге қаншалықты зиянды және пайдалы екенін ажыратайық. Ажырату үшін «әлеуметтік желі» дегеніміз не? Соны анықтап алайық.
|
1-слайд
2-слайд
3-слайд
4, 5-слайд
http://www.bilimland.kz/kk/content/structure/1604-education_movies#lesson=18617 6-слайд
7-слайд
|
Аяқталуы
5 минут
|
Оқушыларды тақта алдына шығарып «Әнді сүйсең, менше сүй» айдарымен «Көшеде» әнін тыңдап,билеуге шақыру.
|
8-слайд
|
Қорытынды
|
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Иә, ... қазір, шынайы өмір мен жасанды кеңістік, әлеуметтік желі мен кітап, адами қарым-қатынас пен онлайн қатынас бәсекеге түскен заман. Әлемде электр жарығы сөніп қалмаса, қайсысы жеңетіні де белгілі.
Жаңағы әннің сөздеріндегідей жасанды қайғы уайымға бөленбей, шынайы өмір сүрейік!
|
|