Білім беруде мультимедиа-технологияларды пайдалану



бет35/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,23 Mb.
#14681
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
2.1 Интерактивті тақта
Интерактивті тақта – дәстүрлі тақтаның барлық оң сипаттамаларына ие; кең ауқымды графикалық мүмкіндіктермен қамтылған; аз уақытта көп мәлімет ұсына алатын; оқу мотивациясын арттырудың тиімді құралы болып табылатын; оқытуды диалогты түрде ұйымдастыратын аппаратты-бағдарламалық құрал.

Интерактивті тақтаның жұмыс принципі компьютердің монитор экранындағы кескінді проектор арқылы электрондық тақтаға кескіндеу.



Интерактивті тақтада қолданылатын бағдарламалық жабдық (SMART Board Software) келесі құралдардан тұрады:

  • жазба кітапшасы (SMART Notebook);

  • бейнежазба құралы (SMART Recorder);

  • бейнеплеер (SMART Video Player);

  • маркерлік құралдар (Floating Tools);

  • виртуалды пернетақта (SMART Keyboard ).

Бұл құралдардың барлығы да жеке немесе бірлесіп пайдалануға негізделген.


Жазба кітапшасы мәтіндер мен графикалық объектілер дайындауға арналған графикалық редактордан тұрады.

Бейнежазба құралы тақтада орындалған барлық іс-әрекеттерді AVI форматындағы бейнефайлға жазады.

Бейнеплеер бейнефайлға сақталған ақпаратты тақтаға шығарады.

Маркерлік құралдар қолданылып жатқан бағдарламалық қосымшаға тәуелсіз жұмыс істейді, тақтада кескінделген қандай да бір объектіні ерекшелеуге (тақта бетінің кез келген нүктесіне түрлі белгілеулер салуға) арналған. Мұнан соң орындалған іс-әрекеттерді сақтап қоюға болады.

Виртуалды пернетақта оқытушының интерактивті тақта арқылы компьютердегі мәліметтермен жұмыс істеуіне арналған. Яғни, компьютердің стандартты пернетақтасының аналогы болып саналады.

Интерактивті тақтаның қарапайым тақтадан айырмашылығы:



  • статикалық, динамикалық тұрғыда дидактикалық материалдар дайындауға болады;

  • әртүрлі сызбалар мен сұлбаларды, диаграммалар мен графиктерді жылдам салуға мүмкіндік беру арқылы уақыт үнемдейді;

  • оқушылардың зейінін нақты, қажетті ақпаратқа аудару үшін сол ақпараттарды ерекшелеуді, оқшаулауды жүзеге асыратын аппараттық-бағдарламалық құрал-саймандармен жабдықталған;

  • ұсынылған ақпаратты оқытушы немесе оқушы бүкіл сабақ бойында бірнеше мәрте қайталап көре алады;

  • жұмыс алаңы ауқымды аймақты қамтиды;

  • экранға шығарылатын слайдтардың саны шектеусіз;

  • оқу материалына дыбыстық қосымша енгізуге болады;

  • сабақ барысында пайдаланылып, файл түрінде сақталған ақпараттың электрондық немесе баспалық нұсқасын оқушыларға көшіріп беруге болады;

  • интерактивті тақтаның бейнедатчиктермен жабдықталуы экран бетіндегі кез келген нүктеге берілетін әсерлерді бірмезетте жылдам анықтайды, соның нәтижесінде тақтада бірнеше пайдаланушылар бірмезгілде жұмыс жасай алады;

  • экрандағы басқару батырмалары интерактивті тақтадан проекторді ажырату арқылы, оны қарапайым тақта ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Кең тараған интерактивті тақталарға StarBoard және Walk-and-Talk сериялы тақталарды жатқызуға болады.

Электрондық қаламсапты пайдалану кезінде тақтаның металл қабаты бүлінбеуі үшін StarBoard сериялы интерактивті тақта инфрақызыл және ультрадыбыстық технологияға негізделіп жасалады. Ал, Walk-and-Talk сериялы интерактивті тақта сенсорлық технологияға негізделіп жасалғандықтан, онда маркер ретінде саусақты да пайдалануға болады.

Интерактивтi тақта бiлiм беру салаларымен қатар, көрмелерде, пресс-орталықтарда көлемдi экрандардың қызметiн кеңейтуге мүмкiндiк бередi.



Бақылау сұрақтары:


  1. Интерактивті тақтаның бағдарламалық жабдығы қандай құралдардан тұрады?

  2. Виртуалды пернетақтаның қызметі қандай?

  3. Жазба кітабы не үшін қолданылады?

  4. Интерактивті тақтаның қарапайым дәстүрлі тақтадан айырмашылығы қандай?

  5. Интерактивті тақтаның жұмыс ұстанымы қандай технологияға негізделген?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет