Білім берудегі менеджмент



бет14/41
Дата22.12.2023
өлшемі189,54 Kb.
#142920
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент

Бақылау сұрақтары:

  1. Жүйе дегеніміз не?

  2. Білім беру жүйесінің қандай ерекшеліктері бар?

  3. Білім беру жүйесінің құрылымы қандай?

  4. Көкшетау қаласының білім беру жүйесіне сипаттама беріңіз



Тақырып 7. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау
Жоспар

    1. Диагностика ұғымы, педагогикалық диагностика түсінігі

    2. ТПҮ әр кезеңіндегі ақпарат түрлері

    3. ТПҮ туралы ақпаратты өңдеу әдістемесі

    4. Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамалары

    5. Ақпаратты іріктеу критерийлері

    6. Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны

Негізгі түсініктер: мектепішілік бақылау, диагностика, ақпарат, педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамалары (ауыспалы)

Мектепішілік бақылаудың жағдайын дигностикалауда оқушылар мен педагогтарды тестілеу, педагогикалық бақылау, интервью, әңгіме әдістерін қолдануға болады.


Менеджмент басқарудың келесі методологиялық негіздерін қамтиды:

  1. Бақылауға адамгершілік тұрғыдан қарау. Адамды мектептегі негізгі құндылық деп бағалау.

  2. Қазіргі менеджердің әлеуметтік-психологиялық және өзін ұстау жағын ескеру.

  3. Басқаруда жүйелі түрде жүргізу.

Аталған ережелерден мектепті басқарудың негізгі ерекшеліктері шығады:

  1. Басқарудағы талдау. Мектеп менеджері (директор, орынбасарлар, басқару қызметін атқаратын басқа қызметкерлер) мектептің жағдайына талдау жасай білуі керек. Талдау нәтижесінде «Неге?» деген сұраққа жауап беру. Оқу не тәрбие процесі неге жетістікке не сәтсіздікке ұшырады? Нақты жауап табылғанда ғана жетістікті дамытуға, кемшілікті жоюға болады.

  2. Басқарудағы мақсаттылық. Мақсат неғұрлым айқын болса, нәтиже де тиімді болады.

  3. Басқаруды ізгілендіру. Мектеп оқушылар үшін, мұғалім оқушы үшін екенін есте ұстау керек.

  4. Басқарудың демократиялығы. Мұғалімнің басқару процесіне қатысуы, оқушылардың өзін-өзі басқаруы.

  5. Басқару субьектісінің басқару қызметінің барлық түрлерін – талдау, жоспарлау, бақылауды жүзеге асыруы.

Мектепішілік басқаруда педагогикалық талдау маңызды орын алады. Кез-келген басқару талдаумен басталады, талдаумен аяқталады. Педагогикалық талдау Конаржевский еңбегінде толық зерттелген. Педагогикалық талдаудың үш түрі бар: параметрлік, тақырыптық, қорытынды.
Параметрлік талдау - күнделікті оқу процесін зерттеуге бағытталған. Онда сыныптағы және мектептегі күнделікті және апталық сабақ үлгерімі, оқушының сабаққа қатысуы, тазалық, т.б. зерттеледі.
Тақырыптық талдау - сабақтар жүйесін, тәрбие шаралар жүйесін зерттеуге бағытталады.
Қорытынды талдау- оқу тоқсаны, жарты жылдық немесе оқу жылының соңындағы нәтижелерді зерттейді. Ол үшін тоқсан соңында, оқу жылы соңынды бақылау жұмысы алынады. Мұғалімнің сынып жетекшісімен есептері зерттеледі.
Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері сабақ және тәрбие шарасы.
Сабақтың талдауы толық (кеңейтілген) және қысқа болуы мүмкін. Сонымен бірге (кезеңдік) аспектілі болады. Сабаққа кеңейтілген педагогикалық талдау жасау сабаққа қойылатын тәрбиелік, психологиялық, санитарлық-гигиеналық талаптардың барлығына тоқталуды қажет етеді. Толық талдау жасағанда сабақтың мақсатынан бастап мазмұны, көрнекі құралдары, мақсаты, қолданылатын әдіс-тәсілдер талданады. Талдаудың бұл түрі жас мұғалімдерге қолданылады.
Қысқа талдауда нақты ұсыныстар мен ескертулер ғана айтылады. Қысқа талдау жасау директор, оқу ісінің меңгерушісі немесе әдіскер тарапынан ұсыныс не ескертуді барынша обьективті етіп беруді талап етеді.
Аспектілі не кезеңдік талдауда сабақтың бір бөлігі ғана талданады. Мысалы, мұғалімнің үй жұмысын тексеруі, сабақта оқушылардың топпен жұмыс жасауы, көрнекілікті қолдану.
Тәрбие шараларына педагогикалық талдау бірнеше бөлімнен тұрады:

  1. Тәрбие жұмысының мақсаты

  2. Тақырыбы, өткізілу формасы

  3. Өткізілген орны, бөлменің безендірілуі

  4. Тәрбие жұмысының әрбір кезеңіне талдау

  5. Мұғалімнің іс-әрекетіне баға беру (әдептілігі, сөйлеуі, оқушылармен қарым-қатынасы, т.б.)

  6. Кемшіліктер

  7. Ұсыныстар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет