Білім берудегі менеджмент


Слайд-презентацияларға қойылатын талаптар



бет29/41
Дата22.12.2023
өлшемі189,54 Kb.
#142920
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент

Слайд-презентацияларға қойылатын талаптар:
Презентация – өзін көрсету, баяндама жасау, жобаны қорғау, т.б. дүниелерді аудитория алдында көрсету.
Презентация (ағылшын presentation – ұсыну) – туындыны салтанатты жағдайда көпшілік алдында ұсыну. Слайд әр түрлі презентацияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Слайд жасаудың құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Слайд дегеніміз – тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық обьектілерді, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді іске қоса алатын күрделі обьект.
Стилі: безендірудің біркелкі стилін сақтау. Презентацияның өзінен алаңдататын стильден аулақ болу. Көмекші ақпараттар (басқарушы тетіктер) негізгі ақпараттан (мәтін, сурет) басым болмауы қажет.
Фоны: неғұрлым суық түсті таңдау қажет (мысалы, көк, жасыл). Ала-құла фон болмауы қажет.
Түстерді қолдану: бір слайдта үштен артық емес түстерді қолдану ұсынылады: біреуі фон үшін, біреуі тақырып үшін, біреуі мәтін үшін. Фоны мен мәтін үшін қарама-қарсы түстерді қолданыңыз.
Әріптер: тақырып әрпі – 24 –тен кем болмауы, ақпарат үшін – 18 кегльден кем болмауы керек. Әріптің бір типін қолдану;


Рефератты даярлауға берілетін ұсыныстар:

Оқу пәнін зерттеу үдерісінде студентке аса маңызды зерттелетін мәселе бойынша реферат жазу ұсынылады. Студент сонымен бірге өз бетімен проблеманы терең зерттеу мақсатында, белгілі тақырып бойынша рефератты өз бетімен жазуына болады.


Реферат дайындаудың негізгі мақсаты – зерттелетін проблеманы, оның қаншалықты сараланғанын көрсету. Реферат жазудың басқа да мақсаттары бар: ол өз бетіндік оқу-зерттеу жұмыс дағдыларын қалыптастыру; талдау, жалпылау, ақпаратты саналау әдістемесін оқыту; студенттің зерттелетін тақырып бойынша білімін тексеру болып табылады. Онда ғалымдардың әдебиеттерде баяндаған ақпаратының белгілі көлемін жалпылау және бастапқы саралау жүзеге асырылады. Бұнда зерттелетін мәселе бойынша өзіндік пікірді білдіруге болады, оны болжам немесе гипотеза түрінде беруге болады. Рефераттың мақсаты зерттелетін мәселеге тұлғалық қатынасты қалыптастыру болып табылады.
Рефератты даярлау бойынша жұмыстың негізгі кезеңдері:
- рефераттың тақырыбы бойынша әдебиеттерді жинау және зерттеу;
- рефератты жазу және безендіру.
Әдебиеттерді жинақтаудың алдында рефераттың тақырыбы бойынша библиографиялық тізімді даярлау жүзеге асырылады. Оны даярлаудың базасы ретінде ұсыныдатын әдебиеттер тізімі, оқытушының ұсыныстары алынуы мүмкін.
Материалды библиографиялық тізімге негізілген әдебиеттерден таңдап алады.
Әдебиеттерді әртүрлі зерттеуге болады. Монографиялар мен мақалаларды конспект жасау арқылы зерттеуге болады, ал басқа әдебиеттерді қызықты деректер мен көшірмелер жасау арқылы зерттеуге болады.
Конспектілеу әдісі рефераттың тақырыбы бойынша бір немесе екі монография болған жағдайда қолданылады.
Көшірме әдісі рефераттың тақырыбы бойынша әдебиеттердің саны көп болған жағдайда қолданылады.
Фундаменталды жұмыстарды терең зерттеу және конспектілеу үшін таңдайды, ал қалған жұмыстарды қарап, ой-пікірдің, идеялардың тақырыптық мазмұнын ашу үшін қажетті көшірмелер жасайды.
Көшірмелерді жеке парақтарда мақалалар, монографияларға сүйене отырып, библиографиялық сілтеме жасау арқылы жүргізеді.
Материал цитаталар, сызбалар, кестелер, иллюстрациялар түрінде берілген жағдайда, ақпаратты талдауға және жүйелеуге көшеді, негізделген және аргументтелген жазбаларды таңдайды.
Реферат келесі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек:

  • құрылымы: кіріспе (тақырыпты негіздеу, оның өзектілігі мен мәнділігі, әдебиеттерге шолу); негізгі бөлім (проблеманы теориялық саралау, деректі материалды баяндау, теорияны бекіту); қорытынды (проблеманы саралаудың нәтижесі, тұжырымдар); библиография;

  • сауатты, қазақ тілінде, стилистикалық нормаларды сақтау арқылы жазылуы керек, мәтін логикалық және бірізді болуы керек;

  • бір бетте 3 цитатадан артық болмауы керек;

  • қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасау міндетті емес;

  • библиографиялық тізім құжаттың мәні бойынша, алфавит бойынша, құжаттың баспа хронологиясы бойынша құрылады;

  • компьютерде басылады, формат А4; әріп өлшемі 14; 1,0 интервал; жоғары және төменгі шеттері – 2,0 см; сол жағы мен оң жағы – 2,0 см; абзац – 1,0;

  • көлемі – 10 –15 бет.

Н.4.02-07


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


ШЖҚ РМК Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН
Кафедра отырысы шешімімен
Кафедра меңгерушісі
________ Навий Л.Н.

Педагогикалық мамандықтар


2 курс, 3 семестр

Оқыту түрі: күндізгі




Білім берудегі менеджмент пәні бойынша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет