«Білім беруді жаңғырту орталығы» мкқК «Қазақ тілі» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Ðөне ÑÒ¯ÑÐºÑ Ð¶Ð°Ð·Ð±Ð°Ð»Ð°ÑÑ Ð¶Óне ÒÐ°Ð·Ð°Ò Ð¶Ð°Ð·ÑÑ
Ескерту! Берілген жиынтық бағалаауға арналған тапсырмалар сіз үшін тек үлгі, өзгертуге болады. Бір тапсырманы алып, екінші тапсырманы грамматикалық тақырып бойынша жасай аласыз. (1-ші мәтін бойынша жалқы есімдерді орфографиялық нормаға сай жазу). Екінші нұсқа үшін қажетті мәтіндер: 1-мәтін Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі. Негізінен, 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды: Енисей ескерткіштері. Талас ескерткіштері. Орхон ескерткіштері. Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты. Орхон ескерткіштері. Монғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Көне түркі жазулары құнды жәдігерлер болып табылады. 2-мәтін Халқымыздың тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі – отбасы құндылықтары. Отбасы құндылығы ешқашан назардан тыс қалып көрген емес. Бүгін де осындай тақырыпта аудан орталығындағы Шетпе гимназиясында өнегелі жиын өтті. Шараны Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырды. Шараға гимназияның жоғары сынып оқушылары мен олардың ата- аналары, мектеп мұғалімдері, жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев пен еңбек ардагері Шаймұрза Байпақов қатынасты. Жиынның алғы сөзін гимназия басшысы Г.Нұрмағанбетова алып, қазіргі таңда қоғамда өзекті болып отырған отбасындағы тәрбие мен құндылықтар жайлы, жастар тәрбиесі жайлы айтып өтті. Бұдан соң жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев сөз алып: «Отбасындағы құндылықтарды сақтау мен қастерлеу – бүгінгі жастардың парызы. Қазіргі жастардың ойын ғаламтор тұмшалап алған. Сол себептен олардың ескінің көзі салт-дәстүрімізден айнып, заманауи үрдіске бойлары үйреніп барады. Оларды имандылық пен адамгершілікке баулу қоғамның ортақ парызы дегім келеді»,- деді. Жиын соңында ұйымдастырушылар тарапынан жиында белсене қатынасқандарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Отбасы – ол кез келген қоғамның алтын діңгегі. Осындай танымдық кеңес беру жиындары жиі ұйымдастырылып тұрса, нұр үстіне нұр еді. жүктеу/скачать 33,34 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |