· топтық оқыту технологиясы, т.т. сияқты психологиялық-
педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан.
Тәрбие технологиясы
– тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту формаларының, әдістерінің, жолдарының, тәсілдерінің және тәрбие құралдарының жиынтығы. Бұл дамыту, оқыту және тәрбие процестеріне ықпал ететін тәсілдердің бірі.
Тәрбие - мақсатқа бағытталған тұлға бойында көзқарастар мен сенімдер, қасиеттер мен құндылықтар, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру процесі.
Тәрбие - мақсатқа бағытталған тұлға бойында көзқарастар мен сенімдер, қасиеттер мен құндылықтар, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру процесі.
Тәрбие - мақсатты, арнайы ұйымдастырылған жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру процесі.
Тәрбие әдістері – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету (Т.Е.Конникова) Тәрбие әдістері - тәрбиеші мен тәрбиеленушілер іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері (В.А.Сластенин) Тәрбие әдістері – бұл мектеп тәжірибесінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол (Ж.Әбиев)
Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бір бөлігі, жеке-дара әрекет, нақты іс Тәрбие құралдары: іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, педагогикалық ықпал жасау құралдары, коммуникация, құралдары.
Тәрбие әдістерінің жіктелу проблемасын шешуде зор үлес қосқан ғалымдар: Н.К.Гончаров, Т.Е.Конникова, И.Т.Огородников, Н.И.Болдырев, И.С.Марынко, Г.И.Щукина, В.А.Сластенин т.б.