Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



Pdf көрінісі
бет6/21
Дата30.03.2017
өлшемі6,03 Mb.
#10592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

тармағына сəйкес студенттердің теориялық оқудың 129-дан артық кредитін 
меңгеруі  болуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  ЖБП  циклінің  мазмұны  33  кредит 
көлемінде  сақталса,  БП  жəне  бейінді  пəндер  циклінің  жалпы  еңбек 
сыйымдылығы  мен  олардың  арақатынасы  осы  стандарттың  26  жəне  28-
тармақтарында белгіленгеннен өзгеше болуы мүмкін. 
30.  Жоғары  білімнің  білім  беру  бағдарламасының  құрылымы  1-кестеде 
көрсетілген. 
  
1-кесте 
  
№ 
Циклдер мен пəндер атауы 
Жалпы еңбек сыйымдылығы 
Байланыс сағаты 
бойынша (50 
мин.) 
Кредит 
бойынша 





Жалпы білім беру пəндерінің циклі (ЖБП) 
1485 
33 
1) 
Міндетті компонент 
1485 
33 
  
Қазақстан тарихы 
135 

  
Философия 
135 

  
Шет тілі 
270 

  
Қазақ (Орыс) тілі 
270 

  
Информатика 
135 

  
Экология жəне тұрақты даму 
90 

  
Əлеуметтану 
90 

  
Саясаттану 
90 

  
Экономикалық теория негіздері 
90 

  
Құқық негіздері 
90 

  
Өмір қауіпсіздігі негіздері 
90 

2) 
Таңдау компоненті 
  
  

Базалық пəндер циклі (БП) 
2880 
64 
1) 
Міндетті компонент 
900 
20 
  
Кəсіби қазақ (орыс) тілі  
90 

  
Кəсіби бағытталған шет тілі 
90 

Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

45 
 
2) 
Таңдау компоненті 
1980 
44 

Бейіндеуші пəндер циклі (БПə) 
1440 
32 
1) 
Міндетті компонент 
225 

2) 
Таңдау компоненті 
1215 
27 
  
Теориялық оқыту бойынша барлығы 
5805 
129 

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) 
  
  
1) 
Міндетті компонент 
  
  
  
Дене шынықтыру 
240 

  
Кəсіптік практика (КП) (түрлері бойынша) 
Практиканың 
түріне қарай 
кемінде 6* 
2) 
Таңдау компоненті 
  
  

Қорытынды аттестаттау 
  
  
1) 
Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу жəне 
қорғау 
210 

2) 
Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан(дар) 
(1 МЕ үшін) 
105 

ЕСКЕРТПЕ: 
* «Білім» тобының мамандықтары бойынша 6 кредиттен 20 кредитке дейін
«Техникалық ғылымдар мен технологиялар» тобының мамандықтары бойынша 6 
кредиттен 15 кредитке дейін. 
Жоғары білімнің кəсіптік оқу бағдарламасын іске асыру кезінде жоғары оқу орны: 
1 кəсіптік оқу бағдарламасын меңгеру логикасын бұзбай пəнді оқуды бір семестрден 
басқа семестрге ауыстыруға
2 оқытудың қосымша түрлері есебінен міндетті компонент пəндерінің көлемін 
ұлғайтуға; 
3 пререквизиттерді ескере отырып, практикаларды өткізу уақытын дербес бекітуге 
құқылы. 
  
31. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын 
жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тəсілдерін, студенттің өзіндік жұмысын, 
олардың  оқу  жетістіктерін  қорытынды  бақылау  нысандарын  таңдау  арқылы 
жүзеге асырылады. 
32.  Білім  беру  мазмұнының  құрылымы  білім  берудің  есептеу-өлшегіш 
құралдары: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, 
академиялық  кезеңдер  ұзақтығына,  академиялық  сабақ  түрлеріне,  оқу 
материалының көлеміне қойылатын талаптарға сəйкес анықталады. 
33.  Білім  беру  қызметін  жоспарлау  мен  ұйымдастыру  оқу  жоспарының 
негізінде жүзеге асырылады. 
Оқу  жоспарлары  үлгілік  (ҮОЖ),  жеке  (ЖОЖ)  жəне  жұмыстық  (ОЖЖ) 
болып бөлінеді. 
34.  ҮОЖ  осы  стандарт  негізінде  жоғары  білімнің  нақты  мамандықтары 
бойынша  əзірленеді  жəне  оны  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  орган 
бекітеді. 
ҮОЖ-да  міндетті  компоненттің  əрбір  оқу  пəнінің  еңбек  сыйымдылығы 
жəне  əрбір  оқу  қызметінің  түрі  (практика,  мемлекеттік  емтихандар, 
дипломдық  жұмысты  жазу  жəне  қорғау)  кредитпен  анықталады,  ал  оқу 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

46 
 
пəндерінің  əр  циклі  бойынша  таңдау  компоненті  кредиттердің  жалпы 
санымен көрсетіледі. 
35.  ҮОЖ-ға  қосымша  жыл  сайын  жоғары  оқу  орны  таңдау 
компонентіндегі  барлық  пəндердің  жүйеленген,  аннотацияланған  тізбесі 
болып табылатын элективті пəндер каталогын (ЭПК) əзірлейді. 
ЭПК-де əр оқу пəнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. 
ЭПК  студенттерге  элективті  оқу  пəндерін  баламалы  таңдау  мүмкіндігін 
қамтамасыз етуі тиіс. 
36.  Мамандық  бойынша  ҮОЖ  мен  ЭПК  негізінде  студент  эдвайзердің 
көмегімен  ЖОЖ  құрады.  ЖОЖ  əрбір  студенттің  жеке  білім  алу 
траекториясын анықтайды. 
ЖОЖ-ға  ҮОЖ-дан  міндетті  компонент  пəндері  мен  оқу  қызметінің 
түрлері  (практикалар,  мемлекеттік  емтихан,  дипломдық  жұмысты  (жобаны) 
жазу жəне қорғау) жəне ЭПК-дан таңдау компоненті пəндері кіреді. 
Студенттердің  элективті  пəндерді  ретсіз  таңдауының  алдын  алу  жəне 
жоғары  оқу  орны  əзірлеген  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыру 
мақсатында  студенттердің  таңдауына  ЭПК  шеңберінде  бірнеше  білім 
траекториясын  -  еңбек  нарығы  мен  жұмыс  берушілердің  сұранысын  есепке 
ала  отырып,  жоғары  білім  мамандығы  бойынша  қызметтің  нақты  бір 
саласына бағытталған білім беру бағдарламасын меңгеруге мүмкіндік беретін 
элективті пəндер тізбесін жəне оларды меңгеру ретін ұсынуға болады. 
37.  ОЖЖ  оқу  жылына  мамандықтардың  ҮОЖ-ы  мен  студенттердің 
ЖОЖ-ы  негізінде  əзірленеді  жəне  оны  ғылыми  кеңестің  шешімі  негізінде 
білім беру ұйымының басшысы бекітеді. 
ОЖЖ-да  оқу  жылында  оқытылатын  пəндер  тізбесі  жəне  олардың 
кредитпен 
санағандағы 
еңбек 
сыйымдылығы, 
оқытылу 
реті, 
оқу 
сабақтарының  түрлері,  бақылау  нысандары,  сондай-ақ  оқу  қызметінің  басқа 
да  түрлері  (практикалар,  мемлекеттік  емтихандар,  дипломдық  жұмысты 
(жобаны) жазу жəне қорғау) айқындалады. 
ОЖЖ  оқу  сабақтарының  кестесін  құруға  жəне  оқытушының  оқу 
жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеуге негіз болады. 
38.  ЭПК,  ЖОЖ  жəне  ОЖЖ-ның  нысанын,  құрылымын,  əзірлеу  жəне 
бекіту ретін жоғары оқу орны өзі анықтайды. 
39. Барлық оқу пəндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. 
Оқу бағдарламалары үлгілік, жұмыс, сондай-ақ силлабус болып бөлінеді. 
40.  Үлгілік  оқу  бағдарламалары  (ҮОБ)  міндетті  компонент  пəндері 
бойынша  əзірленеді  жəне  оларды  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  орган 
бекітеді. 
41.  Оқу  жұмыс  бағдарламалары мен силлабустар  (студенттерге арналған 
пəн  бағдарламалары)  оқу  жоспарының  барлық  пəндері  бойынша  əзірленеді 
жəне  оларды  жоғары  оқу  орны  бекітеді.  Бұл  ретте  оларды  əзірлеу  міндетті 
компонент  пəндері  бойынша  үлгілік  оқу  бағдарламалары  негізінде  жүзеге 
асырылады, ал таңдау компонентінің пəндері бойынша жоғары оқу орны өзі 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

47 
 
əзірлейді.  Оқу  жұмыс  бағдарламалары  мен  силлабустардың  нысанын, 
құрылымын, əзірлеу жəне бекіту тəртібін жоғары оқу орны өзі анықтайды. 
42.  Білім  беру  мазмұнын  жоспарлау,  оқу  процесін  ұйымдастыру  мен 
жүргізу тəсілін жоғары оқу орны кредиттік оқыту технологиясы негізінде өз 
бетінше жүзеге асырады. 
43. 
Кредиттік 
оқыту 
технологиясында 
студенттердің 
өздігінен 
орындайтын жұмыстарының - тестілер, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, 
рефераттар,  шығармалар,  есептер  жəне  т.б.  түрінде  тексерілетін,  оқу-
əдістемелік 
əдебиетпен 
жəне 
нұсқаулықтармен 
қамтамасыз 
етілген 
белгіленген  тақырыптар  тізбесі  бойынша  жұмыстардың  (оның  ішінде  өзі 
бетінше оқып меңгеруге бөлінген) көлемі артады. 
44.  Өзіндік  жұмыс  екі  түрге  бөлінеді:  оқытушының  жетекшілігімен 
жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) жəне студенттің толығымен 
өзі орындайтын жұмысы (СӨЖ). 
45. ОСӨЖ жеке график бойынша оқытушымен байланыста орындалатын 
студенттің  аудиториядан  тыс  жұмыс  түрі  болып  табылады,  ол  жалпы  оқу 
сабақтарының кестесіне енбейді. 
46.  ОСӨЖ  бен  СӨЖ-нің  өзіндік  жұмыстың  жалпы  көлеміндегі 
арақатынасын жоғары оқу орны өзі айқындайды. 
ОСӨЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын сұрақтар, үй 
тапсырмалары,  курстық  жобалар  (жұмыстар)  бойынша  консультациялар 
жəне семестрлік жұмыстардың, есептер мен басқа да СӨЖ тапсырмаларының 
орындалуына бақылау жүргізіледі. 
47.  Кредиттік  оқыту  технологиясының  міндеті  -  студенттердің  өзін-өзі 
ұйымдастыру  жəне  өзіндік  білім  алу  қабілеттерін  дамыту.  Тиісінше, 
оқытушылар  мен  студенттер  жұмыстарының  мынадай  үлгілік  циклдері  іске 
асырылады. 
1)  Оқытушының  студенттермен  жұмысының  (ОСЖ)  үлгілік  бірлік  циклі 
үш негізгі функцияны қамтиды. 
Оқытушының  бірінші  функциясы  -  бағыттаушы-бағдарлаушылық 
(тақырыпқа  кіріспе,  мақсат,  міндеттерді  қою,  практикалық  тиімділігін, 
материал  мазмұнының  негізгі  бөлімдерінің  мəні  мен  өзара  байланысын 
сипаттау, оқу-əдістемелік құралдармен жұмыс жөнінде ұсынымдар т.б.). Бұл 
студенттің алдағы өзіндік жұмысы үшін жеткілікті болуы тиіс. 
Оқытушының  екінші  функциясы  -  консультативтік-түзетушілік.  Бұл  - 
студенттің өзіндік жұмысында оқу əрекетін жүзеге асыруда консультативтік 
көмек  беру,  жеке  консультация  жүргізу  жəне  тиісті  түзету  жұмыстарын 
жүзеге асыру. Білім беру процесінде бұл функцияны тьюторлар атқарады. 
Оқытушының  үшінші  функциясы  -  бақылаушылық-бағалаушылық.  Бұл 
студенттердің білімін, шеберлігін жəне дағдысын бағалауды əртүрлі нысанда 
жүргізу  (жазбаша  немесе  ауызша  емтихан,  тестілеу  жəне  т.б.),  оларға 
кездесетін  негізгі  қиындықтарды  анықтау  бойынша  диалог  ұйымдастыру, 
оқытушының  сарапшы  немесе  бақылаушы  ретінде  «дұрыс»  əрекеттерді, 
өзара əрекеттестікті, эталондық тəсілдерді көрсетуін қарастырады. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

48 
 
2)  Оқытушының  жетекшілігімен  жүргізілетін  студенттің  өзіндік 
жұмысының  (ОСӨЖ)  үлгілік  бірлік  цикліне  мынадай  төрт  негізгі  функция 
кіреді: 
Бірінші  функция  -  оқу  пəні  бойынша  бағыттау-бағдарлау  сабақтары 
кезінде  оқытушы  берген  ақпаратты  студенттердің  белсенді  қабылдауын  іске 
асыруды көздейді. 
Екінші функция оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен 
оқу-əдістемелік  құралдарды,  əдебиеттерді  оқуын,  үй  тапсырмаларын, 
бақылау, курстық жұмыстарды жəне т.б. орындауын көздейді. 
Бұл  кезеңде  студенттерден  жұмыс  істеудің  əдіс-тəсілдерін  білу, 
қиындықтарды  анықтау,  өзін-өзі  ұйымдастыру  жəне  өзіндік  тəртіп  талап 
етіледі. 
Студенттердің  үшінші  функциясы  -  өздерінде  қиындық  тудырған 
жағдайларды  талдау  мен  жүйелеу,  оқу  материалын  түсіну  мен  меңгерудегі 
қиындықтар  себебін  анықтау,  басқа  оқу  əрекетін  орындау.  Студенттер 
шешімі  табылмаған  қиыншылықтарды  оқытушыларға  арналған  сұрақтар 
жүйесіне  айналдырады  (оларды  саралайды,  реттейді,  ресімдейді),  бұл 
сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды. 
Студенттердің 
төртінші 
функциясы 
түсініктеме, 
ақыл-кеңес, 
консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді. 
48.  Жоғары  оқу  орны  оқу  процесін  барлық  қажетті  ақпарат  көздерімен, 
атап  айтқанда,  оқулықтармен,  оқу  құралдарымен,  оқу  пəндері  бойынша 
əдістемелік  құралдармен,  нұсқаулықтармен,  өзіндік  жұмыс  бойынша 
белсенді  үлестірмелі  материалдармен  жəне  нұсқаулықтармен,  электронды 
оқулықтармен,  желілік  білім  беру  ресурстарының  қолжетімді  болуын 
қамтамасыз етеді. 
Əрбір студент оқудың барлық кезеңінде анықтамалық-жолсілтегіштермен 
қамтамасыз етіледі. 
49.  Оқу  процесін  жоспарлау  кезінде  жоғары  оқу  орны  бакалавриаттың 
білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормаларын осы стандартқа 1-
қосымшаға  (бакалавриат  үшін)  жəне  2-қосымшаға  (жоғары  арнаулы  білім 
үшін) сəйкес басшылыққа алады. 
  
 3.  Білім  алушылардың  оқу  жүктемесінің  ең  жоғары  көлеміне 
қойылатын талаптар 
  
50.  Студенттің  оқу  жүктемесінің  көлемі  оның  оқу  жылы  ішінде  əр  пəн 
немесе оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредит санымен өлшенеді. 
51.  Профессорлар-оқытушылар  құрамының  оқу  жүктемесін  жоспарлау 
кредитпен  немесе  аудиториялық  оқу  сабақтарын  кесте  бойынша  немесе  оқу 
жұмысының  басқа  түрлері  үшін  жеке  бекітілген  график  бойынша 
оқытушының  студенттермен  байланыс  жұмысының  уақытын  білдіретін 
академиялық сағаттармен жүзеге асырылады. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

49 
 
52.  Студиялық,  зертханалық,  сондай-ақ  дене  шынықтыру  сабақтарынан 
өзге  аудиториялық  жұмыстың  бір  академиялық  сағаты  50  минутқа  тең, 
Студиялық  сабақтар  үшін  бір  академиялық  сағат  75  минутқа  жəне 
зертханалық сабақтар мен дене шынықтыру сабақтары үшін 100 минутқа тең. 
Практиканың,  студенттерді  қорытынды  аттестаттаудың  барлық  түрлері 
үшін бір академиялық сағат 50 минутқа тең. 
53. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит: 
1) 
семестр 
түріндегі 
академиялық 
кезең 
бойында 
студенттің 
аудиториялық жұмысының; 
2) кəсіптік практика кезеңіндегі студенттің оқытушымен жұмысының; 
3) студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) жазу жəне қорғау бойынша 
жұмысының; 
4)  студенттің  мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтиханға  дайындық  пен 
оны  тапсыру  бойынша  жұмысының  15  академиялық  сағатына  тең  екенін 
ескеру қажет. 
54.  Студенттің  оқу  жүктемесі  академиялық  сағаттардың  ұзақтығымен 
жəне  оқу  жұмыстарының  түрлері  үшін  академиялық  сағатпен  ілесе  жүретін 
оқу  сағаттарының  көлемдерімен  (50  минуттық  байланыс  сағаттары) 
анықталады. 
Аудиториялық  жұмыстың  бір  академиялық  сағаты  50,  75  немесе  100 
минутқа  тең  болуы  мүмкін.  Студенттің  аудиториялық  жұмысының 
академиялық  сағаттары  тиісті  СӨЖ  сағаттарының  санымен  толығады, 
осылайша  бір  кредитке  студенттің  семестр  түріндегі  академиялық  кезеңінің 
бір аптасындағы жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады. 
Дəріс  пен  практикалық  (семинар)  сабақтары  кезіндегі  студенттің 
оқытушымен  жұмысының  байланыс  сағаттары  жиынтығында  əр  байланыс 
сағаты 2 сағат СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі. 
Дене шынықтыру сабақтары қосымша СӨЖ сағаттарымен қамтылмайды. 
Практиканың  əр  академиялық  сағаты  (оқу  практикасынан  басқа) 
студенттің  қосымша  жұмысының  тиісті  оқу  сағаттарымен  толықтырылады: 
педагогикалық практика үшін - 1 сағат, өндірістік практика үшін - 4 сағат. 
Қорытынды аттестаттаудың əр академиялық сағаты дипломдық жұмысты 
(жобаны)  жазу  жəне  қорғау  бойынша  студенттің  оқытушымен  байланыс 
жұмысының  немесе  мемлекеттік  емтиханға  дайындық  жəне  оны  тапсыру 
бойынша  студенттің  оқытушымен  жұмысының бір  сағаты (50  минут)  болып 
табылады.  Студентті  қорытынды  аттестаттаудың  əр  академиялық  сағаты  6 
сағаттық СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі. 
55.  Оқу  жылы  академиялық  кезеңдерден,  аралық  аттестаттау  кезеңінен, 
практика  мен  демалыстан  тұрады.  Соңғы  курста  оқу  жылына  қорытынды 
аттестаттау кезеңі қосылады. 
56. Оқу жылының жалпы ұзақтығы 36 аптадан кем болмауы тиіс. 
57. Академиялық кезең 15 апта көлеміндегі семестрден тұрады. 
58.  Əр  академиялық  кезең  ұзақтығы  1  аптадан  кем  болмайтын 
студенттерді аралық аттестаттау кезеңімен аяқталады. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

50 
 
59.  Аралық  аттестаттау  кезеңінде  барлық  оқытылған  пəндер  бойынша 
қорытынды  бақылау  жүргізіліп,  ағымдағы  үлгерім  бағаларын  (ағымдағы 
жəне  межелік  бақылаулар  бойынша  бағалардың  арифметикалық  ортасы) 
ескере отырып, пəндердің қорытынды бағалары шығарылады. 
Пəн  бойынша  қорытынды  бағада  ағымдағы  үлгерім  бағасының  үлесі  60 
%-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс. 
60.  Оқу  жылы  ішінде  студенттерге  кемінде  екі  рет  ұзақтығы  соңғы 
курстан өзге курстарда кемінде 7 аптаны құрайтын демалыс беріледі. 
61. 
Кəсіптік 
практика 
жоғары 
білім 
берудің 
кəсіптік 
оқу 
бағдарламасының 
міндетті 
компоненті 
болып 
табылады. 
Ол 
оқу, 
педагогикалық, өндірістік жəне дипломалды болып бөлінеді. 
Кəсіптік  практиканың  барлық  түрінің  жалпы  көлемі  6  кредиттен  кем 
болмауы  тиіс.  «Білім»  мамандықтары  тобы  бойынша  кəсіптік  практика 
көлемі  6  кредиттен  20  кредитке  дейін,  «Техникалық  ғылым  жəне 
технологиялар»  мамандықтары  тобы  бойынша  кəсіптік  практика  көлемі  6 
кредиттен 15 кредитке дейін болады. 
Практикалардың  ұзақтығы  студенттің  практика  кезіндегі  30  сағатқа  тең 
апта  бойғы  (5  күндік  жұмыс  аптасы  кезінде  күніне  6  сағат)  нормативті 
жұмысын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін 
практиканың  кредитпен  есептелген  көлемін  тиісті  практика  түрінің  оқу 
сағатымен  есептелген  еңбек  сыйымдылығына  көбейту  керек  жəне  оны 
студенттің апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлу керек. 
Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы оқу практикасы үшін 15 
сағатты  (50  минуттан),  педагогикалық  практика  үшін  30  сағатты  (50 
минуттан),  өндірістік  практика  үшін  75  сағатты  (50  минуттан)  құрайды.  1 
кредитке келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде оқу практикасы 
үшін 0,5 аптаны, педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика 
үшін 2,5 аптаны құрайды. 
62.  Студенттерді  қорытынды  аттестаттауды  аптамен  жоспарлау  54 
сағатқа  тең  студенттің  апта  бойғы  жұмысының  нормативті  уақытына  (6 
күндік жұмыс аптасы кезінде СӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) сүйене 
отырып анықталады. 
Қорытынды  аттестаттаудың  1  кредиті  105  (15х7)  сағат  тең,  яғни  2  апта. 
Олардың  ішінде  15  сағаты  студент  пен  оқытушының  байланыстағы 
жұмысына, ал 90 сағаты СӨЖ-ге арналады. 
Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға жəне тапсыруға 
1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді. 
Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  жазуға  жəне  қорғауға  2  кредит,  яғни 
тиісінше  4  апта  бөлінеді.  Бұл  ретте  2  кредитке  дипломдық  жұмысты 
(жобаны)  ресімдеу  мен  қорғау  енеді.  Дипломдық  жұмысты  (жобаны) 
орындау  процесінің  өзі  алдын  ала  кəсіптік  практика  барысында  жəне 
теориялық оқытудың соңғы кезеңінде жүзеге асады. 
63.  Студенттердің  қосымша  оқу  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін, 
оқу  жоспарларындағы  академиялық  айырмашылықты  немесе  академиялық 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

51 
 
қарызды  жою  үшін,  игерген  кредиттері  өз  ЖОО-да  міндетті  түрде  қайта 
есепке  алынатын  жағдайда  басқа  ЖОО-да  оқу  пəндерін  оқып-үйрену  үшін, 
үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы 
семестр (бітіруші курстан өзге курстарда) енгізілуі мүмкін. 
64.  Бакалаврды  даярлау  бойынша  білім  беру  процесінің  аяқталуының 
негізгі  өлшемі  студенттің  теориялық  оқу  бойынша  кемінде  129  кредитті, 
сондай-ақ  кəсіптік  практиканың  кемінде  6  кредитін,  дипломдық  жұмысты 
(жобаны)  дайындау,  жазу  жəне  қорғаудың  кемінде  екі  кредитін,  мамандық 
бойынша  мемлекеттік  емтиханға  дайындық  пен  тапсырудың  кемінде  1 
кредитін игеруі болып табылады. 
Жекелеген  мамандықтардың  ерекшеліктеріне  қарай  (жоғары  арнаулы 
білім 
беру 
бағдарламаларын 
қоса 
алғанда) 
оқыту 
процесінің 
аяқталғандығының негізгі өлшемі ретінде студенттің: 
игеруі талап етіледі: 
1) «Өнер» тобы бойынша - теориялық оқудың 160-180 кредитіне дейін; 
2) «Əскери іс жəне қауіпсіздік» тобы бойынша - теориялық оқудың 170-
190 кредитіне дейін; 
3)  «Ветеринария»  тобы  бойынша  -  теориялық  оқудың  160  кредитіне 
дейін; 
4) «Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» тобы 
бойынша - теориялық оқудың 190-224 кредитіне дейін. 
Сонымен  қатар,  ЖОО  іске  асырылатын  білім  беру  бағдарламаларының 
ерекшеліктеріне қарай игеруге қажетті кредиттер көлемін арттыра алады. 
Бакалавриаттың  білім  беру  бағдарламасын  мерзімінен  бұрын  меңгеріп, 
оған  қойылатын  талаптарды  орындаған  жағдайда  студентке  оқу  мерзіміне 
қарамастан «бакалавр» академиялық дəрежесі беріледі. 
65.  Семестр  түрінде  ұйымдастырылған  бір  академиялық  кезең  ішінде 
күндізгі оқыту нысанының студенті 18-22 кредит, сырттай оқыту нысанының 
студенті  9-12  кредит,  кешкі  оқыту  нысанының  студенті  12-15  кредит  игеруі 
тиіс.  Аталған  кредиттер  саны  студенттің  алдыңғы  білім  деңгейіне  қатыссыз 
белгіленеді. 
66.  «Білім»  мамандықтар  тобының  білім  беру  бағдарламаларын  жасау 
кезінде  жоғары  оқу  орындары  шағын  жинақталған  мектептердің  жұмыс 
істеуін ескереді. 
Педагогикалық  мамандықтардың  студенттеріне  аралас  мамандықтардың 
пəндерін қатар игеруге мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдайда студенттер бір 
семестрде 27 кредитке дейін игере алады. 
67. ЖОО оқу процесін берілген лицензияға сəйкес ұйымдастырады жəне 
білім  беру  қызметін  лицензиялау  кезінде  қойылатын  біліктілік  талаптарын 
сақтауы тиіс. 
68.  ЖОО  білім  беру  қызметін  тиісті  материалдық-техникалық  базамен, 
білікті профессорлар-оқытушылар құрамымен, кітапхана қорымен, Интернет 
жəне  басқа  да  ақпараттық  ресурстармен,  қаладан  тыс  жерлерден  келген 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

52 
 
студенттерді  жатақханамен  жəне  студенттерді  қолдаудың  басқа  да 
қызметтерімен қамтамасыз етеді. 
69.  Материалдық-техникалық  жəне  оқу-зертханалық  базаға  қойылатын 
талаптар. 
Жоғары  оқу  орнының  материалдық-техникалық  жабдықталуы  оның 
техникалық 
жəне 
технологиялық 
мүмкіндіктер 
ауқымын 
кеңейтуге 
бағытталуы тиіс. 
Жоғары  оқу  орнында  санитарлық  талаптарға  сай  келетін,  оқытудың 
нысандары  бойынша  оқу  сабақтарын  екіден  артық  емес  ауысымда  өткізуге 
қажетті аудиториялық қордың негізгі көлемі жəне қосымша бөлмелер болуы 
керек. 
Меншік,  шаруашылық  жүргізу  жəне  жедел  басқару  құқығындағы 
ғимараттардың  оқу  ауданы  оқу  сабақтарының  ауысымдылығын  ескергенде 
келтірілген контингенттің бір студентіне 6 м2 кем болмауы тиіс. 
Тіл  жəне  тілдік  пəндер  бойынша  оқу  сабақтарын  өткізу  үшін,  сондай-ақ 
студенттердің  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру  үшін  жоғары  оқу  орнында 
лингафон кабинеттері мен оған ұқсас басқа да жабдықтар болуы керек. 
ЖОО 
оқу 
сабақтарын 
жəне 
СӨЖ-ді 
интерактивті 
нысанда 
ұйымдастыруға 
мүмкіндік 
беретін 
соңғы 
үлгідегі 
компьютерлік 
сыныптармен, интерактивті тақталармен жабдықталған болуы тиіс. 
Білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыру  үшін  жоғары  оқу  орнында  оқу 
бағдарламаларының  тиісті  тапсырмаларын  орындауға  мүмкіндік  беретін 
түрлі тапсырмалармен (виртуальды зертханаларды қосқанда), бағдарламалық 
қамтыммен қамтамасыз етілген заманауи оқу-зертханалық жабдықтар болуы 
керек. 
Жоғары  оқу  орындарының  оқу  зертханаларына  қойылатын  талаптар 
қолданыстағы санитариялық ережелерге сəйкес қабылдануы тиіс. 
70.  ЖОО  əр  студентті  мамандығының  бейініне  сəйкес  кəсіптік 
практикалар базасымен қамтамасыз етеді. 
71.  Жоғары  оқу  орнының  кадрлық  құрамына  қойылатын  талаптар 
лицензиялау 
кезінде 
білім 
беру 
қызметіне 
қойылатын 
біліктілік 
талаптарымен анықталған. 
Жоғары  оқу  орнының  оқытушысы  оқу  жоспарлары  мен  оқу 
бағдарламаларының  талаптарын  сақтаған  жағдайда  оқу  сабақтарын 
ұйымдастыру  мен  өткізудің  түрін  жəне  оқытудың  əдіс-тəсілдерін  еркін 
таңдауға құқылы. 
72.  Ақпараттық  жəне  оқу-əдістемелік  қамтамасыз  етуге  қойылатын 
талаптар: 
Жоғары  білім  беру  бағдарламасын  іске  асыру  əрбір  студенттің 
ақпараттық  ресурстар  мен  кітапхана  қорына  еркін  қол  жеткізуі,  барлық 
модульдер, пəндер, оқу жұмысының барлық түрлері - практикумдар, курстық 
жəне  дипломдық  жобалау,  кəсіптік  практика,  студенттің  өзіндік  жұмысы 
бойынша  əдістемелік  құралдар  мен  ұсынымдардың,  сондай-ақ  көрнекі 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

53 
 
құралдар  мен  аудио-  жəне  бейнематериалдардың болуы  арқылы  қамтамасыз 
етіледі. 
ЖОО  студенттердің  электронды  кітапханаларда  орналастырылған 
халықаралық  деректер  көздерін  қоса  алғанда  оқу,  ғылыми,  ақпараттық 
базаларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 
Кітапхана  қоры  мен  электронды  жəне  магнитті  тасымалдағыштардағы 
оқу əдебиеттерімен қамтамасыз ету білім беру қызметін лицензиялау кезінде 
қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес келуі тиіс. 
Ақпараттық  жəне  оқу-əдістемелік  қамтамасыз  ету  студенттердің  өзіндік 
жұмысын жүйелі түрде күшейту арқылы жүзеге асады. 
73. Білім алушылардың зерттеу қызметіне қойылатын талаптар. 
Студенттердің  ғылыми  жұмыстары  оқу  процесінің  жалғасы  жəне 
тереңдетілуі  болып  табылады  жəне  кафедраларда,  зертханаларда,  ғылыми, 
конструкторлық  жəне  жоғары  оқу  орындарының  жобалау  бөлімдерінде, 
студенттердің  ғылыми-техникалық  бірлестіктерінде  (конструкторлық  жəне 
өзге бюролар, орталықтар, ҒЗИ жəне т.б.) ұйымдастырылады. 
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына (СҒЗЖ) жетекшілікті ЖОО 
профессорлары,  доценттері,  оқытушылары  атқарады.  ЖОО  СҒЗЖ  жүйесінің 
жаппай ұйымдастыру іс-шараларын жоспарлауы жəне өткізуі тиіс. 
   

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет