Шығармашылық құзыреттілік
№
Құзыреттілік
көрсеткіштері
1 жастан бастап 3 жасқа
дейін
3 жастан бастап 5
жасқа дейін
5 жастан бастап 6
жасқа дейін
1
Музыкалық іс-
əрекет
Музыкалық фразаның
жоғары жəне төмен
дыбысталуын ажырата
алады, ересектермен
бірге əн айтуға ықылас
білдіреді
Əн салады, би,
музыкалық-
ырғақтық
қимылдарды
орындайды
Түрлі музыкалық
шығармашылық
іс-əрекетке
қатысады
2
Нəтижелі іс-
əрекет
Қарындаш, фломастер,
гуашь жəне
ермексаздың көмегімен
ұқсас бейнелерді
жасайды
Бейнелеу іс-
əрекетіне қажетті
негізгі техникалық
дағдылар мен
іскерлікті меңгереді
Бейненің
сипатына сəйкес
техникалық
тəсілдер мен
бейнелу
құралдарын
өздігінен
таңдайды
3
Қоршаған
ортаны
эстетикалық
қабылдау
Ұлттық ойыншықтарды
қарай отырып, қуаныш,
эмоционалдық сезім
білдіреді
Бейнелеу өнерінің
əр түріне, бейнелеу
іс-əрекетіне
қызығушылық
танытады
Табиғат, киім
жəне үй
жиһаздарының
əсемдігіне
эмоционалды
сезімін білдіреді,
сəндік өнері мен
дизайнға
қызығушылық
танытады
5-кесте
Əлеуметтік құзыреттілік
№
Құзыреттілік
көрсеткіштері
1 жастан бастап 3
жасқа дейін
3 жастан бастап 5
жасқа дейін
5 жастан бастап 6
жасқа дейін
1
Мінез-құлық
дағдылары
Өзін-өзі ұстау
ережелерін,
нормаларын
түсінеді,
Адамгершілік
қарым-қатынасты
бағдарлайды,
эмоционалдық
Көмек сұрай
алады, басқа
адамдардың
тілегін
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
12
сəлемдесу,
қоштасу жəне
алғыс сөздерін
айтады
көңіл-күйді түсінеді құрметтейді
2
Ересектермен жəне
құрдастарымен өзара
іс-əрекеті
Жақын адамдары
мен құрдастарына
ықылас,
тілектестік,
жанашырлық
білдіреді
Құрдастарымен
тұрақты ойын
бірлестіктеріне
қатысады,
ересектермен
танымдық
тақырыптарда
əңгімелеседі
Əлеуметтік
əлемде өзара
байланысты
меңгереді,
қатынастық
іскерліктің
жоғары деңгейін
көрсетеді
3
Адамгершілік
нормалары туралы
түсінік
«Жақсы» мен
«жаманды» түсіне
бастайды
Өз қылығын, ертегі
кейіпкерлерінің іс-
əрекетін бағалайды
Өз халқы мен
басқа
халықтардың
этикалық
нормалары мен
құндылығын
игереді,
эмпатиясы мен
төзімділігін
білдіреді
18. Баланың қалыптасқан базалық құзыреттіліктері:
1) дене бітімі дамыған;
2) білуге құмар;
3) белсенді;
4) эмоционалды елгезек;
5) үлкендермен жəне құрдастарымен өзара əрекеттесу тəсілдері мен
қарым-қатынас жасауды меңгерген;
6) өзі, отбасы, қоғам (жақын əлеумет), мемлекет (елі), əлем жəне табиғат
жөнінде алғашқы түсініктері бар;
7) мектепте оқуға қажетті дағдылар мен іскерліктерді игерген мектепке
дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдайды.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
қаулысымен
бекітілген
Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан əрі - стандарт) «Білім
туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 56-
бабына сəйкес əзірленген.
2. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдары білім
беруді:
1) осы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;
2) үлгілік оқу жоспарларына;
3) Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы уəкілетті
органы белгілеген тəртіппен бекітілген басқа да нормативтік құжаттарға
сəйкес жүзеге асырады.
3. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
1) орта білімнің базалық (міндетті) мазмұнының жалпы нормаларын,
құрылымы мен құрамын анықтайды;
2) білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін, білім беру процесін
ұйымдастыру жағдайларын, білімді бақылау мен бағалау жүйесін
регламенттейді;
3) жалпы орта білім беретін ұйымдарда білім алушылардың дайындық
деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді;
4) білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларына: мемлекеттік бюджет
қаражатын тиімді пайдалануға, жалпы орта білім беретін ұйымдардың
материалдық-техникалық базасын жəне білім алушылардың қауіпсіздігі мен
денсаулығын сақтауды нормативтік қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды
белгілейді.
4. Орта білім беру стандартында Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңына сəйкес терминдер, анықтамалар мен қысқартулар
пайдаланылады. Оларға қосымша мынадай терминдер жəне олардың
анықтамалары енгізілді:
1) Білімнің базалық мазмұны - жалпы орта білім беретін ұйымдардың
меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті, орта білім
берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім
мазмұнының құрамы мен көлемі;
2) Үлгілік оқу жоспарының инварианттық компоненті - орта білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына енгізілген жəне жалпы
орта білім беретін ұйымдарда оқытылатын міндетті пəндер жиынтығы.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
14
3) Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті - білім алушылардың
білімге деген қажеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, жалпы орта білім
беретін ұйымдар анықтайтын оқу пəндері мен курстардың жиынтығы.
4) Оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі - үлгілік оқу жоспарының
инварианттық жəне вариативтік (мектеп жəне оқушы) компоненттеріндегі
оқу пəндерінің мазмұнын меңгеру үшін қажетті жəне білім беру деңгейлері
мен оқу жылы бойынша белгіленген оқу уақытының көлемі.
5) Үлгілік оқу жоспары - орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартының құрамдас бөлігі болып табылатын, оқу пəндерінің
тізбесі мен көлемін регламенттейтін, оқу жүктемесінің инварианттық жəне
вариативтік компоненттерін белгілейтін жəне бастауыш, негізгі орта білім
беру деңгейлерінде оқыту тілін, жалпы орта білім беру деңгейінде оқыту тілі
мен бағытын сипаттайтын нормативтік құқықтық акт; білім беру
ұйымдарының қызметін қаржыландыру үшін негізгі құжат болып табылады.
6) Оқу жұмыс жоспары - білім алушылардың білім алу мүдделерін ескере
отырып, үлгілік оқу жоспары негізінде жалпы орта білім беретін ұйымдар
əзірлейтін құжат.
7) Міндетті оқу бағдарламасы - үлгілік оқу жоспарының инварианттық
компонентіне енетін əрбір оқу пəні бойынша білім, шеберлік жəне дағды
мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.
8) Вариативтік оқу бағдарламасы - үлгілік оқу жоспарының вариативтік
компонентіне енетін əрбір оқу курсы бойынша білім, шеберлік жəне дағды
мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.
9) Білім алушының дайындық деңгейі - тұлғалық, жүйелік-əрекеттік жəне
пəндік нəтижелерінен көрінетін білім алушылардың орта білім мазмұнын
меңгеру деңгейі.
10) Білім мазмұнын меңгерудің базалық деңгейі - білім алушылардың
білім, шеберлік жəне дағдының міндетті көлемін меңгеру деңгейі.
11) Білім мазмұнын меңгерудің жетік деңгейі - білім алушылардың білім,
шеберлік жəне дағдының кеңейтілген жəне тереңдетілген көлемін меңгеру
деңгейі.
12) Білім алушының портфолиосы - білім алушының білім алудағы жеке
жетістіктері
мен
оқу,
шығармашылық,
спорттық,
əлеуметтік,
коммуникативтік əрекеттерде қол жеткізген түрлі көрсеткіштерінің жиыны.
13) Қамқоршылар кеңесі - жалпы орта білім беретін ұйымның алқалық
басқару нысаны болып табылатын сайланбалы орган.
5. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты білім
берудің жалпы нормалары мен мазмұнын қамтиды жəне тұлғаның, қоғам мен
мемлекеттің мүдделерін көздейді.
6. Осы стандарт:
1) міндетті жəне вариативтік оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-
əдістемелік кешендерін əзірлеу, сондай-ақ олардың сапасын сараптау үшін;
2) орта білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету
үшін;
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
15
3) жалпы білім беретін ұйымдарда білім беру процесін жүзеге асыру
үшін;
4) педагогтің, жалпы білім беретін ұйымның іс-əрекет нəтижесін
анықтаудың бағалау жүйесін əзірлеу үшін жəне білім алушылардың
дайындық деңгейін айқындау мен оларды қорытынды аттестаттаудың
бақылау-өлшеуіш материалдарын дайындау үшін;
5) педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау жəне біліктіліктерін
арттыру бойынша бағдарламаларды даярлау үшін негіз болып табылады.
2. Білім мазмұнына қойылатын талаптар
7. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу
ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру
бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік
қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық
мəдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
8. Бастауыш білім беру баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік
қасиеттерінің,
оның
қоршаған
ортаға
эмоционалдық-құндылық
қатынасының, оқу процесіне оң мотивациясының қалыптасуын жəне таным
əрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын қамтамасыз етеді.
9. Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл жəне
əдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам жəне қоғам», «Өнер»,
«Технология», «Дене шынықтыру».
10. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың
бойында тұлғааралық жəне этносаралық қатынастың жоғары мəдениетін
қалыптастыруға, жеке тұлға ретінде өзін-өзі билеуіне жəне кəсіптік
бағдарлануына бағытталады.
11. Негізгі орта білім білім алушының базистік ғылым негіздерін
меңгеруін, жоғары рухани-адамгершілік жəне тұлғааралық, этносаралық
қарым-қатынас мəдениетінің қалыптасуын, тұлғаның өмірде өз орнын
табуын
жəне
өзін-өзі
билеуін,
функционалдық
сауаттылығының
қалыптасуын, бейіналды дайындықтың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
12. Негізгі орта білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл жəне
əдебиет», «Математика жəне информатика», «Жаратылыстану», «Адам жəне
қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».
13. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
жаратылыстану-математикалық жəне қоғамдық-гуманитарлық бағыттар
бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру жəне білім беру
мазмұнын кəсіптік бағдарлау негізінде əзірленеді.
14. Жалпы орта білім білім алушының табиғат, қоғам жəне адам туралы
біртұтас,
аяқталған
білім
жүйесін
меңгеруін,
функционалдық
сауаттылығының дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
16
жəне физикалық дамуын, білім мазмұнын саралау, кіріктіру жəне бейіндеу
негізінде болашақ мамандығының бағытын таңдау жағдайын қамтамасыз
етеді.
15. Жалпы орта білім мазмұнын алты білім саласы құрайды: «Тіл жəне
əдебиет», «Математика жəне информатика», «Адам жəне қоғам»,
«Жаратылыстану», «Технология», «Дене шынықтыру».
16. Əрбір білім саласы ұқсас оқу пəндерін қамтиды.
17. «Тіл жəне əдебиет» білім саласына енетін пəндер: «Сауат ашу (оқу,
жазу)», «Əдебиеттік оқу», «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті» (қазақ тілінде
жалпы білім беретін ұйымдар үшін, оқыту тілі қазақ тілінде емес жалпы білім
беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс əдебиеті» (орыс тілінде жалпы
білім беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс əдебиеті» (қазақ тілді жəне
басқа да орыс тілді емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Шетел тілі».
18. Қазақстан аумағында тұратын этностың тілінде оқытатын жалпы
білім беретін ұйымдарда «Тіл жəне əдебиет» білім саласына осы этностың
«Ана тілі мен əдебиеті» қосымша енеді. Нақты этностың шоғырланып
орналасқан жерлерінде олардың тілін оқыту мəселесін шешу білім
саласындағы жергілікті атқару органдары құзырына беріледі. «Ана тілі»
(«Ұйғыр тілі», «Өзбек тілі», «Тəжік тілі») мен «Əдебиет» («Ұйғыр əдебиеті»,
«Өзбек əдебиеті», «Тəжік əдебиеті») пəндері үлгілік оқу жоспарының
инварианттық компонентіне енеді.
19. «Математика жəне информатика» білім саласына енетін пəндер:
«Математика»,
«Алгебра»,
«Алгебра
жəне
анализ
бастамалары»,
«Геометрия», «Информатика».
20. «Жаратылыстану» білім саласына енетін пəндер: «Дүниетану»,
«Жаратылыстану», «География», «Биология», «Физика», «Химия».
21. «Адам жəне қоғам» білім саласына енетін пəндер: «Қазақстан
тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Өзін-өзі тану».
22. «Өнер» білім саласына енетін пəндер: «Музыка», «Бейнелеу өнері».
23. «Технология» білім саласына енетін пəндер: «Еңбекке баулу»,
«Сызу», «Технология».
24. «Дене шынықтыру» білім саласына енетін пəндер: «Дене
шынықтыру», «Алғашқы əскери дайындық».
25. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-
сыныптарда дүниетану оқу курсының аясында: 1-3-сыныптарда жылдық оқу
жүктемесі 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінің
оқытуымен іске асырылады; 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының
аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру
мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда алғашқы əскери
дайындық оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен
алғашқы əскери дайындық пəнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының
оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары
міндетті болып табылады жəне оқыту уақытында жүргізіледі.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
17
26. «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда
мынадай оқу курстарының аясында іске асырылады: ана тілі, музыка,
бейнелеу өнері, технология; 5-8-сыныптарда сабақтан тыс мерзімде, сынып
сағаттары мен факультативтер есебінен іске асырылады.
27. Стандартта ұсынылған орта білімнің базалық мазмұны:
1) Қазақстан Республикасындағы білім беру кеңістігінің біртұтастығын,
орта білім беру деңгейлері жəне білім салалары бойынша орта білім
мазмұнының жүйелілігін, сабақтастығын жəне үздіксіздігін;
2) барлық білім алушылар үшін білімнің тең мүмкіндігі мен тең
қолжетімділігін;
3) жалпы орта білім беретін ұйымдардың типіне, оқыту нысанына жəне
түріне қарамастан, орта білім мазмұнының бірыңғай талаптарын сақтауды
қамтамасыз етеді.
28. Орта білім мазмұнының инварианттық компоненті типтік оқу
жоспарларында, ал вариативтік компоненті оқу жұмыс жоспарларында
жүзеге асырылады.
29. Орта білімнің іргелілігін сақтау жəне орта білімнің базалық
мазмұнына қойылатын мемлекеттік талаптарды орындау мақсатында
инварианттық компонент жалпы сағат көлемінен бастауыш білім деңгейінде
90%-дан, негізгі орта білім деңгейінде 85%-дан, жалпы орта білім деңгейінде
75%-дан төмен болмайтын мөлшерде белгіленеді.
30. Міндетті оқу бағдарламалары орта білімнің базалық мазмұнын іске
асырады жəне орта білім беру деңгейлеріне сəйкес білім алушылардың
дайындығына
қойылатын
талаптарды
анықтайды.
Вариативті
оқу
бағдарламалары
вариативті
компонентке
кіретін
оқу
пəндері
мен
курстарының мазмұнын іске асырады.
31. Жалпы орта білім екі қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-
математика бағыттары бойынша бейінді оқыту негізінде жүзеге асырылады.
Саралап оқыту жəне білім алушылардың танымдық қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында оқытудың осы екі бағыты аясында жекелеген
пəндерді тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан əрі -
ҮОЖ) сəйкес аралас (ұқсас) пəндер бойынша бейіндендіру енгізіледі.
32. Барлық ҮОЖ-да инварианттық компоненттің оқу пəндері өзгермейді,
бұл жалпы білім беретін ұйымдардың барлық типтері мен түрлері үшін орта
білімнің базалық мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз
етеді.
33. Негізгі орта білім мен техникалық жəне кəсіптік білім
мазмұндарының сабақтастығы жекелеген жəне аралас пəндерді, оның ішінде
технологиялық бағыттағы пəндерді тереңдетіп оқыту арқылы бейіналды
оқыту аясында іске асырылады. Жалпы орта білім мен жоғары білім беру
мазмұндарының сабақтастығы жекелеген жəне аралас пəндерді тереңдетіп
оқыту арқылы бейінді оқыту аясында іске асырылады.
34. Білім алушылардың негізгі орта білім деңгейінде бейіналды
оқытудың, жалпы орта білім деңгейінде бейіндік оқытудың бағыттарын
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
18
таңдауы олардың ата-аналары мен қамқоршылар кеңесінің қатысуымен
жүргізіледі.
3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне
қойылатын талаптар
35. 1-сыныптағы оқу жылының ұзақтығы 33 оқу аптасын, 2-11
сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.
36. Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі
сыныптағы жəне сыныптан тыс (факультативті, жеке жəне үйірме сабақтары)
оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта - 24 сағаттан,
2-сыныпта - 25 сағаттан, 3-сыныпта - 29 сағаттан, 4-сыныпта - 29 сағаттан, 5-
сыныпта - 32 сағаттан, 6-сыныпта - 33 сағаттан, 7-сыныпта - 34 сағаттан, 8-
сыныпта - 36 сағаттан, 9-сыныпта - 38 сағаттан, 10-сыныпта - 39 сағаттан, 11-
сыныпта - 39 сағаттан аспауы тиіс.
37. Оқу жылында 1-11 сыныптардағы каникул күндері кемінде 30 күнді
құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста жəне
көктемде. 1-сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 1 апта қосымша
демалыс беріледі. Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасы білім
саласының уəкілетті органы белгілейді.
38. Үлгілік жəне оқу жұмыс жоспарларында пəнді меңгеруге бөлінетін
оқу уақыты тиісті міндетті жəне вариативтік оқу бағдарламаларының
құрылымы мен мазмұнын əзірлеу кезінде ескеріледі.
39. Инварианттық жəне вариативтік компоненттерді құрайтын пəндер
бойынша білім алушылардың оқу жүктемелерінің жалпы көлемі ҮОЖ-да
белгіленеді.
40. Білім алушылардың пəндер бойынша міндетті оқу жүктемесінің
көлемі оқытудың бағыты ескеріліп, ҮОЖ-да белгіленеді.
41. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі олардың
қажеттіліктері ескеріліп, жалпы білім беретін ұйымдардың оқу жұмыс
жоспарында белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |