3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне
қойылатын талаптар
13. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең көп көлемі аудиториялық
жəне аудиториядан тыс оқу жұмысының барлық түрлерімен қоса, аптасына
54 сағаттан аспауы тиіс.
14. Күндізгі оқу нысаны кезінде техникалық жəне кəсіптік білім беру
бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күрделігіне, күтілетін
белгіленген біліктілік деңгейіне жəне білім алушылардың базалық білім
деңгейіне қарай:
1) негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алмай 1 жыл 10 ай оқу
мерзімін;
2) жалпы орта білім базасында жалпы орта білім алумен 1 жыл 10 ай, 2
жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай, 3 жыл 10 ай оқу мерзімін;
3) негізгі орта білім базасында - 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6
ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзімін;
4) техникалық жəне кəсіптік білім базасында - 10 ай, 1 жыл 10 ай оқу
мерзімін;
5) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында - 10 ай, 1 жыл 6 ай
оқу мерзімін құрайды.
15. Теориялық оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы
көлемі аптасына кемінде 36 сағат болатын міндетті оқу жүктемесі есебінен
айқындалады (бұл ретте көрсетілген көлемге факультативтік пəндер
бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді).
Оқу жылы 1 қыркүйектен басталып, 1 шілдеге дейін аяқталады. Каникул
уақыты жылына 11 аптаны құрайды, оның ішінде кысқы мерзімде - кемінде 2
апта.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
27
1) Факультативтік пəндер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес
көлемде көзделеді.
2) Оқытудың күндізгі бөлімінде білім алушылар үшін консультациялар
əрбір оқу жылындағы оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді.
Консультациялар емтихандар мен курстық жəне дипломдық жұмыстарды
орындау түрінде аралық жəне қорытынды аттестаттаулар көзделген пəндер
бойынша, сондай-ақ кəсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілік беруді
ұйымдастыру жəне өткізу рəсімдеріне арналып жоспарланады.
3) Оқу процесінің жоспарында білім алушылардың білім беру
бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылаудың мынадай түрлері:
аралық аттестаттау;
білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау;
кəсіптік даярлығын бағалау жəне біліктілікті беру көрсетіледі.
Жалпы гуманитарлық, əлеуметтік-экономикалық, жалпы кəсіптік жəне
арнайы пəндер бойынша емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім
алушы меңгеруі тиіс білім, шеберлік жəне құзырет деңгейіне қойылатын
талаптарға байланысты айқындалады.
Бақылау жұмыстары пəнді зерделеуге бөлінген оқу уақыты есебінен
жүргізіледі.
Семестрдегі курстық жобалардың саны біреуден аспауы тиіс.
Бір оқу жылы бойындағы емтихандық сессияның жалпы ұзақтығы 4
аптадан аспауы тиіс. Емтихандық сессияның бір аптада тапсырылатын
емтихандардың саны екеуден аспауы тиіс.
Барлық пəндер бойынша аралық аттестаттау көзделеді, оның негізгі
нысандары: бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу, емтихан болып табылады.
Бақылау жұмыстары мен сынақтар осы пəнді оқытуға бөлінген оқу
уақытының есебінен жүргізіледі; емтихандар - аралық аттестаттауға бөлінген
мерзімдерде өткізіледі.
Жалпы білім беретін пəндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, əдебиет,
Қазақстан тарихы, математика жəне (техникалық жəне кəсіптік білім беру
ұйымдарының таңдауы бойынша физика, химия) бойынша емтихан өткізуді
көздейді.
Білім алушының даярлық деңгейін бағалау үшін кəсіптік білім беру
бағдарламасын меңгергеннен кейін қорытынды аттестаттау өткізіледі.
Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды
қорытынды аттестаттау:
білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттауды;
кəсіптік даярлық деңгейін бағалауды жəне біліктілікті беруді қамтиды.
Білім беру ұйымдарында білім алушыларды аттестаттау оқытудың толық
курсының қорытындысы бойынша білім алушылардың білім беру
бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында өткізіледі.
Білім беру бағдарламаларын оқытуды аяқтау қорытындысы бойынша
білім беру ұйымдарында өткізілетін аттестаттаудың ықтимал нысандары:
арнайы пəндер бойынша емтихан тапсыру немесе дипломдық жоба орындау
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
28
жəне қорғау немесе арнайы пəндердің бірі бойынша қорытынды аттестаттау
емтиханын тапсыра отырып дипломдық жұмысын орындау, қорғау.
Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың қорытынды аттестаттау
нысаны мен оны өткізуге бөлінген оқу уақытының көлемі 2 аптадан артық
айқындалмайды.
Кəсіптік даярлығының деңгейін бағалау жəне мамандығы бойынша
біліктілікті беру (бұдан əрі - КДДБББ) екі кезеңнен:
арнайы пəндер бойынша теориялық тестілеуден;
біліктілік деңгейлері бойынша практикалық тапсырмаларды орындаудан
тұрады.
Даярлық деңгейін бағалау жəне біліктілікті беруді ұйымдастыру мен
өткізуге арналған оқу уақытының көлемі бір білім алушыға кемінде 12 сағат
айқындалады.
КДДБББ қорытындысы бойынша біліктілік комиссияның шешімі
негізінде біліктіліктің тиісті деңгейлері жəне белгіленген нысандағы
сертификат беріледі.
Практикалық емтихандар əрбір мамандық бойынша қажетті құралдармен
жабдықталған өндірістік алаңдарда, зертханаларда, шеберханаларда немесе
оқу орталықтарында өткізіледі.
4) Оқытуды аяқтауға (дипломдық жобалау жəне қорытынды аттестаттау)
бөлінген уақыт 8 аптадан аспауы тиіс. Дипломалды (біліктілік) практиканың
ұзақтығы мамандықтың күрделілігі мен маманның біліктілік деңгейіне
байланысты 6 аптаға дейін жоспарланады.
16. Оқу пəндерін зерделеудің бірізділігін белгілеу, олардың əрқайсысы
бойынша оқу уақытын курстарға жəне семестрлерге бөлу пəнаралық
байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.
Арнайы пəндердің тізбесін анықтау жəне оларды зерделеуді жоспарлау
кезінде көрсетілген пəндерді зерделеу бəсекеге қабілетті мамандарды
даярлау жəне келешектегі кəсіптік қызметтерінің негізгі түрлері бойынша
немесе
нақты
сала
ерекшеліктеріне
сəйкес
болуы
интеграциялау
мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталғандығын басшылыққа алу қажет.
«Дене тəрбиесі» бойынша сабақтар міндетті болып табылады жəне
аптасына 4 сағаттан артық емес (мамандыққа байланысты) жоспарланады,
олардың екі сағаты екінші курстан бастап спорт секцияларында сабақ
өткізуге бөлінуі мүмкін. «Дене тəрбиесі» курсы аяқталғаннан кейін қосымша
бюджеттік уақыт бөлінбестен емтихан тапсырылады.
Алғашқы əскери даярлық пəніне 140 сағат бөлінеді, оның ішінде 30 сағат
оқытуды аяқтау кезеңіндегі оқу-дала (лагерьлік) жиындарын өткізу кезеңіне
беріледі. Қыздармен өткізілетін алғашқы əскери даярлық бойынша сабақтар
жекелеген сабақтарды (тактикалық, от жəне шептік даярлық) қоспағанда, ұл
балалармен бірге жүргізіледі. Сабақтарды бөлек өткізу кезінде қыздармен
сабақ өткізу медициналық білім негіздері бойынша тақырыптарға сəйкес
жүргізіледі. Ұл балалармен өткізілетін 3-күндік оқу-дала (лагерьлік)
жиындары кезінде қыздар медициналық мекемелерде практикадан өтеді.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
29
Практикадан өту орнын білім беру органдарының жəне төтенше жағдайлар
басқармаларының келісімі бойынша қалалық жəне облыстық денсаулық
сақтау органдары анықтайды.
17. Кешкі жəне сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу
сабақтарының оқу уақыттарының көлемі тиісінше 70%-ды жəне күндізгі
оқыту нысаны үшін қарастырылған оқу сағатының тиісті көлемінің 30%-ын
құрайды.
4. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
18. Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында білім
алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар:
1) білім алушылар тиісті білім беру бағдарламаларын оқуды аяқтағаннан
кейін жəне аралық, қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін нақты
мамандық бойынша біліктіліктің белгіленген жəне/немесе жоғары деңгейін
(разряд, санат) беруі;
2) білім алушылар оқытудың толық курсын аяқтағаннан кейін жəне
қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін орта буын маманы біліктілігінің
деңгейін беруі;
3) білім алушылар жоғары техникалық мектепте оқытудың толық курсын
аяқтағаннан кейін жəне қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін кіші
инженер біліктілігінің деңгейін беру мүмкіндігін көздейді.
19. Базалық құзыретке қойылатын талаптар қазіргі қоғамда кəсіптік
ұтқырлықты, бəсекеге қабілеттілікті жəне əлеуметтік қорғалуын қамтамасыз
ететін əмбебап білім, шеберлік пен дағды, қасиеттер мен қабілеттер ретінде
мазмұндалады.
20. Кəсіптік құзыретке қойылатын талаптар маманның кəсіптік қызметін
жеке орындауға, өз еңбегінің нəтижелерін бағалауға, қызметтің негізгі
міндеттерін шешуге, сондай-ақ білім, шеберлік, дағдының белгілі бір көлемін
меңгеруге деген даярлығы ретінде мазмұндалады.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
30
Техникалық жəне кəсіптік білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
1-қосымша
Техникалық жəне кəсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі (жоғары біліктілік деңгейі үшін)
(орта буын мамандарының деңгейі үшін)
Академиялық сағат есебімен
Р/с
№
Циклдердің, пəндер мен
оқыту жұмыстарының
атауы
Оқыту
курсы
Оқыту мерзімі
Негізгі орта
білім
базасында
жалпы орта
білімсіз
Негізгі орта білім базасында
Жалпы орта білім базасында
Орта білімнен
кейінгі білім,
жоғары білім
базасында
Техникалық
жəне кəсіптік
білім
базасында*
1ж. 10 ай
1ж.
10 ай
2ж. 6
ай
2ж.
10 ай
3ж. 6
ай
3ж.
10 ай
10 ай
1ж. 6
ай
1ж.
10 ай
2ж. 6
ай
2ж.
10 ай
1ж.
10 ай
1ж. 6
ай
10 ай
1ж. 10
ай
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
1
Жалпы білім беру пəндері
1-2
524
1448
1448
1448
1448
1448
-
-
-
-
-
-
-
-
-
2
Жалпы гуманитарлық
пəндер
2-3
-
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
Кəсіптік қазақ (орыс) тілі
2-3
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
Кəсіптік шет тілі
2-3
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
………………………
3
Əлеуметтік-экономикалық
пəндер (философия,
экономика, құқық негіздері
жəне мəдениеттану)
2-3
-
-
180
180
180
180
-
180
180
180
180
-
180
180
180
4
Жалпы кəсіптік пəндер
2-4
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
………………………
5
Арнайы пəндер
2-4
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
………………………
6
Білім беру ұйымы
анықтаған пəндер
1-4
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
7
Өндірістік оқыту жəне
1-4
Міндетті оқытудың жалпы оқу уақытының көлемі 40%-дан кем болмауы керек**
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
31
кəсіптік практика
8
Аралық аттестаттау
1-4
Бір семестрде 4 емтиханнан артық болмауы керек
9
Қорытынды аттестаттау
9.1
Білім беру ұйымында
оқытудың толық курсының
қорытындысы бойынша
білім алушыларды
қорытынды аттестаттау
4
2 аптадан артық болмауы керек
9.2
Кəсіптік даярлық деңгейін
бағалау жəне біліктілікті
беру
4
12 сағаттан кем болмауы керек
10
Міндетті оқытуға барлығы
-
2880
2880
3744
4320
5184
5760
1440
2304
2880
3744
4320
1440
2304
1440
2880
11
Консультация
Оқу жылына 100 сағаттан артық болмауы керек
12
Факультативтік сабақтар
Теориялық оқыту кезінде аптасына 4 сағаттан артық болмауы керек
Барлығы
3312
3312
4320
4960
5800
6588
1656
2680
3312
4320
4960
1656
2680
1656
3312
Ескертпе
* оқу мерзімі білім деңгейіне жəне оқу бейініне байланысты белгіленеді
** оның ішінде жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндер бойынша зертханалық-тəжірибелік сабақтар, курстық жəне дипломдық жобалар
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
қаулысымен
бекітілген
Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты (бұдан əрі - стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сəйкес əзірленді, орта білімнен кейінгі
білім беруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, орта білімнен кейінгі білім берудің кəсіптік білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мен кəсіптік білім беру
бағдарламаларын əзірлеушілер қолданады.
2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) базалық құзырет - өзін-өзі жəне жеке қызметін басқару қабілеттілігі,
өзін-өзі жігерлендіру жəне өзіндік ұйымдастыруға бейімділігі;
2) біліктілік - алынған кəсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір
түрін құзыретті орындау дайындығының деңгейі;
3) құзырет - білім, шеберлік, дағды, кəсіптік тəжірибенің бірлігі негізінде
маманның əрекет ету жəне белгілі бір кəсіптік міндеттер жиынтығын шешу
қабілеттілігі;
4) оқу жоспарының моделі - техникалық жəне кəсіптік білім беру
мазмұнының
негізгі
инварианттық
құрылымдық
компоненттерін
сипаттайтын оқу жоспарын ұсынудың нысаны;
5) модуль - білім беру бағдарламасының тəуелсіз, өзіндік жеткілікті жəне
толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;
6) модульдік оқыту - нақты кəсіптік құзыреттерді қалыптастыруға
бағытталған жекелеген өзара байланысты блоктар түріндегі материалдарды
оқытуды құрылымдап болжайтын оқыту жүйесі;
7) оқытудың нормативтік мерзімі - нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі,
сырттай) бойынша кəсіптік оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі;
8) кəсіптер мен мамандықтардың тізбесі - оқытудың неғұрлым
жалпыланған параметрлерін (мамандықтың бейіні, кəсіптік біліктілік деңгейі,
базалық білім беруге байланысты оқыту мерзімі) айқындайтын кəсіптер мен
мамандықтардың жүйеленген тізілімі;
9) кəсіптік оқу бағдарламасы - нақты кəсіп немесе мамандық бойынша
меңгерілуі тиіс білімнің, шеберлік пен дағдының мазмұны мен көлемін
айқындайтын құжат;
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
33
10) кəсіптік құзыреттілік - білім, шеберлік пен дағды, сондай-ақ кəсіптік
қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде
маманның кəсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
11) кəсіптік практика - кəсіптік білім берудің оқу процесінің
ажырамайтын бөлігі жəне білікті техникалық жəне қызмет көрсету еңбегі
жұмыскерлерін еңбек қызметіне кəсіптік даярлаудың тиімді нысаны;
12) оқу жұмыс жоспары - білім беру ұйымдарының басшылары бекітетін
оқу пəндерінің тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын жəне
оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен
шеберлігін бақылауды реттейтін жəне кəсіптік даярлығын бағалауды
регламенттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде орта білімнен кейінгі
білім беру ұйымдары əзірлейтін құжат;
13) оқу жұмыс бағдарламасы - білім беру ұйымдарының басшылары
бекітетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарының нақты
пəні үшін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары əзірлейтін құжат;
14) үлгілік оқу жоспары - орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында
кəсіптер мен мамандықтарға, оқыту мерзімдеріне қатысты оқу пəндерінің
тізбесі мен көлемін айқындайтын оқу жоспарының моделі негізінде
əзірленетін құжат;
15) үлгілік оқу бағдарламасы - үлгілік оқу жоспарының нақты бір пəн
бойынша меңгерілуге тиіс білім, шеберлік пен дағдының мазмұны мен
көлемін айқындайтын құжат;
16) цикл - білім берудің бір бағытындағы оқу пəндерінің жиынтығы.
3. Орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау осы стандартқа,
сондай-ақ мыналарға:
1) оқу-бағдарламалық құжаттарға -оқу жоспарының моделіне, үлгілік
жəне оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына жеке оқу жоспарларына;
2) кəсіптік оқу бағдарламаларына;
3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уəкілетті органы
бекіткен нормативтік құжаттарға сəйкес жүзеге асырылады.
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
4. Орта білімнен кейінгі білім берудің кəсіптік оқу бағдарламаларының
мазмұны мыналарды:
1) кəсіптік пəндерімен қатар жоғары білім берудің 1-2 курстарынын
кəсіптік оқу бағдарламаларымен интеграцияланған əлеуметтік-гуманитарлық
жəне жаратылыстану пəндерін оқуды;
2) оқыту аяқталғаннан кейін қызмет көрсету жəне басқару еңбегінің кіші
маман біліктілігін беруді көздейді.
5. Техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларын əзірлеу мен іске
асыруда:
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
34
1) кəсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінген оқу уақытының
жиынтық көлемін сақтаған кезде циклдар жəне пəндер үшін оқу уақытының
көлемін 25% дейін өзгертуге;
2) оқытудың əртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен
бақылаудың нысандарын, əдістерін пайдалануға құқылы.
6. Орта білімнен кейінгі кəсіптік оқу бағдарламалары міндетті пəндермен
қатар білім беру ұйымдары анықтайтын пəндерді, факультативтік сабақтар
мен консультацияларды қамтиды.
Консультациялар мен факультативтік сабақтар білім алушылардың жеке
қабілеттері мен сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған.
7. Орта білімнен кейінгі кəсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру
базалық жоғары, техникалық жəне кəсіптік білімі бар, оқытылатын пəн
бейініне сəйкес жəне жүйелі түрде педагогикалық жəне əдістемелік
қызметпен айналысатын инженерлік-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз
етіледі.
8. Өндірістік оқыту мен кəсіптік практиканы ұйымдастыру:
1) кəсіптік дағдыларды игеру мен бекіту бойынша оқу-өндірістік
жұмыстар;
2) кəсіптік практика (технологиялық, дипломалды).
Практиканың əрбір түрінің ұзақтығы маманның біліктілігіне байланысты
маманның
біліктілік
сипаттамасына
қойылатын
талаптарға
сəйкес
анықталады.
Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары
мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен жүзеге
асырылады.
Кəсіптік
практиканың
мерзімдері
мен
мазмұны
оқу
жұмыс
бағдарламаларымен жəне оқу жұмыс жоспарларымен айқындалады.
Практикадан өту кезінде білім алушыларға разряд, санат беріле отырып,
жұмысшы біліктілігінің бір немесе бірнеше жақын мамандықтарды меңгеру
көзделеді.
Кəсіптік даярлық (жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндер бойынша
зертханалық-практикалық сабақтар, курстық жəне дипломдық жобалау,
өндірістік оқыту, кəсіптік практика). Кəсіптік практика міндетті оқытудың
жалпы оқу уақыты көлемінің кемінде 40%-ын құрауы тиіс.
Кəсіптік практика тиісті ұйымдарда, шарт негізінде жұмыс берушілер
ұсынатын дербес жұмыс орындарында өткізіледі жəне оқыту процесінде
алынған білімді бекітуге, практикалық дағдылар мен кəсіптік құзыреттерді
меңгеруге бағытталған.
9. Орта білімнен кейінгі кəсіптік оқу бағдарламаларын іске асыруда оқу
əдебиеттері мен оқу-əдістемелік құралдардың кітапханалық қорының, оның
ішінде: электрондық оқу құралдары, аудио жəне бейне материалдар,
əдістемелік көрнекі құралдар жəне пəндер, кəсіптік практикалар, жазбаша-
біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар бойынша ұсынымдардың
болуымен қамтамасыз етіледі.
Білім
берудің
тиісті
деңгейлерінің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
білім
беру
стандарттары
.
Государственные
общеобязательные
стандарты
образования
соответствующих
уровней
образования
.
27/08/2015
35
10.
Оқыту
процесін
материалдық-техникалық,
оқу-əдістемелік
қамтамасыз ету білім беру саласындағы уəкілетті органмен белгіленген
нормативтік талаптарға сəйкес болуы тиіс.
11. Оқыту процесін жоспарлау кезінде орта білінен кейінгі білім берудің
əзірлеушілері осы стандартқа 1-қосымшаға сəйкес орта білімнен кейінгі
білім берудің оқу жоспарының моделін басшылыққа алады.
Достарыңызбен бөлісу: |