Кен – жердің қойнауынан қазып алынатын пайдалы зат.
Кенші - кенде істеуші
Мәрмәр – әк тастың түріне жататын қатты тас
Қорғасын – көкшіл-сұр түсті, жұмсақ, өте ауыр металл
Мұнай - май тәрізді минералды сұйық зат
Құбыр – жер астымен ылғалды я газды бір орыннан екінші орынға жеткізетін түтік.
1-тапсырма.Тыңдалым мәтінін мұқият тыңда, сұрақтарға жауап бер. Сұрақтар:
1.Сен қандай мемлекетте тұрасың?
2.Сенің елің қандай мемлекеттермен шектеседі?
3.Сен тұратын жерде қандай қазба байлықтары бар?
Дескриптор:
-мәтінді мұқият тыңдайды.
-сұрақтарға жауап береді.
2-тапсырма. Мәтіннен сын-қимыл үстеулерді тауып, сұрақ қой. Қазақстан – ежелгі ел.Қазақстан Еуразия құрлығының тура ортасында орналасқан. Қазақстанның шегарасын тез аралап шығу мүмкін емес. Батысы мен солтүстігі Ресеймен шектеседі.Оңтүстік Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғыстанмен шектеседі. Шығыс Қытаймен шектеседі. Осылайша, біздің еліміз бес мемлекетпен шектеседі.
Дескриптор:
-мәтін ішінен үстеуді табады;
-сұрақ қояды.
3-тапсырма Ұлан-байтақ еліміздің аумағын «Төрт сөйлем» әдісі бойынша талдау жасаңдар
Пікір. Тақырып бойынша өз пікірінді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел.Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал.Пікірінді өмірмен байланыстырып,мысал келтір.
Қорытынды.Тақырып бойынша қорытынды жаз.
Дескриптор - тақырып бойынша өз ойын дәлелдейді;
Бағалау
Бүгінгі тақырып не жайлы?
Сын-қимыл үстеуі дегеніміз не?
Сабақтан қандай ой түйдіңдер?
Кері байланыс: «БББ» кестесі