Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «3» сентября


-тарау. Сапаны қамтамасыз ету және бағалау жүйесі



бет38/47
Дата11.10.2024
өлшемі239,37 Kb.
#147712
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47

7-тарау. Сапаны қамтамасыз ету және бағалау жүйесі


53. Бағалау тәсілдемелері пәндер мазмұнына және қолданылатын технологияларға байланысты бағаланады.


54. ҚБТ немесе аралас оқыту кезінде ЖЖОКБҰ-да бағалау жүйесін дайындау мақсатында академиялық саясатқа өзгерістер енгізу және бағалаудың алуан түрлері мен нысандарын қарастыру талап етіледі.
55. Қашықтықтан оқыту кезінде шолу талқылаулары, негізгі мәселелер бойынша пікірталастар өткізілетін, тренингтік сабақтар, мастер-кластар және т.б. ұйымдастырылатын дәрістік, семинар және зертхана сабақтарын өткізу әдістемесі өзгереді.
56. Бағалау әдістері бағалау талаптарын қанағаттандыруға бағытталған білім алушылардың «үлгерімділігін» емес, белсенді қатысуды және шынайы ынтымақтастықты ынталандыруы тиіс.
57. Бағалаудың тағы бір түрі – білім алушының өзін-өзі бағалауы, әрбір білім алушы өзінің жетістіктерін немесе үлгерімділігін бағалайтын процесті сипаттайды. Бұл «Менің қолымнан келеді» тұжырымдамаларының, білім алушылармен келісімшарттарының, ойларының, портфолиоға шолуы мен өзіне жазбаларының түрін қабылдайды. Зерттеулер білім алушылармен бірге өзін-өзі бағалауды қолдану білім алушыларда өзіндік қажеттілік пен ынталандырудың ішкі деңгейлеріне оң әсер ететінін көрсетті.
58. Қорытынды бақылауда (емтиханда) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №179 бұйрығымен бекітілген COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарында сипатталған тәсілдемелерді қолдану ұсынылады.
59. Білім беру процесінің тиімділігін бақылау және талдау үшін білім алушылар мен оқытушының цифрлық ізін талдау сияқты құралын қолдану ұсынылады.
60. ЖЖОКБҰ өзінің ресми сайттарында білім беру процесінің барлық қатысушыларының бекітілген жұмыс регламентімен және күнтізбелік жоспарлауын, сондай-ақ жастарды тәрбиелеудің тақырыптық бағыттары бойынша түрлі белсенді интернет-сілтемелерді орналастырып тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша веб-парақшалар жасайды. ЖОО-ның жастар ұйымдары ЖОО сайтында ұйымның қызметі туралы толық ақпаратты (ұйым бағдарламасы, байланыс ақпараты және т.б.) орналастыруы тиіс.
ЖЖОКБҰ тәрбие процесін анықтайтын жергілікті нормативтік актілерге («Тәлімгерлік жұмыс туралы ереже», «ЖІК туралы ереже», «Студенттік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру») 2020-2021 оқу жылына қашықтықтағы жұмыс жағдайларын ескере отырып өзгертулер енгізеді.
61. Білім беру процесінің қатысушылары арасындағы кері байланыс телефонмен кеңес беру, мессенджерлер, дауыс хабарламалары, әлеуметтік желілер, мобильді қосымшалар, Cаll-орталығының жұмыстары және т.б арқылы қамтамасыз етіледі. ЖЖОКБҰ білім алушылардың, топ тәлімгерлерінің әкімшілікпен кездесу, мүдделер бойынша жетекшілік сағаттарды, ЖІК отырыстарын, студенттік клубтардың отырыстарын өткізу регламентін платформалар арқылы әзірлейді және жариялайды.
62. ЖЖОКБҰ бірінші жыл оқитын білім алушыларрмен жұмыстарды ұйымдастыру кезінде осы әдістемелік ұсынымдардың 41-тармағының 12) және 13) тармақшасында сипатталған ұсынымдарды қарастырады және білім алушылар – бірінші курс студенттері арасында ҚБТ жағдайында білім беру процесін ұйымдастыру бойынша сауалнама не сұрақ алуды тұрақты негізде өткізеді.
63. ЖЖОКБҰ-ның тәрбие жұмыстары бойынша жоспарларға конкурстар, олимпиадалар, тренингтер мен өзге іс-шаралар өткізу кіреді.
Кездесулер, семинарлар, вебинарлар тақырыбына «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын, ҚР 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларды және басқа да бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде Қазақстан жастарын тәрбиелеудің негізгі бағыттарын енгізу ұсынылады.
64. Қашықтықтан оқыту кезеңінде тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыттары: азаматтық-патриоттық тәрбиелеу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және академиялық адалдық қағидаларын сақтау; экологиялық тәрбиелеу; рехани-адамгершілік тәрбиелеу; салауатты өмір салтын насихаттау; терроризмге қарсы ағарту; құқықтық тәрбиелеу және діни экстремизмнен сақтандыру; студенттік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру; еріктілер қозғалысын дамыту және т.б. келесі түрлерді қолданып ұйымдастырылуы тиіс:
- онлайн-зияткерлік-құқықтық ойындар;
- онлайн-кездесулер, онлайн-вебинарлар;
- алуан түрлі дәстүрлі шығармашылық конкурстар;
- онлайн-акциялар, қашықтықтағы олимпиадалар;
- онлайн-фотокөрмелер;
- жұмысқа орналастыруға арналған онлайн-жәрмеңкелер;
- алуан түрлі әлеуметтік роликтердің онлайн-трансляциясы;
- еріктілердің қашықтықтағы мектептері және басқалары.
65. ЖЖОКБҰ тәрбие жұмысы бойынша бөлімдерді үйлестіру кезінде білім алушылар мен ПОҚ психологиялық қолдау қызметтерін құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет